Жаратылыстану циклының 2014 – 2015
оқу жылындағы жұмыс қорытындысы
2014 – 2015 оқу жылында жаратылыстану әдіс бірлестігінің шығармашылық тақырыбы «Оқытудың жаңашыл әдіс-тәсілдерді қолдану негізінде оқушылардың білім сапасын көрсету» бойынша жұмыс жүргізді.
Мақсаты:
Оқу-тәрбие процесіне жаңашыл әдіс-тәсілдерді енгізу арқылы
Мұғалімдердің ғылыми-әдістемелік, шығармашылық іздемпаздығын арттыру;
Оқушылардың интеллектуалды қабілеттерін дамыту, шығармашылық іс-әрекеттерге жетелеу;
Әдістемелік жұмыстың негізгі міндеттері:
Ұстаздардың педагогикалық шеберлігін жетілдіру;
Сабақтар өтілуінің жоғары әдістемелік деңгейін қамтамасыз ету;
Жас мамандарды кәсіби шыңдау;
Жаңа ақпараттық технологияларды ендіру негізінде оқу сабақтарының өтілу сапасын жоғарылату;
Оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдерін, жаңа технологияларды іздеу бойынша педагогикалық эксперементтерді жалғастыру;
Шығармашыл мұғалімдердің педагогикалық тәжрибесін анықтау, жинақтау және тарату;
Білім беру процесінің жаңа әдістемелік жасақтауын талдау және атробациялау, озат педагогикалық тәжірибені, оқытудың жаңаша формаларын, әдістерін енгізу;
Барлық құжаттарды жүргізу сапасын жоғарылату бойыншажұмысты ұйымдастыру және өткізу;
Оқу ғылыми-әдістемелік және дидактикалық материалды жасау.
Әдіс бірлестігінің құрамына 10 ұстаз кіреді. Олардың ішінде І санатты мұғалімдер – 3 Туртжарова Ш.Ж. Фазылова Г.З. Трысбаев К.Д., ІІ санатты –4 Мицуля О.М. Ахметова А.Р. Нурмурат А.Т. Майорова Е.И., 2 мұғалім 2015 жылы сәуір айында ІІ санатты иемденді Абдуалиев А.Е. Оспанова Г.С.
2014 – 2015 оқу жылы барысында 24-29 қарашада химия, биология, геогрфия апталығы өтті.
24.11.2014ж. күні апталықтың ашылуы болып өтті. Онда Г.С.Оспанова, Е.А.Мицуля сөз сөйлеп аптылықтың ашылуын жарялап, өткізілетін іс-шаралармен таныстырды. Ребустар, кроссвордтар мен сканвордарды шешуденде жарыс өткізілед қорытындысы апта соңында жарияланатынын оқушылырға айтып жеткізді.
25.11.2014ж. 6-11 «А» сыныптары арасында географиядан «Эстафета» атты сайыс сабақты Оспанова Г.С. өткізді. Онда балаларды екі топқа бөліп жарыстырды. Жеңімпаз «Атлас» тобы болды. Барлық оқушылар белсене белсенді қатысты.
8-11 «Б» сыныптар арасында «Знатоки химии» атты сайыс сабақты Мицуля Е.А. өткізді. Жеңімпаз Хазвалиев А. 11 «Б» сынып оқушысы.
26.11.2014ж. 5-11 «А» сыныптары арасында химия, биология пәндерінен рефераттар, сөз жұмбактар, ребустар, плакаттар сайысын Абдуалиев А.Е. өткізді. Жеңімпаз Қабыкен Ә. 7 «А» сынып оқушысы.
5-11 «Б» сыныптары арасында биологиядан викториналық сұрақтар сайысын Трысбаев К.Д. өткізді. Жеңімпаз Корепанов С. 7 «Б» сынып оқушысы.
27.11.2014ж. 6 «А» сыныбында «Жапырақтар табиғаты» ашық сабақты Абдуалиев А.Е. өткізді.
6-11 «Б» сыныптары арасында «Мы против ВИЧ» декадасына орай сабақ өткізілді. Өткізгендер Мицуля Е.А. мен Трысбаев К.Д. Балалар белсене қатысты.
28.11.2014ж. 7-8 «А» сыныптарында географиядан ашық сабақты Оспанова Г.С. өткізді.
6-11 «Б» сыныптарында географиядан интерактивті кроссворттарды
Трысбаев К.Д. өткізді. Жеңімпаз 10 «Б» сынып оқушысы Котов Д.
29.11.2014ж. 8-11 «А» сыныптары арасында химия, биология пәндерінен Абдуалиев В.Е. «ХХІ- ғасыр көш басшысы» сайысын өткізді. Жеңімпаз «Қышқылдар» тобы.
6-11 «Б» сыныптарыры географиядан документальный фильм көрді.
Апталықтың қорытындысында откен іс-шараларға тоқтала отырып белсенді қатысқан оқушыларды марапаттау болып өтті.
2014 – 2015 оқу жылы барысында 6-11 сәуірде математика, информатика, физика апталығы өткізілді.
06.04.2015ж. Апталықтың салтанатты ашылуы 5-11 сыныптар қатысты. Салтанатты ашылуына байланысты математика, информатика, физика пйндерініңмұғалімдері апталықтың барысымен таныстырып өтті. Жауаптылар: Мицуля О.М. мен Нұрмұрат А.Т.
07.04.2015ж. Физикадан «Машини шаши» атты интеллектуалдық сайыс сабақ өткізілді. Онда 7 сынып оқушылары 5 оқушыдан екі топқа бөлінді. Ойында балалар жетондарды таңдау арқылы «Маша» мен «Медьведь» топтарға бөлінді. Ойын балаларға өте ұнады, барысында өздерінің келесі жүрістерін топпен бірлесе, ақылдаса отырып шешті. Әрбір дұрыс жауап үшін топ чупа-чупс алды. Тақтада қалған дойбылардың саны мен чупа-чупстың санымен санап жеңімпаз «Медьведь» тобы жеңді. Өткізген Мицуля О.М.
08.04.2015ж. Физикадан олимпиада 7- 11 сыныптар арасында О.М.Мицуля өткізді. Информатика пәнінің мұғалімі Ә.Т.Нұрмұрат 5-6а сыныптарында ашық сабақ, физикадан 7-11б сыныптарында Мицуля О.М. «Суперинтуиция» атты сыныптан тыс сайыс сабақ өткізді.
09.04.2015ж. «Параллелограмның ауданы» 7-8а сыныбында ФазыловаГ.З. ашық сабақ, 7б сыныбында физикадан Мицуля О.М «Давление» атты ашық сабақ, 7-11а сыныптар арасында физикадан Ахметова А.Р. «Қызықты физика» атты сыныптан тыс сабақ, физикадан 7-11б сыныптарында Мицуля О.М. «Кто знает физику на 10 миллионов?» атты сыныптан тыс сабақ өткізді.
10.04.2015ж. Математикадан 5-11б сыныптар арасында ТуртжароваШ.Ж. «Юные математики» атты ойын, информатикадан 5-11а,б сыныптарының арасында «3000 теңге кімге бұйырады?» атты ойын, физикадан Ахметова А.Р. 7-8а сыныптарында «Магнит өрісі» атты ашық сабақ өткізді.
11.04.2015ж. 5-11а,б сыныптарының арасында ғарышкерлер күніне орай өлең, ән сайысының қорытындысы, математикадан Фазылова Г.З.5-11а сыныптарының арасында «Тапқыр достар» атты интеллектуалдық ойынды, информатика, физикадан танымдық-саяхат ойынын өткізді. Апталықтың өтүінің барысының қорытындысы шығарылды, белсенді қатысқан оқушылар марапатталды.
Осы оқу жылы ішінде информатикадан оқушылар облыс көлемінде өткізілген ғылыми жобалар сайысында өз жобаларын қорғап ІІ-ІІІ орындарға ие болды, Республикалық ғылыми жобалар сайысында 7а сыныптың оқушысы Қабыкен Әйгерім информатикадан І орын алды.
Жаңа оқу жылында жаратылыстану әдістемелік бірлестігінің жоспарлары: өткен оқу жылында басталған істерін әрі қарай жалғастыра отырып сабақта ТСО кеңінен пайдалану мен білім сапасын арттыру
Достарыңызбен бөлісу: |