Жапбаров Амангелді Оқушылардың тыныс белгілерді дұрыс қою икемділігі мен дағдыларын



Pdf көрінісі
бет48/104
Дата01.12.2023
өлшемі0,8 Mb.
#194431
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   104
Байланысты:
72ce58acd772d50d47062b92a3cba92a

Терме диктант
Терме диктант белгілі бір орфографиялық ережеге, сөздер мен сөз
тіркестерін жазуға байланысты жүргізіледі. Бұл диктант арқылы
грамматикалық түрлі ереже, анықтамаларды пысықтауға, қайталап естеріне
түсіруге болады. 
Атап айтқанда, оқушыларға күрделі бір мәтін ұсынып, соның ішінен
сөз тұлғаларының бірін немесе сөз таптарының бірін теріп жазуға тапсырма
береді. Терме диктантта оқушылар берілген мәтіннен керекті сөздерді ғана
көшіріп қоймай, оның қандай тұлғада тұрғанын да ажыратады. 
Мұғалім терме диктантына арналған мәтінді оқудан бұрын қандай
ережеге көңіл бөлу керектігін ескертеді. Кейбір оқушыларға бұрынғы жазу
жұмыстарында жіберіп жүрген қателеріне байланысты тапсырмалар береді. 
Сөйтіп, оқушылар бүтін жазбай, мұғалім оқып отырған мәтіннен әркім
өздеріне берілген тапсырмаға лайықты ғана ережелері бар сөздер мен
тіркестерін немесе сөйлемдерді теріп жазады. Терме диктанты кез-келген
ереже, емле, анықтамаға байланысты жүргізіледі. Оның пайдасы
91


оқушыларды байланысты мәтін ішінен өтілген өзіне қажетті
орфографияларды таба білуге үйретеді. Мысалы:
V сыныпта зат есімді өткен кезде, зат есім жұрнақтарына байланысты
мәтіннің үлгісі. 
Топырақты өңдеу
Жерден мол өнім алу үшін адам топырақты өңдейді. Өсімдіктер
борпылдақ топырақта жақсы өседі. Өйткені оған су жақсы сіңеді, ауа
жақсы өтеді. Борпылдақ топырақта тұқым тең өнеді, жер бетіне оңай
жарып шығады, сөйтіп, тамырлары жер астында жақсы тарамдалады. 
Мақалдар
1. Көзсіз күнелтсең де, елсіз күн көруден қиыны жоқ. Ағын су арнасы
табады. Сөздің соңы басталуынан белгілі. Түсуге жетпеген су, ішуге
жетеді. Ашуың келсе, қалың тарт, айтпас жерде тілің тарт. Бос өткізу
өмірде ақымаққа көңілді. Білім арзан, білім қымбат. Жолшыбай буынған
белбеу жолда шешіліп қалады. 
(Қарамен жазылған сөздерді теріп жазыңдар, у әрпін дауысты,
дауыссыздарға, жуан-жіңішке түрлеріне ажыратыңдар). 
Сан есімді өткен кезде (сан есім сөздердің емлесі). 
Ең үлкен
Жан-жануарлар ішінде ең үлкені көк кит. Оның ұзындығы 33 метр,
салмағы -150 тонна. Мұндай салмақ – 30 піл немесе 150 өгіздің салмағына
тең деген сөз. 
Мұндай киттің жүрегінің салмағы – 700 килограмм, тілінің салмағы
-2 тонна. Ал жаңа ғана туған киттің баласының ұзындығы – 8 метр,
салмағы 6 тонна. 
Қос сөзді өткен кезде (қос сөздің емлесі). 
Теңіз дауылы
Теңіз кеңістігінің беті айлы-қарлы болып өзгеріп, қара қошқылдана
қалыпты. Қазір бір шаңырақ құзды, қара сұр тау қойнына еніп кеткен
тәріздіміз. Теңіз беті минут сайын құбылып, тау құзға, құз тауға айналады.
Ашулы толқын арс-арс етіп, теуіп кеткен сайын біз қонақтаған шағын ғана
мұз шыңы бір жағы төңкеріліп бара жатқандай дөңбекшіп-дөңбекшіп
алады. Әр жерден бір омарылып түскен мұз кесектер жандана тулаған
көлжалаң төбесіне қарғып-қарғып түседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет