Тырнақша ішіндегі сөзге, сөйлемге қатысты леп белгісі
мен сұрау белгісін тырнақшаның сыртына қою жиі кездеседі.
Жұп болып келетін тыныс белгілері бір сөзде немесе бір
сөйлемде қолданылғанда, сол сөздің я сөйлемнің екі жерінен
қойылады. Мұндай тыныс белгілеріне жататындар - жақша
мен тырнақша. Жақша мен тырнақша сыңар қолданылмайды.
Тырнақшаға алынған сөзді я сөйлемді басқа біреуге оқып
бергенде, тырнақшаны қоса (тырнақша ішінде деп) оқып
айту керек. Басқа тыныс белгілерінде мұндай ерекшелік жоқ.
Басқа тыныс белгілерінде мұндай ерекшелік болса, ол жеке
автордың арнаулы ерекшелігі деп қана қарауымыз керек.
Мысалы: «
Ендігі етікшіміз – осы мақала сипаттап отырған
Айшайымдар. (Жақшаның ішінде айта кету керек, бұрынғы
ауылда әйелден етікші шықты дегенді ешкім де естіген
емес)
», деп жазу кездеседі.
Оқыған сөздің я сөйлемнің мағыналық жағынан дұрыс
ұғынылуын реттеуші пауза мен интонация үнемі белгіленіп,
жазылып отырмайды, кейде ол пьесаларда жақша ішінде
жазылып та жүр: Б о з ш а .
Достарыңызбен бөлісу: