Жапбаров Амангелді Оқушылардың тыныс белгілерді дұрыс қою икемділігі мен дағдыларын



Pdf көрінісі
бет51/104
Дата01.12.2023
өлшемі0,8 Mb.
#194431
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   104
Байланысты:
72ce58acd772d50d47062b92a3cba92a

Іздету диктанты
Бұл диктанттың басқа диктанттардан айырмасы – мұнда оқушылар
барлық мәтінді не сөйлемді түгел жазбайды, мәтіннің ішінен өтілген
анықтамаға, не ережеге байланысты жеке сөз, сөз тіркесі, сөйлемдерді тауып,
теріп жазады. 
Іздету диктантын жаздырудың өзіндік әдіс-тәсілдері бар:
Мұғалім өтілген категориялар мен формаларды немесе орфографиялық
ережеге байланысты мәтінді оқиды. Оқушылар сол мәтіннен тиісті нысан
сөздерді теріп жазады. Немесе сөйлемді, мәтінді жазып болған соң, сол
нысан таптырылып анықталады. Мысалы,
Ботакөз Кенжетай мен
Балтабектің арасына отырды
деген сөйлемді оқымастан бұрын, біріккен
сөздердің емлесін қайталап, өткенді естеріне түсіреді. Сонан соң осы
сөйлемді жайлап келесі әр сөзді кідіріс жасап оқиды. Оқушылар мұғалімнің
тапсыруына қарай: мәтіннен біріккен сөзді теріп жазады немесе түгел
сөйлемді жазып, біріккен сөздің астын сызады. Соңынан бұл сөйлемдегі
біріккен сөздің жазылу емлесі талданады. 
Іздету диктанты өтілген және қайталанып, пысықталған ереже,
анықтамаларға байланысты жазылды. Мысалы,
С, З,
дыбыстарының
Ш
дыбысымен қатар келгенде жазылу емлесі; сан есім емлесі, шылаулардың
емлесі, құрмалас сөйлем тыныс белгілері т.б. 
Бұл диктант уақытты үнемдеу мен оқушыларға материалды сапалы
игертудің ұтымды әдістерінің бірі болып табылады. 
95


Іздету диктантына алынатын мәтіндер, материалдар күнделікті
оқытылып, үйретіліп отырылған категория мен формаларға, ереже мен
анықтамаларға, емлеге байланысты болады. 
Түсіндірмелі диктант
Бұл диктант жаңа материалды игерту мен бекітуде жаттығу әдісі
ретінде өткізіледі. Сондықтан түсіндірмелі диктантты жаздырудың өзіндік
әдіс-тәсілі бар:
Біріншіден, түсіндірмелі диктант жаздыру үшін мұғалім мәтін
таңдаудан бастайды. Алынатын мәтінде игертілетін немесе бекітілетін нысан
болып, оны ажыратудың қиындығы орташа болады; Екіншіден, мәтіндегі
нысан оқушылар игерген әрі ол туралы мәліметі болуға тиіс; Үшіншіден,
мәтіндегі нысан нақты, бір мәселе, ереже, анықтама, категория, форманың
көлемінде алынады. Өйткені бұлар бірнешеу болса, оқушылардың ойы
бөлініп, орындай алмауы мүмкін. Төртіншіден, мәтіннің көлемі шағын
болады. Өйткені көлемді мәтінді орындау уақытты алса, екіншіден қайталай
беру оқушының орындау ынтасын төмендетеді. 
Түсіндірмелі диктант жүргізу жүйесі:
Мұғалім ең алдымен үйретіліп отырылған ереже, анықтама, категория
немесе форманың теориялық ерекшеліктерін түсіндіреді, мысалдар келтіреді.
Мысалы, жалқы есім сөздер бас әріппен басталып жазылады деген анықтама
айтылып, мысалдармен дәлеледенеді. 
Соңынан диктант мәтінін оқып, ондағы жалқы есім сөздер
таптырылып, талданады. Нәтижеде мәтін оқылып, жазылады. 
Бұл диктантта жазған мәтін оқушыларға оқытылып, нысанды
оқушының түсіндіріп беруі арқылы да тексеруге болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет