Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Жаратылыс ғылымдар факультеті
Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындықтың теориясы мен әдістемелер кафедрасы
Пән: «Дене шынықтыру және спорт педагогикасы»
5В010800 «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша оқитын
2 курс студенттеріне арналған
ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
Семей 2011
Құрастырушы: Дене шынықтыру және БӘД теориясы мен әдістемелер кафедрасының аға оқытушысы Ерменова Батиля Оралбаевна
Кафедра отырысында бекітілген: хаттама № ___ «__» _____________жыл
Дене мәдениеті және спорт ілімі мен әдістемелері
кафедрасының меңгерушісі п.ғ.к., доцент Тусеев Б.М.
Жаратылыс ғылымдар факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында талқыланып бекітілді
Хаттама № __ «_____» __________________жыл
Жаратылыс ғылымдар
факультетінің ОӘК төрайымы Абдишева З.В.
Жаратылыстану ғылымдар факультетінің Ғылыми кеңесінде бекітілген
Хаттама № __ «_____» __________________жыл
Жаратылыс ғылымдар
факультетінің деканы, х.ғ.к. Ибраева Л.С.
МАЗМҰНЫ:
Глоссарий.....……………………………………………………………….........4-14
Силлабус..............................................................................................................15-24
Дәріс сабақтары……………………………....................………….................25-226
Сарамандық сабақтарының жоспары және оны орындауға әдістемелік нұсқау………………………………………………………………...............227-236
СӨЖ тапсырмалары және оны орындауға әдістемелік нұсқау..................237-242
ОЖСӨЖ тапсырмалары және оны орындауға әдістемелік нұсқау….......243-245
Бақылау жұмыстың тақырыптары…………………………………............246-247
Бақылау түрлері ……………………………………………………..........…247-281
" Дене шынықтыру және спорт педагогикасы" пәні бойынша глоссарий
АБСТРАКТЫЛЫ ЖӘНЕ НАҚТЫЛЫ (абстрактное и конкретное)-философиялық ұғымдар. Педогогикалық ғылымында кеңіне пайдаланылады. Нақтылы ұғымы заттың дамыған бір тұтастығын, мазмұнды жақтары мен байланыстарын, сонымен қатар барлық қажеттерінің бірлігін анық бейнелейтін ауқымды білімдерді белгілейді.
Абстракталы ұғымы нақтылының даму сәтін, бағытын, кезеңін белгілейді. Ол нақтылының дамымаған, қанат жаймаған, біржақты елестетілуі. Ойлауда нақтылы сұрыптаудың барысы, нәтижесі ретінде көрінеді. Шындығында ол –танымның басы,осының салдарынан, нақты пайымдау мен елестетудің негізі болып табылады. Ал абстрактылыққа келетін болсақ, ол- танымның ойдағы нақтылыға қарай қозғалу сәті. Осы қозғалыс барысында обьектінің жеке қасиеттері мен жақтарын белгілейтін бір жақты білім нақтыланады.Яғни обьектінің анықтамалары, қасиеттерімен жақтары жөніндегі білім абстрактылыны сұрыптау жолымен байытылады, айқындала түседі.Бұл сұрыптау обьектінің түрлі жақтарының шынайы байланысын олардың біртұтастығы негізінде көрсететін ғылыми абстрактылауларды бір жүйеге келтіру тәсілі болып табылады. Бұл-абстракталыдан нақтылыға өрлеу әдісі.
Адамның өзіндігі (индивидуальность)-адам тұлғасының қайталанбас ерекшелігі, оның бүкіл адамзаттық құндылықтарды өндіру және жетілдіру қабілеті дамуының жоғарғы саласы. Тіршілік иесі ретінде адам басқа адамдармен қарым-қатынас барысында жалпы адамзаттық мәдениет мұраларын жасау турлерін, тәсілдерін және құралдарын игере отырып қана өмір сүреді.
Адамға өзіндік тұрғыдан қарау(индивидуальный подход)-оқыту және тәрбиелеу барысында оқушыларды өздеріне тән ерекшеліктерін есепке алу. Мысалы олардың білім деңгейін,саяси дайындығын,мұраттарын, өмір тәжірибесін т.с.с. есепке алу.
Оқытудың жаппай, топтық жеке түрлерін ұштастырып отыруды қалайтын дидактикалық талапқа сәйкес әрбір нақты жағдайдан оқудың жекелік сипатқа ие болудың тиімді деңгейін табу керек. Оқушыға өзіндігі тұрғысынан қарау сабақта және оқуды ұйымдастырудың басқа да түрлерінде жүзеге асады. Бұл мұғалімнің оқушылардың оқу іс-әрекетін, қоғамдық және еңбектік белсенділіктерін, оқуға қатынастарын,жұмыс қабілеттерін тағы.с.с байқау, талдау, әдістерімен зерттеу нәтижелеріне сүйенеді.
Оқушыға өзіндігі тұрғысынан қарау оған берілетін оқу тапсырмаларының көлемі мен күрделігін жіктеуден , ол тапсырмаларды орындауда оған берілетін өз бетіндік әрекеттің деңгейлігінен, бірде мадақтау, бірді талапты күшейту және басқа да оқу себептерінің сипатынан көрінеді.
Адам тұласының бағыттылығы(направленность личности) белгілі қоғамға оның мұрат-мақсаттарына орынды немесе теріс қатынастары тұрғысынан қарағандағы жеке адамның ең елеулі,шешуші сипаттамаларының бірі. Жинақталған түрінде адам тұлғасының бағыттылығы-өз халқының, бүкіл адамзаттың асыл мұратына ұмтылуы, оған жету жолындағы күресі
Мектеп жағдайындағы оқушы тұлғасының бағыттылығы аға ұрпақ тәжірибеіндегі жинақталған білім,білік , дағдылармен қаруланып қоғамның адал азаматы болуға ұмтылуы, еңбек ету болып табылады.
Азаматтық(гражданственность)-адам тұлғасының жетекші сапаларының бірі. Іс-әрекет, қарым қатынас және қарым-қатынас тәрбие жүйесімен қалыптасады. Азаматтықтың мәні адамдық міндеттерін және борыштарын санаулы, белсенді атқару құқын орынды пайдалану, қоғам белгілеген ережелерді дәл орындау болып табылады.
Қоғам азаматына лайықты азаматтық сананың құлықтық пен құлықтық ережелерін игеру, сезімдері мен тәртібін дамыту барысында қалыптасады. Ол –мектеп, жанұя, еңбек ұжымдары т.б. Әлеуметтік тәрбие институттары жұмысының нәтижесі. Азаматтық адам тұлғасының патриоттық интернационалистік, еңбекке қоғамдық тұрғыдан қарау қасиеті болып табылады.
Ақыл(ум)-ойлаудың таным қабілеті дамуының жоғары басқышы, жаңа білімінің шығармалығы, адамның жүріс-тұрғысында және бүкіл өмірлік іс-әрекетде орындылықтың болуы. «ақыл» атауы ойлау қабілетінің синониміне ретінде жиі қолданылады.Ақылдың болуы, ақылды болу қарқынды және нәтижесі ақыл-ой іс-әрекетіне қабілеттің болуы деген сөз.Бұл қабілеттің басты негіздерінің бірі өзара тығыз байланысты білімдерді меңгеру болып танылады.Ақылдылық-әрбір және бөлінген біртұтастығы көре білу.Ақыл оқу барысында шешімі табылуға тиісті мәселе көтере отырып іс-әрекетке қатынасу күйін туғызу, оқу материалының мазмұнын әңгіме арқылы ашу барысында дамиды.
Ақыл-ой тұжырымы (умозаключение)-бір немесе бірнеше пікірлерден жаңа, туынды пікірді алудың логикалық тәсілін көрсететін ойлаудың түрі.Ақыл-ой түйіні алғы шарттан (бастапқы пікірден), қорытындыдан (алғы шарттан тұжырымға көшуден) тұруды.Білімдердің ғылымда және тәжірибеде дамуы, құбылыстардың мәні болып танылуы, олардың заңдылықты ара байланыстарының айқындалуы ақыл-ой тұжырымы нақты құбылыстарға баға беру, теориялық және тәжірибелік мәнді ерекшеліктерді дәлелдеу барысындағы ой-пікірлердің негізін құрайды.Қорытынды ережелердің ұстау алғышарттың ақиқатылығымен бірлескен ой-пікірдің логикалық дұрыстығын, ақыл-ой тұжырымы дәлелділігін және сендірімділігін қамтамасыз етеді.
Қорытынды танымдық бағытына қарай ақыл-ой тұжырымын дукция, индукция және ұқсастық деп үш түрге бөледі:Дидуктивтікке қорытындының жалпы білімнен жекеге қарай жүруінен ақыл-ой тұжырымының шығаруылуын яғни соллогизмді айтады.Индуктивтікке қорытынды жекеден жалпыға қарай жүруінен ақыл-ой тұжырымын шығарылуын, яғни оқиғаларымен құбылыстарды талдау негізінде қорытынды сенімдік тәжірибе немесе теориялық жинақтау негізінде құрылуын айтады. Ұқсастық дегеніміз- ақыл-ой тұжырымының екі дербес құбылыстардың салыстырылуы арқылы ортақ және басқа белгілерінің дөнінде қорытынды шығару, яғни жекеден қарай журу. Ұқсастық ғылым мен техникада модельдеу әдісінің негізі болып табылады. Мұның көмегімен ұйлес етін тарихи оқиғалалар, бір –біріне жақын әлеуметтік барыстар қатарластырып қаралатын мұғалім. Оқыту барысында ұқсастықты пайдалана отырып күрделі және түсінуге қиын барыстар мен құбылыстар жөнінде білім алуды жеңілдетеді.
Ақыл-ой тәрбиесі (умствинное воспитание)-тәрбиенің басқа салаларымен үздіксіз байланысты ойлаудың шығармалық қабілеттерін мақсатқа сай дамыту.Ойдың жұмысы адам өмірінің шарттары мен жағдайларында болатын обьективтік қарама-қайшылықтарды шешуге әрдайым БАҒЫТТАЛЫП ОТЫРАДЫ.Оқушының оқу материалын игеру оның ойының өз бетімен қарқынды әрекеті болуын, ең алдымен осы материал қамтитын келелі мәселелерді шешудің тәсілдері мен құралдары іздеуін қажет етеді.Нақты мазмұндағы іс-әрекет бағытталған заттағы қарама-қайшылықты табу және көру, оларды тәжірибеде шешудің құралдарын және мақсатын табу мен анықтау ақыл-ойдың ең басты қабілеті.Бірақ бұл қабілет өзінен өзі пайда болмайды. Мұғалім оқушылардың іс-әрекеті бағытталған заттарды өз бетімен саналы түрде ұғынуды қажетсінуін дамыту, ақыл-ой әркекеттерінің тұлғалық сылтауларын және дағдыларын қалыптастыруы керек. Келесі мәселені мағыналы ұғыну, қарама-қайшылықтарды шешу адамды, сөз жоқ, басқа адамдардың мүдделерімен, олардың көз-қарастары, құлықтары және талғамдық мұраттарымен байланыстырады. Сондықтан да ақыл-ой тәрбиесі тәрбиенің басқа салаларымен біртұтас жүреді.
Алдын-ала сезіну(интуиция) –адамның дәлелдеудің көмегінсіз тікелей ақыл-ойға салып ақиқаттыққа жету қабілеті. Шындықты алдын-ала сезінуден бұрын игерілген тәжірибенің және алдыңғы болған ақыл-ой жұмысының нәтижесі болуы мүмкін. Бұл тәжірибенің шешілетін міндетпен байланысты.Белгілі кезеңге жеке адаммен ұғынылмайды.Шындықты алдынала сезіну жинақталған тәжірибе оның өзекті ізденіс іс-әрекетімен байла нысқан ғана пайда болады. Шындықты алдын-ала сезіну арқылы табылған жауап лоикалық дәлелдемемен бекітілуі қажет.
Атеизім-дінге сенуді болдырмауға тырысатын ғылыми көзқарастар жүйесі. Ғылыми атеизім философиялық пәндер қатарына жатады, діни көріністерінің негіздері мен себептерін зерттейді.
Атеистік тәрбие (атеическое воспитание)-оқушыларды дүниеге ғылымыи материалистік көзқарастарды, атеистік сенімдерді бекітуге мақсатты және жүйелі әсер ету. Мектеп тәрбиесінда атеистік сенімдерді бекітуге тәрбие берудің көптеген түрлерімен әдістері қалыптасқан. Олардың ішінде балалар мен жас өспірімдерді жанұяда және мектепте тәрбиелеу, ғылыми атеистік үгіт, көпшілікке хабар тарататын құралдарды пайдалану, жаңа салт-дәстүрлерді,әдет-ғүрыптарды өндіру, дінге сенушілер мен сеніміне зәбір көрсетпей, үлкен әдептілікпен жүргізілуі керек.
Атлас-жалпы бағдарламалармен біріктірілген географиялық, саяси экономикалық, тарихи және басқа да оқу қатарларының жиынтығы. Жеке жұмыс жасауға арналған құрал.
Ашық сабақ(открытие занятие)-мұғалімнің жұмыс тәжірибесін зерттеу және тарату түрі. Ашық сабақты өз ісінің шеберлік деңгейіне көтерілген мұғалімдер,тәрбиешілер өткізеді. Оған жас мамандар, пәндік бірлестік мүшелері және басқа да іске қатысты бір адамдар шақырылады. Ашық сабақ ұжым болып талқыланумен аяқталады. Мұғалім мен оқушылардың бірлескен іс-әрекетімен жарамды және жарамсыз жақтары айқандалады.
Әдіс(метод)-білім беру тәрбилеу және дамыту барысында белгіленген мақсатқа жетуді қамтамассыз етуге, ғылыми зерттеуді жүзеге асыруға көмектесетін тәсіл, алға қойылған міндеттерді шешу үшін ұйымдастырылған адамдардың, ұжымдардың іс-әрекетінің бір жолы.
Біз диалектикалық материялистік дүние тану әдісін башылықа аламыз ол табиғат қоғам ойлау дамуының жалпы заңдарын қамтиды.Бұл жағдайда материалистік диалектикалық басқа ғылымдардың философиалық негізгі негізгі тұрғысынан көрінеді
Әдіскер (методист) жеке пәндерді оқыту саласының тәсілі жақсы және білікті қолдана алатын, соның негізінде оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу міндеттерін орынды пайдалану. Кез келгекн мұғалім әдіскер болуға тырысады. Ол үшін жан жақты әдіскер болу керек
Әдістемелік кеңес (методическиисовет) мұғалімдердің іс әрекетін басқарудың қоғамдық орталығы. әдістемелік кеңес бірлестігі оқу пәндері, тәрбие жұмыс, бастауыш оқыту мәселелері төңірегінде құрылады. Әдістемелік кеңес міндеттерін оқу тәрбие барысын орынды жүзеге асыру жолдарын жетілдіру және тиімділігін арттыру мәселелерін қарау кіреді.Семинар, курстар,теорялық, ғылыми тәжірбелік және әдістемелік конференциалар откізіледі. Жеке жүмыстарға байланысты әдістемелік нұсқаулар, тәжірбені зерттеу, жинақтау, тарату жасайды. Мұғалімдер мамандыққа даярлық денгейін көтерумен айланысады.
Әдістемелік құрал (методические пособие) белгілі бір пәнді оқытуды ұйымдастыруды мұғалімге көмек көрсететін нұсқаулар және ақыл кеңестер жиынтығы.Мұны тәжірбелі ғалымдар,мұғалімдер құрайды.
Әлеуметтік экология (социяльная экология) қоғам мен адамды қоршаған табиғи ортаны өзара қатынасын заңдылықтарын зерттейтін білімнің саласы. Экология атауының дәл мағынасы (өмір сүру орны жөніндегі ілім дегенді білдіреді. Жас ұрпаққа өмір сүру орны жөніндегі ілімнен білім тәрбие беру ең басты мәселе себебі қоршаған орта материалды және рухани құндылықтардың қайнар көзі болып табылады.
Әлеуметтік құбылыс(социальное явление)-қоғамдық өмірдің ішкі мәнін ашатын нақты сыртқы көрінісі ретіндегі деректер, оқиғалар ,барыстар жиынтығы. Әлеуметтік шындықтың теориясын,оның зерттейтін заңдарымен заңдылықтарын ұғынып алу танысу субьектінің құбылыстар мәніне енуі болып табылады. Бұл өзара тығыз байланысты құбылыстар мәніне енуі болып табылады, нақты оқиғаларды , деректерді, барыстарды талдау арқылы жүзеге асып, нәтижесінде адам қоғамдық дамудың жалпы заңдылықтары жөнінде қорытындағы келеді және оларды тәжірбелік іс-әрекетіне басшылыққа алу мүмкіндігіне ие болады.
Әңғімелесу(собеседование)-мектепте оқыту барысын ұйымдастырудың құрамды бөлігі,белгілі бір тақырыпты игеру мақсатына жетудің жолы. Әңгімелесу мақсаты оқушылардың әдебиеттерімен өз беттерімен жұмысында қиындық тудыратын келелі мәселелерді терең зеттеу үшін мұғалім басшылығымен ұжым болып талқылау. Әңгімелесу арқылы ұжым болып талқылап оқытуды ұйымдастырудың басқа турлерінде оқушылардың алған білімін жинақтауға, айқындай тусуге,бекітуге көмектеседі.
Әңгімелесу барысында оқушылардың білімін тексеруге үлкен көңіл бөлінеді, бірақ оның бұл бақылау қызметі білім беру мен оқыту қызметінен басым туспеуі қажет. Мұғалімнің міндеті ұждымдық талқылау арқасында әрбір оқушының оқу материалын игеуіне қол жеткізу болып табылады. Білімді тексеру осы мақсатқа бағындырылады. Жақсы ұйымастырылған әгімелесу тақырыптық күрделі сұрақтарды түсінуіне ғана емес оқу ісінде бақылау және өзіндік өзі бақылаудың да құралы бола алады. Сөйлеген оқушылардың сөз сапасынан, олардың талқылау барысындағы белсенділіктерінен кімнің өтілген материалды қалай игергенін, қандай әдебиеттерді оқығанын біліп, осыған байланысты әр оқушының іс-әрекетіне қандай тузетулер енгізуді анықтауға болады.
Әсемдіктану(эстетика)-табиғатта, қоғамда, адам іс-әрекетінде, әсіресе өнерде заттардың және құбылыстардың мәні мен дамуының заңдылықтары жөніндегі философиялық ғылым. Ақиқатты адамның тануы құбылыстар сырына тек ақыл арқылы ену емес. Ақиқат адамдарға түйсік арқылы беріледі, көңіл күй сезімінен біртұтас қабылданады. Біздің танымымыз ақиқатты сезімдік ұғым бейнелі көңіл-күй сезімі арқыла қарқынды турлендіруші барысы болып табылады . Әлемнің барлық құбылыстары мазмұны мен түрдің белгілер қатынасының түйінді өмір суреді. Заттың немесе құбылыстың жетілгендігі, идеялық мазмұны мен түрінің үндестік бірлігінің сәйкестігі адамға әсемдіктің ляззатын алып келеді.
Әсемдік тануға тәрбиелеу(эстетическое воспитание)-оқушының бойында өнерге және шындыққа әсемдік көзқарас тұрғысында идеялық көтеріңкі көңіл-күй сезінерлік қатынасты қалыптастыру барысы. Мақсаты оқушы тұлғасының әсемдікті тануының,білім алуын дамыту,рухани құндылықтарға көркем шығармашылық іс-әрекеттерге қатынастыру.
Тарбиенің бұл саласын жүзеге асыруға табиғат,еңбек,тұрмыс, қоршаған орта қоғамдық және тұлға аралық қатынастар зор роль атқарады.
Бұл тәрбиенің басқа салаларымен тығыз байланысты жүзеге асады .
Әскери партриоттық тәрбие(военное патриотическое воспитание)-адамгершілікті адам тәрбиелеудің құрамды бөлігі. Қажет болған жағдайда қолға қару алып өз Отанан қорғауға жастар бойында адамгершілікті саясы, психологиялық куш жігерлік, әскери мамандық салаларды қалыптастыру болып табылады. Бұл тәрбиеды өз халқының Отанының тарихи тәрбиесі, аға ұрпақтың жауынгерлік дәстурлері үлкен орын алады.Әскери потриоттық тәрбие саласында жас ұрпақтың бойында сенім,халқын,Отанын сүю, патриоттық және интернационалдық сезім, аға ұрпақтың жауынгерлік дәстүрлерін жалғастыру мен дамыту және басқа сапалық қасиеттер қалыптсады, әскери патриотттық тәрбие мектеп, жанұя,қоғамдағы басқа де әлеуметтік тәрбие институттары арқылы жүзеге асады.
Жүзеге асырудың негізгі жолдары:арнайы пән оқу барысында, әскер,спорттық,әскери техникалық ойындар, белгілеген ереже талаптарын орындау тарихи орындарға жорықтар ,іздену және мұражай жұмыстары
Байымдау, ұғынып ойлау(суждение)-заттардың және олардың белгілерінің арасындағы байланыстарды бекітуді және жоққа шығаруды, ақиқаттық немесе жалғандық түрінде ие болуды бейнелейтін ойлаудың турі. Құрылымы жағынан ұғынып ойлау немесе байымдау 3 сатыдан тұрады
Субьект(әрекет иесі) –белгілі зат жөніндегі ой .
Предикат(р)-заттың жаңа белгісі жөніндегі ой
Байланыстар затпенбелгілердің өзара байланысының бар, не жоқекендігін көрсету
Танымдық қызметі жағынанан байымдау немесе ұғынып ойлау жаңа хабарды берудің логикалық құралы. Мұның грамматикалық түрі сөйлем.
Байқау(наблюдение)-іс-әрекеттің міндетінен шығатын алдын алы белгіленген мақсатқа бағыты қабылдау. Тарихи турғыдан қарасақ байқау еңбектің құрамдыбөлігі ретінде дамыды . Әлеуметтік шындықтың және еңбектің іс-әрекеттің күрделенуіне байланысты байқау өзалдына салыстармалы барыс ретінде болініп шықты. Ғылыми байқауда қойылатын талаптар ойластырудың бір мәнділігі, обьективтілігі , яғни байқауда бақылау арқылы қайталау мүмкіндігі немесі зерттеудің одан да қуаттырақ басқа әдістерін әсіресе эксперименттік пайдалану байқау нәтижелерін талқылауға көбірек көңіл бөлінуі қажет.
Байқау іштей және сырттай жүргізіледі. Байқау натижелерін мұғалім оқу материалын мазмұнды және қол жетерлік өтіп баяндау үшін пайдаланады. Оған қоса мұғалім оқушыларды байқауға,қоршаған шындықты және әлеуметтік құрылыстарды жүйелі, орынды қабылдауға жетелейді, байқаау қорытындысы пайдалануға үйретеді
Барыстарға қойылатын жетекші талап(принцип)-іс-әрекеттегі негізгі,іргелі ой,жүріс-тұрыс ережесі. Ол жетекші ұғым ретінде қаралып, әйтеуір бір қағиданы қарастырып отырған құбылыста жинақтау және таратуды көрсетеді
Баяндама(доклад)-нақты тақырыптың мазмұнын кеңейтіп айтып беру,оқушылардың өз бетімен жұмысының түрі ретінде көрінетін әдіс. Мектеп жағдайында сабақта сыныптан тыс жұмыстарда пайдаланады. Оқылатын материалдың негізгі мазмұнына сай көкейкесті теориялық мәселелерге арналды.
Баяндаманы пайдалану оқушылардан таңдап алынған тақырыпты терең талдау жасауды әдебиеттерді білікті пайдалануды материалды жүйеге келтірді және жинақтауды өмір тәжірбесіне сүйенуді талап етеді
Баяндаманың натижесінде нақты жоспар жасаудың негізгі сұрақтарды шешімі табылуға тиісті мәселе ретінде отырып мазмұнын айтып берудің көтерілген хағидаларды сендірімді негіздеудің дұрыс дәл жинақтау және қорытындылаудың ықпалы зор болады. Жоспар жасауға , әдебиеттерді таңдап алуға мұғалім көмектеседі. Баяндамадағы ой желісін оған сәйкес әдебиеттер алдын ала таныстырылған болса баяндаманың талқылау оқушылардың танымдық мүддесін кеңейтеді және тереңдетеді, өз беттерімен көкейкесті мәселелерді іздеп табу мен зеттеудің берік дағдыларын қалыптастырады
Бедел(авторитет)-жеке адамның,әлеуметтік институттың идеяларны жуйесінің нақты сапаларының,сіңірген еңбегіні күшіне қарай көпшілік мойындаған мағына,ықпал.
Тәрбие мен оқытуда бедел оқушылардың жасампаз құлшыныс жігері мен бетіндегінің дамытады,тұлғаның іс-әрекетінің мақсаттылығының жауыапкершілігінің және тәртіптілігінің шарты болады.
Бейімделу(адаптация)-тіршілік ету жағдайына адамның өз тұлғасын қолайлау әрекеті.Тарбиелену және оку барысында байланыста қоғамда белгіленген ережелерге оқушылардың өз тәртібін сәйкестендіру болып табылады.
Бейімділік(склонность)-белгілі бір іс әрекетпен айналысуға оқушының бағыттылығы.Оқушының таңдамалы белсенділігімен, оның өз еңбегіне дұғалық берілгенділігімен сипатталады,толық еңбек, оқу, кез келген шығармашылық іс-әрекетінің маңызды шарты ретінде қаралыады.Іс әрекетке сәйкес қабілеттердің дамуына тәуелді.Бейімділік қандай іс-әрекет пен айналысуына , оның қарқыны мен шеңберіне қарай айқандалады. Мұғалімнің,тәрбиешінің міндеті оқушыға өз бейімділігін көріп, анықтауына көмектесу және олардың дамуына жағдай жасау болып табылады .
Библиография-басылымдарды оқырмандардың саяси,ғылыми тәрбиелік мақсатта тиімді пайдалануы үшін хабар беруді қамтамассыз ету жолдарын зерттейді Библиография әдебиеттердің басылып шығу мерзіміне , аймақтық белгісіне мемлекет, өлкелік жергілікті т.с.с. тақырыптық ауқымына қарай болінеді
Болжам(гипотеза)-құбылыстардың өмір сүру себептерінің шындығын қасиеттерін түсіндіру мақсатында алға қойған негізделген жорамалды көрсететін ғылым түрі.Болжам деп кез келген ойдан туған жорамал немесе қиялды айтуға болмайды.Обьектіге байланысты болжам жалпы және дербес болып бөлінеді.Ғылымда іске басшылық болжамы маңызды орын алады.Зерттеудің бастапқы кезінде алға қойылатын бақылау нәтижелерін тұңғыш жүеге келтіру, бірақ оларды түпкілікті түсіндіру қамтамассыз етпейтін шартты долбар болады.Болжам арқылы дамытудың 2 кезеңі бар.Олар болжамды құру тексеру.Болжамды құру алғашқы белгіленгендерді табу және сұрыптау.Болжамды тексеру одан туындайтын нәтижелерді және оларды нәрселердің нақты күйімен салыстыруды жалпыдан жеке қарай жүретін ой туындалын жүзеге асыру.
Білік (умение) -әйтеуір бір ережеге және оны нақты міндеттерді шешу барысында лайықты пайдалануға негізделген жаңа әрекетті меңгерудің нәтижесі.Білікті әрекеттің орынды тәсілдерін таңдай білуден, тек қана таңдай білуден емес оларды тәжірибеге қолдану.Біліктің және дамуның ең тиімділігін қамтамамсыз жалпы шарттар
-тұжырымдалған ережені тусіну
-орындалатын қажет әрекет бейнесін қалыптастыру
-жаңа міндеттерді шешу барысында әрекетті оындаудың нәтижілігі жөнінде хабар алып отыру.
Білім(знание)адам ойында шындықты дұрыс бейнелеуі қоғамдық тәжірибеде тексерілген таным барысының нәтижесі. Білім адамдардың қоғамдағы материалдык және рухани іс әрекеті нәтижесі ретінде пайда болады кез келген шендеықты бейнелеу білім болмайды(жануарларға байланысты қарайтын болсақ) адам өзін өмірдегі ісінен , оның обьективті жағдайлары мен заттарынан бөліп қарайды. Адамдар болмысының тәсілдерінің өзі олардың әлемге қатынастарының тәсілдерінің мақсатқа сәйкес және тек басқа адамдармен қарым қатынасымен жүзеге асатын нақты іс. Сондықтан да әрбір жеке адам өз әрекеттері мен заттарына сырттай қатынасатын сияқты. Әрбір құбылысының өзіндік қасиеттері мен сапалары бар шын әлем оған сыртқы обьективті өмір ретінде корінеді. Адамның обьективті әлем заттары мен құүбылыстарының обьективті мүмкіндіктері жөніндегі ойы оның білімдерінің алғашқы турі. Тек білімдер ғана іс мақсатын көруге береді. Бұл жерде адамның шындыққа қатынасы аралыққа айналды. Осы қатынас яғни адамдардың шын өмір барысын олардың болмысын саналы қабылданған болмысқа айналдырады. Сана дегенімізадамның әлемге қатынасының һөөзі осы әлемніңшын қабылеті қандай және оған өзінің заттары мен күштері арқылы әсер еткенде не болатынын біле отырып қатынас жасау.
Білім беру(образование)-жүйеге келтірілген білім ,білік және дағдыларды игеру барысы және нәтижесі , оқушы өмірге және еңбекке дайындаудың қажетті шарты , білім берудің негізгі жолы мектепте оқыту б ілім берудің мектепке дейінгі бастауыш, ора, жоғары тағы сол сияқты сатылары бар.
Білім беру әдістемесі(методика образование)-ғылыминегізделген оқудың әдістері, ережелері, тәсілдері,, жүйесі осының арқасында оқушының дуниеге көз карасын қарастырып алған білімдерін тәжірбие жүйесі осының арқасында оқушыеның дүниеге көзқарасын қалыптастырып алған білімдерін тәжірбиеде өз бетімен қолдану дағдыларымен қаруландыру
Білім беру әдістемесі таным теориясына суйенеді. Педагогика , психология, логика және т.б бірқатар ғылымдар жетістіктерін басшылыққы алады. Білім беруде оқытуға қойылатын талаптарды шығармашылықпен қолдану үлкен пайда келтіреді.Психология ғылымындағы оқушы зейіні , иесі , қабылдауы, қызығуы мәселелерін оқыту барысында есепкеалу қажет. Логика мұғалімді ойлау заңдарын білу мен, сендіру әдістерімен, алға қойған қағидаларды ғылыми дәлелдеу тәсілдері мен қаруландыру .
Оқыту барысының кезеңдерінде сәйкес әдістемедемұғалімнің сабаққа дайындалу , жаңа материалдарды баяндау ,оқушылардың әдебиеттер мен өз бетімен жүұмыс істеуі олардың оқу және тәжірбелік тапсырмаларды орындауы қорытындылау білінін тексеружәне бюағалау тәсілдері қарастырылады.
Білімді бекіту(закрепление знание)-оқытудың барлық кезеңдерінде ж үзеге асатын білімді игеру беріктігінің міндеттерін шешуге мумкіндік беретін барыс.Әдетте білімдерді бекітуге арнайы уақыт бөлінеді . Оқылатын материалды тусіндіру барсында оның негізгі мазмұнын қайталау үшін әңгіме ұйымдастырылады . Білімді бекітудің ең тиімді тәсілі оларды тәжірбиеде қолдану болып табылады. Білімді бекіту оқытатын жаңа материалмен байланыстар негізінде бұрынғы білімдерді тереңдетуді, білім , білік, дағдыларды жетілдіруді талап етеді . Білімді бекітудің үйреншікті әдістері мен түрлері бұрын оқылған материалдар б/ша әңгіме, жинақтау сипатындағы сабақтар, шолулар, кітаппен жұмыс, тәжрибелі тапсырмалар болып табылады .Ұмытудың алдын алу білімдерді бекіту мақсвтында оқу жұмысының барысында тексеружәне қайталау жұмыстары жүргізіледі. Бұл оқу материалы жуйеге келтіруді ,жинақтауды, толықтыруды және білім мен біліктің беріктігін қамтамассыз етеді. Осы жұмысты жүргізуге мұғалім болашақ оқу жұмысына қажетті білім қырларына басназар аудара ды.Әдістемелік тұрғыдан дұрыс ұйымдастырылған білімді бекіту жұмыстары түрлі анықтама әдебиеттерді жұмыс орындауда , бақылау орындауда тиімді пайдалануға оқушылардың танымдық қызығуын , өз беттерімен білім алу қабілеттерін дамытуға бейімдейді.
Білімді ұғып алу(усваение знание)-білім , білік дағдылады игеруге бағытталған іс-әрекет. Зерттелетін құбылыстарды деректерді, барысмтарды талдау және мсұрыптау нәтижесінде ғылыми ұғымдардың негізін қалайтын жинақтау қалыпта сады. Білімдерді ұғып алудағы жинақтаулар сипатын оқушылардың жеке ерекшеліктерімен және қабілеттерімен анықталады. Мұғалім бул ерекшелктерді еске ала отырып оқушыларды талдау, сұрыптау, жинақтаужалпылау, сияқты ақыл адамдарын үйретеді мысалы, жалпы ұғымда шығару үшін жеткілікті деректер мен құбылыстарды талдай отырып бекітеді . Оқыту барысында тек дайын білімдерді беру ғана емес , оқушыларға оларды өз бетімен алу білігін үйрету, оның тиімді тәсілдері мен әрекекттеін қалыптастыру маңызды нәрсе болып табылыады.
Білімді тексеру(проверка знании)-оқыт у барысында құрамды бөлігі . Мұның мақсатыоқушылардың алғанбілімдерінің және оларға негіздетген дағдылардың толықтығын , тереңдігін жуйелігін, осы білімдерді өздерінің танымдық және тәжірбиелік істерінде қай шамада паидалана алатын анықтау болып табылады . білімді тексеру мұғалімді дер кезіндегі білімдегі кеткен кемшілікті көре білу, оны жоюға қол жету, оқушылардың өз бетімен бюілім алу мүмкіндігіне жеткізеді. Осымен қатар оқушыларджың оқуға қатынасын олардың мұддесін жеке ерекшеліктерін анықтауға осыны есепке ала отырып ұжымдық және жеке орқу жұмысының лайықты әдістерін пайдаланып оқу барысмына жетілдіруге жол ашады .
Білімді тексергенде оның ауқымы мен сапасы ,ғоқылған материалды түсіну мен игеру негізгі ойлау адамдарын меңгекру дәрежесі , әрекеттерінің бірізділігі сенімділігі, өз бетінділігі турлі жағдайларда тәжірбеде ол білімдерде пайдалану білігі есепке алыну қажет. Білімді тексергенде жүйелі мағыналы , оқушылардың таным істерінің қарқынын күшейтуге көмектесу талаптарын орындалуы керек.
Білім беру және оқыту теориясы(теория образование и обучение дидактика(-педагогика ғылымының саласы. Білім беру және оқұыту теориясы жас кезеңдерінің барлық сатьыларына сәйкес оқытудың заңдылықтарын оған қойылатын талыаптарды , білім беру міндеттерін мазмұнын , оқыту мен оқу түрлерін әдістерін оқу барыснда ынталандыру мен бақылауды анықтайды. Білім беру және оқыту теориясының методологиялық негізі таным теориясы, оқушы тұлғасын жан-жақт ыжәне үйлесімді қалыптастыру туралы ілім болып табылады .Бұл теория білім беру және оқытуды арнайы ұйымдастырылатын іс деп қарайды. Оқыту барысынджа оқушылардың білім , білік , дағдыларды меңгеруде мұғалім мен олардың өз беріндік іс бірлігі айқындалады ,
Білім беру және оқыту теорисы адамның ісін санасын ,қарым-қатынасын знрттейтін философия.Бұл еориның мақсаты оқытудың заңдылықтарн қоғам қажеттігіне сай оқытудың мақсаттары мен міндеттер, әдістері турлері және нәтижелері байланысын ашу. Заңды байланыстардың коптеген түрлерін жинақтай отырып бұл теорис оқытуға қойылатын талаптарды қалыптастырады. Бұл талаптарды орындай отырып мұғалім оқу барысын қолайл етіп құра алады. Соңғы жылдары білім беру және оқыту теориясы оқу жүктемесін тиімді және ұтымды ету тұрғысынан оқытудың әрбір нақты жағдайын сапалы және мақсатты ұйымджастыруға мүмкіндік беретін оқыту барысын қолайлы ету теориясын жасап шығарады. Қоғамдық қажеттілікті есепке ала отырып әрбір тарихи кезеңге білім беру және оқыту теориясыоқыту міндеттерін білім беру мазмунын таңдап
Алу белгілерін , оқу жоспарларын , бағдарламаларын, оқулықтарды оқу құралдарын дидактикалық материалдарды жасаудың негізін ашып береді. Білім беру және оқыту теориясы оқыту әдістерін зерттейді, оларды түрлі негізде топтайды, тәжірбиелік эксперименттік және педагогикалық озат тәжірбие негізінде жаңа әдістер мен әдістемелік жүйелерді жасайды. Бұған шешімі табылуға тиісті мәселе көтере отырып , оқушылардың танымдық іс жасау күйін туғызу , ізденіс , әдістерінің пайда болуы дәлел. Білім беру және оқыту театры оқытуды ұйымдастыру түрлрі мен құралдарын қарастырады. Ғғылым(наука)-мақсатыф мен қызметі адамның өзі және оны қоршаған әлем жөніндегі білімдерді жасап шығару болып табылатын адамзаттың іс шеңбері, қоғамдық санның бір түрі. Ғылым деген атау мен табиғат қоғам құбылыстарын түсінуге және олардың дамуын алдын ала болжауға мүмкіндік беретін бірте кеңейіп келе жатқан теориялақ білім жуйесін белгілейді. Қазіргі кезде ғылым тікелей өндіргіш күшке айналып отыр.
Ғылыми абстрактілеу(научная абстракция)-заттардың белглі бір қасиеттерін немесе қатынастарын ойша бөлуді өз бетімен қарастыруды қамтитын танымның бір жағы, турі . Мұның мақсаты мүғалімдердің теориялық деңгейін білімждігін әдістемелік дайындығын көтеру педагогика ғылыми жетістіктерін насихаттау, озат тәрбиені жинақтау оқушылар мен жұмыста тиімді әдістер мен жұмыс турлерін қолайлы пайдалануды өндіру.
Ғылыми тәжірибелік конференция-оқыту және тәжірибелеу жұмыстарының өзекті мәселелерінің тәжірибесін ұжым болып зерттеу және талқылау түрі.Мұның мақсаты теорияны басшылыққа ала отырып нақты тәрбие мекемесінің тәжірибесіндегі белгіленген мәселенің шешілу барысын жан жақты талдау.
Ғылыми педогогикалық хабар(научно педогогическая информация)-пеодогогика ғылымы пайдаланылатын арнайы басылымдар техникалық құрылымдар және басқалар арқылы таратылатын оқу және тәрбиелеу теориясы мен тәжірибенің барлық салаларының дамуы жайындағы мағлұматтар жүйесі.
Дағды (навык)-еңбек және бпсқа да іс-әрекет құралдарымен белгіленген делдікпен және шапшандықпен оқу немесе ойын міндеттерін орындауда оқыту мен қайталау нәтижесіндегі білік негізінде жақсы қалыптасқан әрект Оқөыту барысында мыс, еңбек дағдыларын қалыптастыруда тек қозғалыс емес, мақсатқа сай және орынды әрекеттер танымдық іс дағдыларына ерекше зейін аудару қажет. Мыс оқыту дағдыларына оқунылардың кітаппен және бақса турлі басылымдар мен өз бетімен жумыс істеу ауызша баяндағанның және оқығанның мағынасын ажырата білу конспекті жазу жане баяндау жоспарын құру көпшілік алдында сөз сөйлеуі жатады.
Даму(развития)-өзіне тән ерекшелігі бар сапалық қозғалыстың турі. Құбылыстардың пайда болуы мен жойылып кету дамуға байланысты. Кез келген баму уақытпен байланысты болады. Дамудың бағытын тек уақыт анықтайды
Дәлелдеу(доказательства)-әйтеуір бір қағиданың ақиқаттығын осымен байланысты бар басқа ақиқаттар және пайымдаулар көмегімен тауып алудағы логикалық амал. Дәлелді пікір ғылыми ойлау өрнегінің ажырамас белгісі, ғылыми сенімдерді қалыптастыр кезеңі. Сондықтан ұстаздық жумыста дәлелдеу тактикасы мен методологиясы маңызды орын алады .
Дәлелдеу амалы құрылымы негізінен 3 буыннан тұрады. Негіздеуді қажет ететін қағида ой желісі , бұрын анықталған ақиқат пікірлер дәлелдер ой желісі мен дәәлелдердің логикалық байланысы көзін жеткізу. Дәлелджеудің әр буынына ой желісі айқын және анықталған болуы, дәлелдеу барысында өзгермеу керек. Ой желісін қалыптастыруда пайаланылатын атаулар мағынасы оқушыларға қол жетерлік болуы керек , олай болмаса олар хабарламаның негізгі идеясын тусіндіре алмайды. Жәңа атаулар оқушыларға сәйкес тусініктер арқылы ұсындырылады.
Күрделі ой жүйесі әдетте бір қатар бөліктерге бөлінеді, олар әрқайсысы һөз бетінше талқылау обьектісіне айналды. Осының барысында оларға берілген бағалауда алшақтық пайда болса, берілген ой желісіндегі қарама-қайшы пікірлер бөлігіне айналды, ой желісі оқушылар алдында сөйлеуден дәлелдеудіғ негізіболады, сондықтан дәлелдердің ақиқаттығын қарамы-қайшылықсыздығы , негіздеушісі ой желісінен бөлектігі, пікір айтуға қолданылатын түрлі ақыл қорытындылары (дедукция, индукция, салыстыру) дәлелділікті көрсету болып табылады. Қорытынды сәйкес ақыл тұжырымында ереже ретінжде сақтау дәлелдеудің логикалық дұрыстығын қамтамассыз етеді. Дәлелдеу тәсіліне сай тура және жанама турде болады. Тура дәлел қандай да бір болмысын қосымша құрылымдарсыз ой желісін шығаруға мүмкіндік беретін етіп дәлелді негідеу. Жанама дәлел ой желісіне қарама-қарсы пікірдің жалған екендігін көрсеіте отырып оны негіздеу.
Дәстүрлер (традиция)- ұзақуақыт бойына қоғамда адамдар арасындағы қатынасқа сақталып ұрпақтан*ұрпаққа берілетін әлеумттік және мәдени мұралардың құрыамды болігі. -
Ұлы педагогтардың еңбектері жайында қысқаша мәлімет
Джон Локк- "Тәрбие жөніндегі ойлар" және " Ақылды тәрбиелеу туралы"
деген еңбектерінде тәрбиенің психологиялық негіздеріне және адамгершілік қалыптастыру мәселесіне мән берді.
Жан - Жак Руссо - француз жазушысы, ағартушы-философы және педагогы. Ол баланы табиғаттан дарынды деп таныды.
Иоганн Генрих Песталоции -педагогикада алғашқылардың бірі болып тәрбие мекемелерінде теориялық қызмет пен тәрбие іс-әрекеті бірлігінің маңыздылығын көре білді.
Иоганн Гербарт - оқыту мен тәрбиенің психологиялық негіздерін жобалап берді, баладағы адамгершілік қасиетті қалыптастыру үшін оның саналылығын көтеріп, онымен сыйластық қатынас жасау қажеттігін жариялады.
Адольф Дистерверг - неміс педагогы. өзінің педагогикалық теориясын прогрестік демократиялық бағытта дамытқандардың бірі.
В.А. Сухомлинский - "Жастарды адамгершілікке" тәрбиелеудің проблемаларын зерттеді.
ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ – (SYLLABUS)
Достарыңызбен бөлісу: |