Жаратылыстану 5 сынып Қысқа мерзімді жоспар



бет1/3
Дата06.07.2018
өлшемі1,97 Mb.
#47806
  1   2   3
Жаратылыстану 5 сынып

Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

6.Экология және тұрақты даму



Мектеп: «Сырым аудандық білім беру бөлімінің жалпы білім беретін Көгеріс негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Кайров Жақсыкелді Қаденұлы

Сынып: 5

Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

6.3. Табиғатты қорғау

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сәйкес)

5.6.3.1. Қазақстан Республикасының экологиялық мәселелерін атау

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: Жаһандық экологиялық проблемаларды талдай отырып, Қазақстан Республикасының экологиялық мәселелерін анықтайды және атайды.

Оқушылардың басым бөлігі: Ғаламтор мәліметтерін және мәтіндерді пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының экологиялық мәселелерін талдап, сипаттама жасай алады.

Кейбір оқушылар: Экологиялық мәселелерінің себеп-салдарын анықтап, пайда болуы туралы өз болжамдарын айта алады.

Бағалау критерийі

-Қазақстан Республикасының экологиялық мәселелерін анықтайды.

-экологиялық мәселелерін талдайды.

- экологиялық мәселелерінің себеп-салдарын анықтайды, болжамдарын айтады.


Тілдік мақсаттар

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Экологиялық мәселелер-экологические проблемы-ecologial problem, жаһандық жылыну-глобальный потепление-global warming, орманды кесу-вырубка лес-cutting down the forest, шөлейттену-опустынивания-desertifikation, тұрмыс қалдықтары-бытовые отходы-waste, атмосфераның ластануы-загрязнение атмосферы-pollution of the atmosphere, ауыз су сапасы-качество питевой воды-the guality of drinking water



Диалогтер мен жазу үшін қолданылатын тіркестер:

-Біздің елімізде ... экологиялық мәселелер бар

-Менің ойымша, осы ... аймақтың экологиялық мәселесі...

-Бұл экологиялық мәселе мені ерекше толғандырады, себебі...



Құндылықтарға баулу

Жаһандық азаматтық: Жаһандық экологиялық проблемаларды талдай отырып, Қазақстан Республикасының экологиялық мәселелерін анықтап қоршаған ортаны қорғауға баулу.

Құндылықтарды дарыту: топтық, жұптық жұмыстарды жүргізу барысында оқушылар бір-біріне құрмет көрсету, бір-бірінен үйрену арқылы жүзеге асырылады.

Пәнаралық байланыс

Экология- экологиялық мәселелер

Биология- тірі ағзалар



Қазақ тілі- эссе жазу

Алдыңғы білім


Бастауыш сыныптардың бағдарламасында ұсынылған түсініктерге негізделеді: өсімдіктер мен жануарлардың алуан түрлілігін сақтау, адам әрекетінің тірі ағзаларға кері әсері, табиғаттың ластануы. Оқушылар табиғатты қорғаудағы өздерінің азаматтық көзқарастарын білдіреді.

Жоспар

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Дереккөздер, ресурстар

Сабақтың басы

0-5 минут

-сәлемдесу

-түгелдеу

Психологиялық ынтымақтастық атмосферасын құру

Оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айтады.

-Мен бүгін саған қуаныш тілеймін!

-Сен маған бүгін қуаныш тілейсің!

-Егер саған қиын болса, мен көмектесемін!



Сабақтың ортасы

05-40 минут

Өткен сабақты еске түсіру үшін блиц-турнир

-Экожүйелер дегеніміз не?

-Экожүйе түрлерін ата

-Экологиялық факторлар дегеніміз не?

-Табиғи және жасанды экожүйелерді ата

-Біржасушалы және көпжасушалы ағзаларды ата



Мадақтау: «Үш шапалақ» әдісі
Жаңа тақырыпқа келу:

«Қалай ойлайсыңдар, экологиялық мәселе дегеніміз не?

Жауаптарыңды дәлелдер келтіре отырып жауап беріңдер»

Оқушылар әртүрлі жауап береді.


Тапсырма 1. Барлық оқушыларға

Оқушыларға жеке талқылауға жеті жаһандық экологиялық мәселелерді ұсынамыз.

-Жаһандық жылыну

-Орманды кесу

-Жерлердің шөлейттенулері

-Тұрмыс қалдықтары

-Атмосфераның ластануы

-Ауыз су сапасы

-Тірі ағзалардың түрлерінің азаюы (биоалуантүрлілік)

Әр оқушыға бір жаһандық мәселені қарастыру тапсырылады.



Мадақтау: «Күлегеш» әдісі (смайлик)
Мұғалім: Ия Жаһандық экологиялық мәселелердің пайда болуы туралы әртүрлі пікірлер болған, енді оқушылар мына бейнебаянға назар аударайық.

Оқушыларға бейнефильм көру ұсынылады. Бейнефильмді тамашалау барысында жаһандық экологиялық мәселелердің себептерін анықтауы қажет.

(Бейнефильмді жаһандық мәселелердің фотосуреттері бар слайдтармен алмастыруға болады)
Топқа бөлу

Суреттер арқылы Қазақстанның экологиялық мәселелерін ата:






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет