Жапбаров Амангелді Оқушылардың тыныс белгілерді дұрыс қою икемділігі мен дағдыларын



Pdf көрінісі
бет47/104
Дата01.12.2023
өлшемі0,8 Mb.
#194431
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   104
Байланысты:
72ce58acd772d50d47062b92a3cba92a

Сөздік диктант
Бұл диктант өтіліп отырылған грамматикалық материалға байланысты
және сөздер мен сөз тіркесін қатесіз жазу үшін жаздырылады. Берілген мәтін
ішінен өтілген ережеге байланысты сөздерді немесе сөз тіркестерін теріп
жазып, оған талдау жасалады. Бұл оқушылардың сөздік қорын байытуға
көмектеседі. 
Сөздік диктантын жазғанда оқушылар жеке сөздердің мағынасымен
таныса отырып, жаңа сөздерді игереді. Бұл диктантты жаздыру үшін мұғалім
мәтін таңдайды, онда оқушыларға орфографиялық немесе фонетикалық
мағынасынан ауырлық келтіріп жүрген сөздерге ерекше назар аударады. 
Сөздік диктантын жүргізу үшін мұғалім бірнеше тәсілді (көру, есту,
түсіндіру т.б. ) қолданады. Сондай-ақ сөздік диктанттың күнделікті сабақ
барысында 5-8 минут уақыт бөліп өткізуге болады. Бұл диктанттың түрін
сабақтың кез-келген уақтысында, кезеңінде жаздыруға болады. Сөздік
диктантына оқушылардың жыл бойы меңгеруіне тиісті термин сөздер мен
жазылуы қиын байырғы сөздерді де алуға болады. Бұл диктанттың көлемі әр
сыныпта әр түрлі:
V-VI сыныптарда бұл диктантты жүргізу үшін мынадай мәтіндерді
пайдалануға болады. Мысалы: 
V сыныпта зат есімді өткенде:
І. Жауапкер, шүкіршілік, жатақхана, ұшақ, тікұшақ, электростанция т.б.
2. Ұшқыш, шахтер, жылқышы, суретші т.б. 
3. Бесжылдық. еңбекақы, көзқарас, Сарыөзен, ауыл-аймақ, Арал теңізі,
Мәдениет үйі. 
Етістікті өткенде:
1. Кер, ал, көр, айт, қара, кет, отыр, тұр, жаз, жүр, ойна, қырық (көр,
қырық, ойна, қара, кет сөздерін қатыстырып сөйлем құраңдар). 
2. Бер, оқы, ет, тұздады, қар, тазалады, кел, сауық, сырқыра, сертік
(туынды етістіктерді тауып, астын сызыңдар). 
3. Ерлік еңбекке жеткізер. Ақыл арымас, алтын шірімес (мақал).
Дәрігер бүктеле түскен күйінде ұйықтап кетіпті, шашылған бөлшектер
уақытысында жиылуы керек. Сапырылысқан адамдардың дауыстары құлаққа
шалынады (негізгі етістіктерді тауып, оларды қосымшалардан сызықша
арқылы ажыратыңдар). 
Етістіктің түрлерін өткенде:
1. Қорық, сөйле, сүрін, ұмыт, қара, сөз, жасы, төбелес, жаса, күй
(болымды етістіктерден болымсыз етістік жасаңдар). 
2. Қалима келді. Ғалияны шақыр. Әсияны көрдік. Жер көктейді. Күн
күркіреді. Сен сәбиді ренжітпе. 
3. Көзінше мақтама, сыртынан даттама. Өткелін білмей, су кешпе.
Досыңа өтірік айтпа, сенімің кетер. Дұшпанға шыныңды айтпа, түбіңе жетер.
Ащыны татып көрмеген, тәттінің дәмін білмейді. 
8-9 сыныптарда белгілі тақырыпқа байланысты жаңа сөз үйрету
мақсатымен мына сияқты мәтіндер алынады. 
Достығының арнасы кең, тамыры терең, күн сәулетті Қазақстан -
90


ынтымағы жарасқан көп ұлтты республика. Оның кең байтақ далалары
мен сәулетті қалаларында жүзден астам ұлттың өкілдері тату-тәтті
тұрады. Олардың мұратындағы мақсаттары мен ақ қанат орамдарынан,
берекелі істері мен құдіретті күштерінен болаттай берік достықтың
белгілерін байқау қиын емес. Мызғымас достық пен рухани татулықты ту
еткен болар, болашақтың даңғыл жолында жарқын да жасампаз іздер
қалдыруда. 
Берілген мәтіннен негізгі зат есім мен туынды зат есімдердің астын
сызыңдар. 
Қырағы бала
Майдан барлық жерде саябырлап, уақытша тыныс алып тұрған кез
болатын. Алдымызда үлкен шабуылдың жақын екенін сезетінбіз, өйткені
барлық майданда да дайындық жұмыстары жүргізіліп жатқан тәрізді еді. 
Станцияға келген поездар көп тоқтамай, жөнелтіліп жатыр, өйткені
соңғы екі-үш күннің ішінде станцияға ерекше тынышсыз жағдай туды.
Жаудың самолеттері станцияны қатты бақылауға алған, себебі олар жиі-
жиі шабуыл жасап бомбылауда. 
Станцияға солдаттар мінген поезд келіп тоқтады. Оң қолын
сыртынан ақ шүберекпен таңып, мойнына асып алған бір қыз жүр. 
- Сен кімді күтіп жүрсің? – деді, бір кішкентай бала қызды артынан
қуып жетіп. 
- Әкемді күтіп жүрмін, - қыз теріс айналып кетті. 
Балаға қыз туралы үлкен күдікті ой туды. Бірақ қызға одан әрі тіл
қатқан жоқ, себебі қызды соңынан қадағалауда болды. 
Қыз вагондардың есігіне қарайды да, қолын құлағына тосып, бір
нәрсені тыңдайды. Қолын байлауы да жай емес. 
Одан әрі бала шыдап тұра алмады, сондықтан тиісті орынға
хабарлау керек деп ойлады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет