Жапбаров Амангелді Оқушылардың тыныс белгілерді дұрыс қою икемділігі мен дағдыларын



Pdf көрінісі
бет54/104
Дата01.12.2023
өлшемі0,8 Mb.
#194431
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   104
Байланысты:
72ce58acd772d50d47062b92a3cba92a

Бала күлді.
І. Синтаксистік талдауды ерее арқылы жүргізу. 
1.1. Сөйлемде бір тыныс белгі бар. Ол - нүкте (.). Нүктенің қойылу
себебі, ойды аяқтап, сөйлемді тиянақтап тұр. 
1.2. Айтылу сазы мен мазмұнына қарай - хабарлы сөйлем. Себебі, ой
хабарлай жеткізіліп тұр. Хабарлы сөйлем дегеніміз – айтылу мақсаты
хабарлау, cypeтrey, баяндауды білдіретін сөйлемнің түрі. 
1.3. Құрылысына қарай – жай сөйлем. Себебі, бірнеше сөзден құралып,
тиянақты бір ғана ойды білдіріп тұр. Жай сөйлем дегеніміз бір ғана ойды
білдіріп, бір ғана интонациямен айтылатын сөйлем. 
1.4. Жай сөйлемнің түрлеріне қарай – жалаң. Себебі, тек қана бастауыш
пен баяндауыштан құралған. Жалаң сөйлем дегеніміз тұрлаусыз мүшелері
жоқ, тек бастауыш пен баяндауыштaн құралған сөйлем. 
Көпке қорлық жүрмейді.
(
Абай)
І. Синтаксистік талдау: 
1.1. Сөйлемде бір тыныс белгі бар. Ол - нүкте (.). Нүктенің қойылу
себебі, ойды аяқтап, сөйлемді тиянақтап тұр. 
1.2. Айтылу сазы мен мазмұнына қарай - хабарлы сөйлем. Себебі, ой
баяндай жеткізіліп тұр. 
1.3. Құрылысына қарай - жай сөйлем. Себебі, бірнеше сөзден құралып
келіп тиянақты бір ғана ойды білдіріп тұр. 
1.4. Жай сөйлемнің түрлері. 
1.5. Жай сөйлемнің түрлерін анықтау үшін сөйлемдегі сөздерді сөйлем
мүшелеріне қарай талдаймыз. Ол үшін ең алдымен сөйлемнің баяндауышын
табамыз. Себебі: 
а) Баяндауышсыз сөйлем болмайды. Баяндауыш дегеніміз – сөйлемде
жіктеліп келіп бастауыштың қимылын, іс-әрекетін, кім екенін білдіріп,
онымен жақ-жағынан кейде жекеше, көпше (1-2 жақта) түрде қиыса
байланысып қолданылатын тұрлаулы мүше. Баяндауыштың негiзгі
сұрақтары: не істеді? кім? не? неше? не қылған? неде? т.б. 
Баяндауыш мынадай сөз таптарынан болады.
101
Атаулы
Сабақтаса
байланысқан
құрмалас сөйлем
Араласа
байланысқан
құрмалас сөйлем


1. Баяндауыш болатын негізгі сөз табы етістік. Мысалы: Ерте
тұрғанның құты артады. (Ж.Баласағұн). Құты қайтеді? - артады - дара,
етістікті, (-ды) жіктік тұлғалы - баяндауыш. 
2. Зат есімнен болады. Еңбек, оның ішінде, өнерлі еңбек - бақыт
(Мақал). Еңбек не? - бақыт - дара, зат есімді - баяндауыш. 
3. Сын есімнен болады. Ары таза адамның жаны - таза. Жаны қандай? -
таза - дара, сын есімді - баяндауыш. 
4. Сан есімнен болады. Еріншектің ісі - екі. Ісі қанша? - екі - дара, сан
есімді - баяндауыш. 
5. Есімдіктерден болады. Игіліктің түйіліп қалған жері де осы (Ғ.М.).
Жері қайсы? - осы дара, есімдікті - баяндауыш. 
6. Үстеуден болады. Адал еңбектің абыройы жоғары (мақал). Абыройы
қалай? - жоғары дара, үстеулі - баяндауыш. 
7. Шылау сөзден болады. Оның бәйге алғаны жақсы істегені үшін
(Ғ.М.). Жақсы қайткенi үшін - істегені үшін - мұнда шылау өзінен бұрын
тұрған сөзге шылау болып тұрып, баяндауышқа элемент болуда. 
Кей кезде шылаулар жеке тұрып та баяндауыш бола алады. Мысалы:
Оның келуі кейін. Айтарым сол (Ғ.М) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет