1.5. ә) Халық несі? - иесі де,
киесі де - бірыңғай, зат есімді, (-сі)
тәуелдік тұлғалы - бастауыш.
Бірыңғай мүше дегеніміз - бір сұраққа жауап беріп, бір ғана қызмет
атқарып, бір ғана мүшемен байланысатын екі я одан көп мүшелері. Бірыңғай
мүшелер көбінесе тұлғалас болып келеді де,
өзара салалас, бірде
жалғаулықтар арқылы, бірде жалғаулықсыз дауыс ырғағымен байланысып,
бір ғана мүшеге қатысты болады. Сөйлемнің барлық мүшесі: бастауыш та,
баяндауыш та, пысықтауыш та бірыңғай мүше бола алады.
Бірыңғай мүшелер өзара жалғаулықсыз байланысса, олардың арасына
үтір қойылады.
Бірыңғай мүшелер төмендегідей жалғаулықтар арқылы байланысады:
а) ыңғайлас жалғаулықтар: да, де, та, те, әрі, және, мен, бен, пен;
ә) талғаулы жалғаулықтар: я, не, немесе, әлде;
б) қарсылықты жалғаулықтар: бірақ;
в) кезектес жалғаулъгқтар: бірде, біресе, кейде.
Жалғаулықтар бірыңғай мүшенің әрқайсысымен қайталанып
қолданылса арасына үтір қойылады. Қайталанбаса үтір қойылмайды. Бірақ
шылауы қарсы мәнді екі бірыңғай мүшені
байланыстырғаңда бірақ
шылауының алдына үтір қойылады.
Сөйлемде бірыңғай мүшелермен қызметтес, тұлғалас болып,
барлық
бірыңғай мүшенің ортақ жинақтау аты есебінде айтылатын да сөздер болады.
Олар жалпылауыш сөз деп аталады.
Жалпылауыш сөз сілтеу (мыналар), жалпылау (бәрі, баршасы, барлығы)
есімдері мен жинақтау сан есімі, зат есімдерден болады.
Жалпылауыш сөз бірыңғай мүшелерден бұрын тұрса, одан кейін қос
нүкте қойылады. Егер бірыңғай мүшелерден кейін оған ұқсас сөздер тұрса,
бірыңғай мүшелерді одан ажырату үшін, ол мүшенің алдына сызықша
қойылады. Жалпылауыш сөз бірыңғай мүшелерден
кейін келсе, оның
алдынан сызықша қойылады.
Бастауыш дегеніміз - сөйлемде атау септігінде тұрып, ойдың кім, не
жайында екенін білдіріп, баяндауышпен қиыса байланысатын тұрлаулы
мүше. Бастауыш кім? не? кімдер? нелер? кімім? нем? кімі? несі? және басқа
сөз таптарының заттанын, атау септігіндегі сұрақтарына (қаншасы? нешесі?
нешіншiсі? қайсысы? қандайы? т.б.) жауап береді. Бастауыш құрамына қарай
дара және күрделі болып бөлінеді.
Атау септігінде тұрып заттанған басқа сөз таптары да (сын есім, сан
есім,
етістіктің есімше, тұйық етістік түрлері т.б.) бастауыш қызметін
атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: