Жаратылыс ғылымдар факультеті


Тәрбиенің мақсаты және оның әлементтік маңыздылығы



бет7/12
Дата23.11.2016
өлшемі3,6 Mb.
#2415
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Тәрбиенің мақсаты және оның әлементтік маңыздылығы
Максаты: тәрбиенiң әдiснамалык негізін айқындау.
Міндеттерi:
а) Педагогика теориясы мен тарихындағы ой-пiкiрлердегi тәрбие максатынын дамуын ашып көрсету.
ә) Тәрбие максатының мәнiн ашу.
б) Жан-жакты‚үйлесiмдi тәрбиенің максат, мiндет, мазмұнының өзара байланысын ашу,тәрбиемен әлеуметтендiру процесiн уйлестiру.
Жоспар:
Педагогика тарихындағы ой-пiкiрлердегi тәрбие мақсатының мәселсi.
2. Тәрбие мақсаты туралы түсiнiк.
3. Тәрбие және жеке тұлғаны әлеуметтендіру
Мәдениеттану, педагогика тарихы.
Педагогиа тирихындаға ой - пiкiрлердегi тәрбие максатының мәселесi. Тәрбие мақсаты төңiрегiндегі пiкiр-талас ежслі дәуiрдің өзiнде-ақ басталған. Ежелгi ойшылдар тәрбиенiң мақсаты iзгi, рақымшыл азаматтарды тәрбиелеу деп түсiндi. Ал, «рақым туралы пiкiрде олардың ойлары бiр жерден шыкпады. Сократтьң түсiнiгiнше, тәрбиенiң мақсаты- заттардың табиғатын зерттеу емес, өз-өзiңдi тану, аса құлықтылықты жетiлдiру. Сократтың шәкiртi Платон ақыл-ой, ерiк және сезімді тәрбиелеуге көп ықылас бiлдiрдi. Ол тәрбиенi өкiметтiң өзi ұйымдастыру керек, үстемдiк етуші топтар — философтар мен жауынгерлердiң талап-тiлегiне сай жұмыс iстеу деп түсiндi. Платонның шәкiртi Аристотель, тәрбиенiң максаты жан рақымы акыл-ес псн ерiк-жiгердi дамыту деп білдi.
Я.А. Коменский тәрбиенің кушiне сендi, оның ойынша тәрбие үш мақсатқа жетуге бағытталуы кажет: өзіңдi және қоршағак ортаны тану (ақыл-ой тәрбиесi) және құдайға сиыну (дiни тәрбие). Дж. Локтың ойынша, тәрбиенiн негiзгi максаты джентельмендi өз iстерiн акылмен және байыппен жүргізетiн адамды қалыптастыру. Ж.Ж. Руссо қоғамдык құндылықтарды қалыптастыруға тәрбие максаттарының бағыт-ұстанымынан айныған емес.
И.Г. Пестолоццидың тәрбие мақсаты, адамның табиғи күш-қуаты мен қабiлеттiлiгiн дамытуға негiзделудi, сонымен қатар, бұл даму жан-жақты және үйлесiмдi болуының биігінен көрінуі. кажеттiлiгiне тоқталса, ал ИФ. Гербарттың ойынша, тәрбие мақсаты, рахымды адамды калыптастыруға, қалыптаскан карым-катынастарға бейiмделе алатын, қоғамдағы белгiленген тәртiптi сыйлайтын, оған бой ұсынатын адамдар деген түйiнге келедi. Тәрбиенiң ең жоғарғы максатын А.Дистервег «акиқат, сұлулык және мейiрiмдiлiкке өз ынтасымен қызмет» ету деп анықтаған.
Ресейде, социал-демократтар тәрбие мақсаттары туралы өз көзқарастарын әлемге ұсынды. ХIХ г. 40-жылдарында В.Г. Белмиский крепостнойлық право мен патшалык саясатка карсы күрескердi тәрбиелеу деп жазды. АМ. Герцен тәрбие мақсаты - коғамдағы «әдiлетсiздiкпен күресетiн еркiн ойлы, адамгершілiгi мол, қайраткер, жан-жақты дамығал тұлғалны дайындау деп санады.Бiз ақыл-ойдың дамуына таныммен қатар адамгершiлiк тәрбиенiң міндетi анағұрлым маңызды- деп, К.Д. Ушинский жазды
Сол себептi, бүгiнгi тәрбиенiң максатын әлеуметтендiру мәселелерiмен бiрлiкте қарастыру өзектi мәселелердiң бiрi екенiне ерекше мән берген орынды.
Тәрбие максаты туралы түсiнiк. Тербие максаты — ол педагогикалық процесс пен қоғамнаң қажеттiлiгiне қарай өзгерiп отырады. Тәрбие максаты қоғамның әлеуметтiк сұранысына қарай және оның табысты орындалуы ұстаздың кәсiби дайындығына байланысты келедi. Ұстаздың қызметi мақсаттылығынан басталса оқушылар оку iс-әрекетiнің мақсатын нақты ұгына отырып, тапсырманы орындауын бастайды
Тәрбие мақсаты — бұл қоғамның бетбұрысына, кандай мұраттарына қол жеткiзуiне бағытталған. Тәрбие мақсаты — педагогиканың ең маңызды мәселесi. Мақсат-тәрбиенің жалпы мақсаттылығынан, тәрбие жүйесiнiң сипатын айқындаушы ретiлде көрiнедi. Мақсат пен мiндет бүтiн және бөлшек ретiнде ара қатынаста болады, жүйесi мен оның компоненттерiне тәуелдi. Қорыта айтқанда, тәрбиенiң мақсаты нақты тәрбие мiндеттерiнiң жүйесi.
Тәрбие мақсатын анықтауда маңызды себептердiң қатарына жататындар, мақсатты құрастыру, оны белгiлi заңдылыққа негiздеудi есепке алу. Ол саясат, мемлекет идеологиясы сияқты факторлармен бiрге, тәрбие мақсатын айқындауда қоғам өзiнiң қажеттi талабы мен мүддесiнің маңыздылығьн ұдайы есепке алу жұмыстың дұрыс жүруiне кепiлдiк бередi. Тәрбие мақсаты қоғамда жастардың белгiлi бiр функцияларын жүзеге асыру процесiнде олардың уәждiк қажеттiлiгiнен туады. Қоғам қажеттiлiгi өндiрiс тәсiлi мен өндiрiс күшi және өндiрiс түрi қатынасының даму деңгейiмен анықталады. Сондықтан тәрбие мақсатыньң нәтижесi әрқашан қоғам дамуының жетiстiк деңгейiн бейнелейдi, ал өндiрiс тәсiлiн өзгертумен анықталып отырады. Ойымызды нактылау үшiн, тәрбие мақсатының қоғамдык-экономикалық қатынас түрiне байланысты екенiн атап өтемiз.

Тәрбие және жеке тұлғаны әлеуметтендiру. Әлеуметтік ұғым психология, философия және педагогикалық еңбектерде кеңiнен қолданылады. «Әлеуметтендiру» ұғымы адамды әлеуметтiк қарым-қатынастар жүйесiнде әр түрлi әлеуметтiк бiрлiктердiң (топтар, институт, ұйымдар) түрлерiне интеграциялау, одақтық қауымдастыру.
Әлеуметтендiру — мәдени элементтердi түсiндiру, әлеуметтiк мұраттар мен құндылықты игеру негiзiнде жеке тұлға қасиеттерiн қалыптастыру. Сөз жоқ, әлсуметтендiру жүйесiнің мазмұны қоғам талабымен айқындалатындығы, яғни оның мүшелерi қоғамның маңызды салаларын бiлу, өндiрiстiк қызметке қатысу, берiк үйелмен, заңды басшылыка алатын азамат болуы қажет. Адамдардың мiнез-құлкы әлеуметтендiрудiң объектiсi ретiнде қалады. Бiрақ, адам бұл процестiң объектiсi ғана емес, субъектiсi болған жағдайда ғана әлеуметтенедi.
Әлеуметтендiру қоғам талаптарын жеке тұлғаның қалыптасу кезеңінде бiрте-бiрте игеруi, сана мен тәртiпттiң маңызды әлеуметтiк мiнездерi, оның қоғаммен қарым-қатынасын реттейдi.
Ғылымға адамды «әлеуметтендiру» терминi саяси экономикадан келдi, оның ең алғашкы мағынсын жердi, өндiрiс құралдарын <қоғамдастырудан> басталды. әлеуметгендiрудiң адамға тәуелдендiрген автор американдық әлеуметтанушысы Ф.Г.Гиддингс, (1887 ж.) өзiнiң «Әлеуметтендiру теориясы» кiтабында, бұл ұғымды қазiргi ұғымға жақндастыра қарап: адамның әлеумсттiк табиғи мінезiн дамыту немесе индивидтiң мiнезiн, жалпы адамды әлеуметтiк өмiрге дайындау.
Тұлғаның әлеуметтiк даму барысында қоғамда адам өзiн тұлға ретiнде сезiнедi. Бұл тәрбие, бiлiм және өзiн-өзi тәрбиелеу жағдайында, адам өздiгiнен алдына мақсаттар белгiлеп, оған жетуде өзінің бедел-сезiмiн түсiнедi, қоғамдағы өз орнына сенiмдi.

Тәрбиенің әдіснамалық негізі

Мақсат – міндет - жеке тұлғаны дамыту мазмұны



Қоғамның қажеттілігі (өндіріс күші, өндірістік және әлеуметтік қатынас)



Жеке тұлғаның қажеттілігі




Әлеуметтендіру, жеке тұлғаны әлеуметтендіру, әлеуметтік автономизация мега, макро, мезафакторлар




міндеті



Әлеуметтік тапсырыс




Индивидтің жеке мақсаты - пікірлесу өзін-өзі тәрбиелеу



Мұғалім

Іс-әрекет



мақсаттылық




Оқыту жүйесі




Оқушылар




Тәрбие процесі




Оқыту

Тәрбие

Білім




Жеке тұлғаны дамыту

Сурет 1. Тәрбиенің мақсатының әлеуметтік негіздері
Өзiне-өзi бақылауға арналған сұрактар

1.Тәрбие мақсатыыың мәнiн ашыңыз.


2. Тәрбие мақсатының әдiснамалық қалыптасу негiзiне сипаттама беріңіз.
3. Тәрбие, «тәрбие мақсаты», «персонализация»түсініктерді айқындау.
Әдебиеттер

Васклькова Ю.В., Васклькова ТА. Социальная всдаготика:


Курс лекций. М., 1999.
2. Мудрик А.В. Социальная псдагогкка. М., 1999.
3. Муканова Б.И. Педагогическое руководство формированием социальной активности подросткон. Алма-Ата, 1990, 69 с.
4. Ушинский К.Д. Человек как предмет воспитания опыт педагогической антропологии. Пед. соч. В.2 т.т. Т.1. М.,
1974, с 84.
5. Хмель Н.д. Теоретические основы профессиопальной подготовки учителя. Алматы, 1998, с 27.
6. Фромм З. Иметь или быть. (пер.с англ. — М. Прогресс, 1989, с 29

Өзiндiк жұмысқа арналған тапсырмалар


1. Жалпы және жеке тәрбие мақсатының өзара байланыс схсмасын құрастыру.
2. Сынып ұжьмының сипаттамасы бойыншаа тәрбие мақсатаына ықпал ететiн негізгi факторларды атаңыз.

3.Тұлғаны әлеуметтендіру әр түрлі екі позициядағы тәрбие мақсатына мысал келтіріңіз.


Тақырып: Педагогикалық процестің құрылымындағы тәрбие
Мақсаты: Қазіргі заманғы мектепте тәрбиенің негізгі түрлері және олардың өзгешеліктері жайлы түсініктерін қалыптастыру.

Міндеттері:

а) «Тәрбие мазмұны» ұғымының мәнін ашу. Тәрбие мақсатының, міндеттерінің және мазмұнының диалектикалық өзара байланыстары мен қатынастарын ашу.

ә) Тұлғаның үйлесімді дамуы туралы түсінік беру.

б) Тәрбие түрлерінің топтасуымен таныстыру.

в) Тұлғаның қалыптасуындағы өзін-өзі тәрбиелеудің ролін ашу және оның негізгі тәсілдерін сипаттау.

Жоспар:

1.Тәрбие мазмұнының мәні. Тәрбие мақсатының, міндеттерінің және мазмұнының диалектикалық өзара байланыстары мен қатынастары.



2.Тұлғаның жан-жақтылығы оның адамзат мәдениетін меңгеруіне байланысты дамуының мазмұнды сипаты ретінде

3.Тәрбиенің түрлері және олардың өзгешеліктерінің сипаттамасы.

4.Өзін-өзі тәрбиелеу туралы, оның тәсілдері туралы түсінік.

Тәрбие мазмұнының мәні. Тәрбие мақсатының, міндеттерінің және мазмұнының диалектикалық өзара байланыстары мен қатынастары. Педагогика теориясы мен тәжірибесінде тәрбие мазмұны ең маңызды және көкейкесті ұғымдардың бірі. Қазіргі тәрбие мазмұны ғасырлар бойы қалыптасып, белгілі бір тарихи кезеңде қоғамдық сананың даму ерекшеліктеріне идеяалық және құндылық ұстанымдарға байланысты жетіліп отырды.

Ұрпақтардың табиғи түрде алмасуы қай кезде болмасын маңызды қоғамдық міндет болып табылатын алдыңғы ұрпақтардан келесі ұрпақтарға әлеуметтік тәжірибені жинақтап жеткізетін тәрбие процесі орындалатын білім беру жүйесіне қоғамның аса көп көңіл аударуын талап етіп отырған.

Тәрбие мазмұнын жаңаша қарастыру, оны іске асырудағы тұлғалық бағдарлық және іс-әрекеттік тәсілдер ғалымдар мен педагогтарды жеке тұлғаны қалыптастыру міндеттерін шешудің тиімді құралдарын тұтас педагогикалық процесс тұрғысынан іздестіруге ынталандырады.

Тәрбие мақсаттарын тереңінен білу педагогтарда негізінен қандай адамды қалыптастыруы қажет екені туралы, өздерінің іс-әрекеттеріне не нәрсе саналылық, айқын бағыт, қисындылық беретіні туралы көзқарас тудырады.

Сонымен қатар тәрбие мақсаттарының одан ары айқындалуы оның міндеттерінің қалыптасуына ықпал етеді. Тәрбиенің мақсаттары мен міндеттері тәрбиелік жұмыстардың мазмұнын анықтауға тікелей қатысты.

Тәрбие мазмұны – әр тұлғаның өмірдегі өз орнын өзі белгілеуіне қамтамасыз етуге, оның өзін-өзі жүзеге асыруы үшін жағдайлар жасауға бағытталған, қоғамның экономикалық және әлеуметтік даму көрсеткіштерінің бірі. Сонымен бірге, тұлғаны ұлттық және әлемдік мәдениетке тәрбиелеу, өз қоғамына тығыз байланысты, және сол қоғамды жетілдіруге ұмтылған адам және азамат қалыптастыру қамтамасыз етіледі.

Әлеуметтік тәжірибені меңгеру адамдардың, халықтардың қандай болса да нәсілдік, ұлттық, тайпалық, діни және әлеуметтік топқа жататындарына қарамастан, өзара түсінушіліктерін, ынтымақтастықтарын нығайтуылары тиіс, сонымен қатар, әр-түрлі дүниетанымдық көзқарастар ерекшеліктерін ескерулері қажет.

Тұтас педагогикалық процесс теориясында педагогикалық процесс мәнінің қазіргі қоғамдағы тәрбие мақсаты – қоғамның шығармашылық іс-әрекетін белсенді қатыса алатын үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастырумен толық сәйкес келуіне көп көңіл аударылады. Сондықтан да педагогикалық процесстің негізгі тәрбиелік механизмдері оқушыларға қатысты барлық іс-әрекеттер түрлері қалыптасатын қатынастар жазықтығында орналасқан.

Жеке тұлға тек өз іс-әрекеті арқылы ғана дамитыны бәрімізге белгілі. «Іс-әрекет тек қана менікі, менің жүрегімде тууы тиіс» - деп кезінде К.Д.Ушинский түсінікті де, әсерлі анықтама берген. Сондықтан да педагогтар тәрбие процессін ұйымдастыру барысында балалар әрекеттерінің ішкі мотивтеріне сүйене отырып, тәрбиеленушілердің кез келген әрекеттер түрін мазмұнды етіп толықтырулары қажет.

Тәрбие мазмұнының мәселесі тәрбие бағдарламаларымен тығыз байланысты. Нақты бір білім беру мекемесіндегі тәрбие мазмұны мекеменің өз бетінше жасап, қабылдап іске асыратын білім беру бағдарламаларымен анықталады. Тәрбие бағдарламалары тәрбиенің негізгі мақсаттары мен міндеттер шеңберін анықтап, тәрбие мазмұнының сипаттамаларын, ерекшеліктерін, негізгі бағыттарын ашып көрсетеді.

Қазіргі қоғам жастарын тәрбиелеудің стратегиялық бағыты ретінде делдалдық қасиетке ие, жалпы адамзаттық құндылықтарды игере алатын, ұлттық санасы дамыған, көп мәдени тұлғаны қалыптастыру болып саналады.

Әдебиеттер

1. Корчак Я. Воспитание личности: Кн. Для учителя М. : 1992. – 287 с. стр 51.

2. Хмель Н.Д. Теоретические основы профессиональной подготовки учителя. – Алматы: 1998. – 320 с.

3. Педагогика. Уч.пособие для студентов пед.вузов и пед.колледжей /под ред. П.И. Пидкасистого. – М.: 2004. – 608 с.

4. Бейсенбаева А.А. Теория и практика гуманизации школьного образования. Алматы.,1998.

5. Жампеисова К.К. Формирование основ политической культуры старшеклассников в целостном педагогическом процессе школы. Алматы., 1993.

6. Станкин М.И. Психология общения: курс лекций. – М.: 200. –304 с.

7. Психология и педагогика. /Под ред. С.А. Хмелевской. 2002. – 176 с.

8. Гершунский Б.С. Философия образования для XXI века. – М. 1985.

Тақытыптар : Педагогикалық процестің құрылымындағы тәрбие.

Тәрбиелеу әдістерінің, формаларының,құралдарының жүйесі.

Тәрбиенің мазмұны.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет