Бас сүйексіздердің тектері . Осы кезде тіршілік ететін
бас сүйексіздердің тегі туралы, палеонтологияда ешбір
мағлұматтар жоқ. Сондықтан да, бұл жануарлар тобының тегі
туралы, салыстырмалы анатомия мен эмбриологияның
мағлұматтарына ғана қарап қорытынды жасауға тура келеді.
Академик А. Н. Северцевтіқ айтуынша, бас сүйексіздердің
тегі еркін жүзе алатын екі жақты симметриялы жануарлар
болған. Олардың атриальдық қуысы болмаған, хордасы бас
бөліміне жетіңкіремеген. Желбезек саңылаулары аз болған
(17-20) ж
ән
е оларда симметриялы түрде орналасқан. Сол
алғашқы бас сүйексіздерден екі бұтақ тараған. Біреуі-еркін
жүзіп жүріп тіршілік ететін омыртқалылардың шығуына
себепші болған топ та, екінші — жай қозғалуға, су түбінде
топырақты қазып тіршілік етуге бейімделгендері [57]. Бұдан
осы заманда тіршілік ететін бас сүйексіздердің ата тектері
шыққан болуы мүмкін. Төменгі сатыдағы хордалылармен
салыстырғанда омыртқалылардың құрылысы анағұрлым
күрделі болады.
Омыртқалыларға мына төмендегі кластар жатады:
130
дөңгелек ауыздылар (сусlоstоmаtа), балықтар (ріsсеs), қос
мекенділер (аmрһіbіа), бауырымен жорғалаушылар (герtіliа),
құстар (аvеs), сүтқоректілер (mаmmаlіа).