Ланцетниктің көбеюі ж ә не дамуы. Ланцетниктердің
көбеюі
жән
е дамуын бірінші рет А. О. Ковалевский зерттеген.
Бұл зерттеудің үлкен маңызы бар. Өйткені, өте қарапайым
хордалылардың дамуын зерттеудің н
әт
ижесінде қазіргі
тіршілік ететін хордалылар тегінің ертеде калай дамығаны
туралы керекті м
әл
іметтер алуға болады. Сонымен қатар
ланцетниктің эмбриональдық дамуы баска хордалылардың
эмбриональдық дамуының қарапайым, схемалық көрінісі
болып саналады.Уылдырықтарын шашуы ж
ә
не олардың
ұрықтануы
әд
етте кешкі уақытта болады. Ұрықтанған
жұмыртқалары өте қысқа мерзімде дамиды. Кеште
ұрықтанған жұмыртқа, түн ортасында гаструлалық даму
кезеңіне жетіп үлгіреді.
Жұмыртқаның бөліне бастаған мезгілшен 36 сағаттан
соң, ұрықтың аузы
жән
е алғашқы желбезек саңылауы
қалыптасады.