Жапбаров Амангелді Оқушылардың тыныс белгілерді дұрыс қою икемділігі мен дағдыларын


Бірыңғай мүшелерге қойылатын үтірді көрнектілікпен өту



Pdf көрінісі
бет78/104
Дата01.12.2023
өлшемі0,8 Mb.
#194431
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   104
Байланысты:
72ce58acd772d50d47062b92a3cba92a

3. Бірыңғай мүшелерге қойылатын үтірді көрнектілікпен өту.
Бірыңғай мүшелердің арасына қойылатын тыныс белгінің бірі – үтір.
Оқушыларға үтір туралы түсіндіргенде, ең алдымен кіріспеден басталды.
Кіріспеде үтір (кіші тыныс белгісі) дүние жүзінде тұңғыш рет кітап бетінде
XV ғасыр мен XVI ғасырдың арасында пайда болғаны, оны алғаш рет кітап-
қа енгізген Венецияның атақты баспаханашысы Альд Мануций екені
айтылып, тарихи дерек берілді. Содан бері талай ғасырларды басынан
өткізіп, біздің заманымызда ең көп қолданылатын тыныс белгі болып
отырғаны, оның маңызы мен қызметі туралы түсінік беріледі. 
Кіріспеден кейін жаңа сабақ бірыңғай мүшелерді қайталап еске
түсіруден басталды. Ол үшін оқушыларға мынадай сұраулар қойылды. 
- Бірыңғай мүше дегеніміз не?
- Бір сұрауға жауап беретін екі не одан да көп сөздерді бірыңғай мүше
деп атаймыз. (Оқушылар сөзімен жазылды). Мысалы, олар бидайды, арпаны,
тарыны, сұлыны орып алды. «Бидайды, арпаны, сұлыны» деген сөздер
бірыңғай мүшелер. Олар «нені?» деген сұрауға жауап береді. 
- Бірыңғай мүшелердің арасына қандай тыныс белгі қойылады?
- Бірыңғай мүшелердің арасына үтір қойылады. 
Бұл жағдай интерактивті тақтадағы кесте арқылы талданады. 
1-кесте. 
ҮТІР 
(, )
135


Бірыңғай мүшелердің арасына қойылады. 
Ол – Алатаудың
сәнді, көрікті
тұлғасына жалтақ-жалтақ қарап
келеді. Жалғаулықсыз байланысу. 
Дене шынықтыру сабағында
Балтабай 
мен
Сабыр, 
Болат 
пен 
Марат, 
Мейрам мен Ғабит бір сапқа тұрды. жалғаулықтар көп қайталану. 
Сен де бір кірпіш дүниеге, бір-ақ рет кел се де
Тетігін 
тап та
, бар, 
қалан!
екеуі де етістік
Жантық-ай, бері келші, бері бір сөз бірдей тұлғада қайталану. 
Бұл кестеде сөйлемдерді оқып, бірыңғай мүшелерді таптырып, оған
талдау жасалады. Тыныс белгі қалай қойылып тұрғаны айтылады. Бірыңғай
мүше болып тұрған сөздердің соңғысынан кейін үтір қойылмайтыны
ескертіледі де, себебі түсіндіріледі. Бірыңғай мүшелерге үтірді қоя білудің
алғы шарты бірыңғай мүшелерді оқушылардың жетік білуі. 
Енді жоғарыдағы кестеге салыстыра отырып, бірыңғай мүшелердің
арасына үтірдің қойылмайтын жағдайлары түсіндіріледі. Ол мына кесте
арқылы жүргізіледі. 
2- кесте 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет