Жапбаров Амангелді Оқушылардың тыныс белгілерді дұрыс қою икемділігі мен дағдыларын


Жақсы сөз жалын мен оттан жаралады



Pdf көрінісі
бет57/104
Дата01.12.2023
өлшемі0,8 Mb.
#194431
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   104
Байланысты:
72ce58acd772d50d47062b92a3cba92a

Жақсы сөз жалын мен оттан жаралады.
 Абай
1.1. (.) 
1.2. Айтылу сазы мен мазмұнына қарай - хабарлы сөйлем. 
1.3. Құрылысына қарай - жай сөйлем. 
1.4. Жай сөйлем түрлері. 
1.5. а) Жалын мен oттaн қайтеді? - жаралады - дара, етістікті, (-ды)
жіктік тұлғалы - баяндауыш. 
1.5. ә) Жар алатын не? - сөз - дара, зат есімді, атау тұлғалы - бастауыш. 
1.5. б) Сөз неден жаралады? - жалын мен оттан - біріңғай, зат есімді,
(-тан) шығыс тұлғалы - жанама толықтауыш. 
1.5. в) Қай сөз? - жақсы - дара, сапалық сын есімді - сапалық
анықтауыш. 
Анықтауыш дегеніміз – сөйлемде зат есімнен болған не заттық
мағынада қолданылған мүшені сын-сапалық, сан-мөлшерлік, меншіктік-
қатынастық жағынан анықтап тұратын тұрлаусыз мүше. 
Анықтауыш қандай? қай? кімнің? ненің? қайдағы? қашанғы? қанша?
неше? нешінші? қайткен? не еткен? деген сұрақтардың біріне жауап береді. 
Анықтауыш болатын сөз таптары: 
1. Негізгі және туынды сын есімдерден: а) әділ сөз ащы болады. ә)
игілікті істі өсек бұзады. Ж. Баласағұн. 
2. Сан есімнен. Жеті рет піш, бір рет кес. 
3. Есімдіктен. Аттың бәрі тұлпар емес, құстың бәрі сұңқар емес. 
4. Түбір тұлғалы зат есім. 
5. Етістіктің есімше түрінен. Басталған істің аяғы да болады. 
6. Ілік септік жалғанған зат есімдер мен заттанған сөздерден болады.
Адамның сұлулығы - шыншылдығында. 
Құрамына қарай: бір сөзден болып - дара; сөз тіркесі, күрделі сөз бен
тұрақты тіркестерден құрaлып - күрделі анықтауыш болады. 
Баланы бесікке бөлеу - зиян ба?
1.1. Сөйлемде екі тыныс белгі бар. Ол - сұрақ белгісі және сызықша.
Сұрақ белгісінің қойылу себебі, сөйлем сұраулы сөйлем. 
1.2. Айтылу сазу мен мазмұнына қарай - сұраулы сөйлем. Себебі, жауап
алу мақсатында сұрай айтылған сөйлем. Сұраулы сөйлем дегеніміз - жауап
алу мақсатымен сұрай айтылған сөйлем. 
Сұраулы сөйлемдер мынадай жолдармен жасалады: 
1. Сөйлемде сұрау есімдіктері қолдану арқылы. 
2. -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе, -ша, -ше шылауларының қолданылуы
арқылы; 
3. -ғой, -қой, -ау, -еу шылауларының ә, сірә сияқты оқшау сөздердің,
болар, шығар, білемін деген көмекші сөздердің сұрау мәнінде қолданылуы
арқылы; 
4. Сұрау интонациясы арқылы. 
105




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет