жыбырлатты. Төмендегі бір бөлкені кеміре бастады. Осы кезде күзетші
келіп қалды. Тышқан зып беріп, тысқа атып шықты. Бірақ алысқа ұзамады.
«Апырай, қайдан шықты екен осыншама нан? Біліп алып шыққан жеріне
кірсем, ә!»- деп қызығып кетті. Тесіктен сақтана сығалады.
- Нан, нан, сен қайдан шықтың?- деді сыбырлап.
- Сатушыдан сұра, - деді нан.
Тышқан сатушыға келді.
- Сатушы, сатушы, нан қайдан шығады?
- Наубайшыдан сұра, - деді сатушы.
Тышқан тымпыңдап наубайханаға келді. Мұнда көп адам нан пісіріп
жатыр екен.
- Нан қайдан шығады?- деді, бір наубайшыға келіп.
- Диірменшіден сұра, - деді наубайшы.
Тышқан диірменшіге келді. Диірмен тасы тынымсыз шыр көбелек
айналады. Екі адам ұн тартып тұр. Үн төгіліп аққан бұлақша құйылып
жатыр. Көзді ашып жұмғанша қап-қап ұн дайын болады. Тышқан иненің
көзіндей танауын тыржитып, тандана қарап тұрды да:
- Диірменші, диірменші, нан қайдан шығады?- деп сұрады.
Немесе сурет бойынша мәтін құрау. Мысалы:
Үш жүзден астам түйесі бар керуен иен далаға, құм айт далаға
іліккен. "Көш басшысы - орта бойлы, сұлу мұртты, шымыр денелі, былғары
курткалы, басына елтірі тымақ киген Әліби Жангелдин. Сейтек оның
сөйлеген сөзіне, әскери мінезіне қызығзды. Жұрттан естуі: бұл кісі сонау
Торғай жақтағы Амангелді батырға, оның сарбаздарына қару-жарақ, оқ-
дәрі апара жатыр.
Мәтін бойынша әр топпен жүргізілетін жұмыстар:
1. Мәтінге ат қой.
2. Әр сөйлемнен сөз тіркесін тап.
3. Сөз тіркесінен жасалған біріңғай мүшелерді тап.
Достарыңызбен бөлісу: