Жапбаров Амангелді Оқушылардың тыныс белгілерді дұрыс қою икемділігі мен дағдыларын



Pdf көрінісі
бет2/104
Дата01.12.2023
өлшемі0,8 Mb.
#194431
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   104
Байланысты:
72ce58acd772d50d47062b92a3cba92a
Қыз-Жібек
Бірінші бөлім
Қазақ пунктуациясы және сауатты жазу дағдыларын
қалыптастырудың ғылыми-теориялық негіздері
1.1.
Пунктуацияның мектепте оқытылу жүйесі,
мақсаты мен мазмұны 
Жазбаша сөйлеу біріншіден, әріптің, сөздің графикалық
таңбасы арқылы іске асады; екіншіден, бұл графикалық
таңбалар белгілі бір фонемалық, мағыналық қасиетке ие
болады; үшіншіден, жазылым құбылысында сөйлесім
әрекетінің барлық түрі қатысады; төртіншіден, жазу үстінде
тіл үйренуші адам сөйлемнің мазмұн-мағынасына ғана емес,
қалыбына (формасына) да көңіл аударуға мәжбүр болады;
бесіншіден, жазылым қағаз бетіне түскен материалдың
түсінікті, жүйелі болуына тікелей байланысты жүзеге асады. 
Жазу графикалық таңбалардың мағыналық жүйесі мен
тізбегі арқылы адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасын
қамтамасыз етеді. Жазу арқылы адам айтайын деген ойын
қағазға түсіріп, екінші бір адамға, жалпы адамзатқа
жеткізуді мақсат тұтады, яғни адам ойын басқаға жеткізу
үшін жазуды үйренеді. 
Әдіскерлердің қалыптасқан пікірі бойынша, жазбаша
сөйлеу үш бөліктен құралуы тиіс. Олар:
-
себеп-салдарлық;
-
аналитико-синтетикалық;
-
орындалымдық. 
Яғни жазу әрекеті, біріншіден, белгілі бір ақпаратты
екінші адамға жеткізудің нәтижесі ретінде санада пайда
болып, алдымен оның себебі анықталады. 
Екіншіден, аналитико-синтетикалық кезеңде сөйлем
құрылымы жасалады, сөздер бір-бірімен тіркеске түседі,
сөздің қызметі мен орны белгіленеді, санада сөйлеу
әрекетінің болжамдық жоспары жасалады. 
Үшіншіден, графикалық таңбалар арқылы жазбаша мәтін
(текст) пайда болып, жазу орындалады. Сондықтан тілдік
қатысымға байланысты жазылым бірнеше құрылымдық
кезеңнен тұрады да, көп салалы болды:
1) қажеттіліктен пайда болатын себеп;
2) себептің ойда, санада бейнеленуі;
8


3) ойдың сөз арқылы тізбектелуі;
4) сөздің графикалық әріптермен таңбалануы;
5) жазудың екінші адамға түсінікті болып, берілген
хабарды жаткізудің орындалуы. 
Себептік кезеңде адам жазумен шұғылдану үшін белгілі
бір себеп-салдар пайда болып, соның әсерінен ойын қағазға
түсіруді ойлап, оны іске асырғысы келеді. Адам өмірде
кездесетін әр түрлі деректі, ақпаратты басқа біреуге жеткізу
қажеттілігінен жазғысы келеді; бірдеңені айтуды, жазуды
қалайды, сол арқылы адамдар арасындағы қарым-
қатынастың алғышарттары жасалады. 
Екінші кезеңде жаңағы өмірден туған қажеттілік, яғни
белгілі бір хабар миға ауысады, адамның санасында
бейнеленеді, ой туғызады. 
Үшінші кезеңде адам санасындағы қалыптасқан ой
сөзге, сөйлемге айналады. Сол ойды дұрыс жеткізу үшін тіл
үйренуші тиімді сөздерді іздейді, айтқысы келетін хабардың
ең басты мәнін дәл, нақты жеткізу негізінде, сөздердің
мағынасын ойластырады. 
Төртінші кезеңде ойда жинақталған сөздер графикалық
таңбалар арқылы тізбектеліп, белгілі бір ереже
заңдылығымен қағазға түсіп, жазуға айналады. Ол жазудың
үлгісімен ғана емес, білдіретін мазмұндық сипатымен де
ерекшеленеді. 
Бесінші кезеңде қағазға түскен сөйлемдер тұтас
жүйесімен, белгілі бір хабардың толық мазмұнын оқушыға
жеткізеді. Ал мазмұнның жеткізілуі мәтіннің сауатты
жазылуына байланысты. Сауатты жазу пунктуациялық
норманы, ал пунктуация орфография ережелерін негізге
алады. Сондықтан жазудың лингвистикалық ерекшелігі
әріптік таңбадан бастап алфавитке дейінгі жазуды, тілдің
дыбыстық жүйесін, олардың жазылу ережесін, жазбаша
сөйлеу үлгілерін қамтиды. 
Жазылымның лингвистикалық мазмұнын белгілейтін
мәселелер мыналар:
1. Графика;
2. Орфография;
3.
Жазбаша сөйлеу әрекеті. 
Бұл салада үйретілетін ең басты мәселе – жазылымның
графикасы. Графика, яғни жазу таңбалары – жазу үшін
қолданылатын барлық әріптердің таңбалық жиынтығы.
Әріптік таңбалар екі түрде жазылады: баспа түрінде және
қолжазба түрінде. Әрбір әріп бас әріп және кіші әріп болып
таңбаланады. Барлық әріптердің жүйелік жиынтығы тілдің
9


алфавитін құрайды. Қазақ тілі графикасының ерекшелігі -
әріптер қалай жазылса, солай оқылады және басқа тілден
енген дифтонг (қосарланған) дыбыстардан басқалары
құрамына қарай бір таңба бір әріпті білдіреді де, бір әріп бір
дыбысты көрсетеді. 
Жазуды меңгерудегі маңызды мәселе – орфография мен
пунктуация. Ол – белгілі бір сөзді әріптік таңбалар арқылы
дұрыс жаза білудің ережесі. Мұндай ережені оқытпай тұрып,
жазуды да, тілді де сауатты меңгеру мүмкін емес. Сондай-ақ
сауатты жазудың негізі - пунктуация. Мәселен, жалпы
орфографиялық білім екі саланы қамтиды:
1. Жеке лексикалық бірліктерді сөздерді дұрыс жаза
білу ережесін;
2. Грамматикалық заңдылықтарды білу арқылы тіркесті,
сөйлемдерді байланыстырып, дұрыс жазып, тыныс белгілерді
орынды қоя білу. 
Жазбаша сөйлеу – лингвистикалық ерекшеліктерді
толық меңгерудің көрінісі және ең күрделі тілдік құбылыс.
Жазбаша сөйлеу дегеніміз-оқушының айтар ойын басынан
аяғына дейін толық жаза білуі, көзқарасын, пікірін қағазға
түсіріп, жеткізу. Мәселен, оған диктант жазу, пікір жазу,
түсініктеме, қатынас қағаз, реферат, мазмұндама, шығарма
т.б. жазу жатады. Мұнда сөздер мен сөз тіркестері,
сөйлемдер бір-бірімен байланысты болады. Ойдың жүйесі
үзілмей, келесі сөйлемдерде жалғасып, толығып отырады.
Сол себепті жазба материалдар тұтас бүтіндігімен,
мазмұндылығымен басқа адамдарға түсінікті болып түзіледі. 
Жазбаша сөйлеудің психологиялық ерекшелігі –
жазбаша тапсырмаларды дұрыс пайымдап, логикалық
жағынан меңгеру және графикалық, орфографиялық
дағдылар мен шеберлікті қалыптастыру. Сонымен қатар
жазба жұмысы тіл үйренушінің ойлау жүйесін тиімді, есте
сақтауға жеңіл болуға тиіс. Мәселен, сөздер мен тіркестерді
дұрыс байланыстырып жазу, әңгіменің жоспарын құрап жазу,
сұраққа қысқаша жауап жазу т.б. Ең бастысы, берілетін
тапсырмалар тілдік қарым-қатынаста ұтымды болуды
ойластырады. Сондықтан жазудың әдістемелік ерекшелігі

графика мен орфографияны, жазу мен жазбаша сөйлеуді
жетік білудің, үйренудің амалдары мен жолдарын іздестіре
отырып жаттықтыру, оқыту. 
Жазбаша сөйлеудің өзгешелігі: бір қарағанда
қатысымдық байланыс жоқ сияқты болып көрінуі мүмкін.
Өйткені сөйлеуші білгенін қағазға түсіреді, бірақ онда екінші
адаммен тікелей қатысым іске аспайды. Жазылымның
10


қиындығы да осында: жазу үстінде адам ойын тиянақты,
жүйелі, бас-аяғын түгендеп, басқа біреуге ұғынықты
болатындай етіп, екінші адамға ыңғайлап жазады, тілдік
қарым-қатынастың жазбаша түріне бейімдеп орындайды.
Тұжырымдап айтқанда, жазу оны жазған адамның
ыңғайынан гөрі, жазуды оқитын, қабылдайтын басқа екінші
біреудің ыңғайына қарай, екінші адамның талап-тілегін
ескеріп, сол үшін жазылады. Ол үшін жазуды сауатты
орындау талабы қойылады. 
Қазақ тілін сауатты үйрету үшін, игерілетін дағдыларды
қалыптастыратын жазба жұмыстары жүргізіледі. Мұндай
жазба жұмыстарына жататындар:
1. Жазбаша жаттығулар;
2. Мәтіндер құрастыру;
3.
Диктант, мазмұндама, шығарма т.б. 
Оқытудың жүйелі және парасатты ұйымдастырылуы
қажеттігіне, нендей материалды қалай оқытатындығын күн
ілгері жоспарлап, оны оқушыға қалай игерту әдістерін
белгілеуге мұғалімнің жауапкершілікпен қарау керектігін
Ы.Алтынсарин баса көрсетеді: «Оқушылардың түсінбеушілігін
оқытушылардың өз кінәсі деп білмей, оқушылардың оқуға
зер салмайтындығынан немесе топастығынан деп білетін
мұндай оқытушылардың қатты адасатыны айтпай-ақ
түсінікті. Менің тәжірибемде мұндай оқытушылар педагогтар
ұсынып отырған оқу құралдарымен еш уақытта дұрыс
танысып алмайды, олардың ешбіреуін аяғына дейін оқып
шықпайды, оқушылардың жалпы мінез-құлқына, ақыл-
парасатына, онымен қатар, орыс балаларына қарағанда,
қазақ балаларының ана тілінде өзгешеліктер болатынына,
ана тілінің басқалығына зер салмайды, осылардың бәрін еске
ала отырып, шындап еңбек сіңірмейді. Мұның аяғы
балаларды басы да жоқ, аяғы да жоқ бірдемеге, ешбір
тәртіпсіз оқытуға әкеліп соғады», -дей отырып, бұл пікірін
педагогикалық тұрғыда былайша жалғастыра түседі: «егер
балалар бірдемені түсінбейтін болса, онда оқытушы оларды
кінәлауға тиіс емес, оларға түсіндіре алмай отырған өзін
кінәлауға тиіс. Ол – балалармен сөйлескенде ашуланбай,
жұмсақ сөйлесуі, шыдамдылық етуі керек: әрбір нәрсені де
ықыласпен түсінікті етіп түсіндіру керек; мәнерлі сөз,
орынсыз терминдерді қолданбау керек, мұндай сөздер
оқушыларға ғана түсініксіз болып қоймайды, басқа тыңдап
отырған адамдардың құлағына да жақпайды» [11, 2].
11


Бұл міндеттерді орындау үшін ең алдымен,
оқушылардың сауаттылығын арттыру мәселесі қойылады. Ал
бұл талап пунктуацияны оқытумен байланысты. 
Өйткені «тыныс белгілері, пунктуациялар - айтайын
деген ойды нақтылы, дәл, түсінікті етіп жеткізу үшін,
баяндалмақшы пікірді айқын білдіру үшін қойылатын жазуға
тән шартты белгі», - деп қарастырылған [12, 412]. 
Тыныс белгілері (пунктуациялар) – айтайын деген ойды
нақтылы, дәл, түсінікті етіп жеткізу мен баяндалмақшы
пікірді айқын білдіру үшін қойылатын жазуға тән шартты
белгі. Бұл – тыныс белгілерінің ең басты қасиеті. Тыныс
белгілерін - тіл білімінде пунктуация деп те атайды. Ол
жазумен байланысты қалыптасты, дамыды, жетілді. Тыныс
белгі сөз тіркестері мен сөйлемдерді айтқанда, немесе
оқығанда тілде байқалатын кідірісті де, дауыста
аңғарылатын әркелкі құбылысты да білдіреді. Бұл – тыныс
белгілернің көмекші қасиеті. Жазба тілде болсын, сондай-ақ
ауызекі тілде болсын тыныс белгілерін дұрыс қолдана
білудің үлкен мәні бар. Тыныс белгісі мүлде қойылмаған
немесе дұрыс қойылмаған сөйлемді түсінікті етіп оқу да,
мағынасын түсіне білу де қиын, ондай ой күңгірттеніп, екі
ұшты болып, тіпті сөйлем құрамындағы сөздер синтаксистік
қызметі жағынан өзгеріске түсуі де мүмкін. Мысалы, Бұл
келген - сол Есіл бойындағы Қарасарт аулының жиені Жүсіп
баласы Қожаш (С. К. ). Бұл сөйлемге қатысты тыныс белгілері
дұрыс қойылған. Егер Жүсіп баласы Қожаш дегеннен соң
нүкте қойылмаса, сөйлем аяқталмағандай болып, оның ар
жағында сөз жалғасы бардай болып көрінеді. Сондай-ақ
есімше тұлғалы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет