Жаратылыстану факультеті 5В010800 – «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының жалпы сипаттамасы



бет26/27
Дата15.09.2017
өлшемі5,56 Mb.
#32743
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27



Жеке пәндерді сипаттау

Пәннің атауы: Қазақстан тарихы

Пәннің коды: KT-1101

Пәннің типі: Жалпы білім беру циклы, міндетті компонент

Оқу жылы: 1-оқу жылы

Оқу семестрі: 2

Кредит саны: 3

Дәріс беруші: Жүсіпов С. – доцент, т.ғ.к.

Курстың мақсаты: Қазақстан тарихының ертедегі дәуірінен бастап, бүгінге дейін негізгі кезеңдері туралы оның этногенезі, Қазақ халқы мемлекеттілігінің орнығуы мен дамуының үздіксіздігі, сабақтастығы туралы объективтік тарихи білім беру.

Деректемелер/Пререквизиттері: - жоқ.

Курстың мақсаты: Қазақстан тарихының ертедегі дәуірінен бастап, бүгінге дейін негізгі кезеңдері туралы оның этногенезі, Қазақ халқы мемлекеттілігінің орнығуы мен дамуының үздіксіздігі, сабақтастығы туралы объективтік тарихи білім беру.

Деректемелер/Пререквизиттері: - жоқ.

Курстың/пәннің мазмұны: тарихты зерттеу әдіснамасы мен Қазақстан тарихының хронологиясы. Қазақстан ежелгі дәуірде – тас, қола, темір кезеңдері, алғашқы қауым және күрделі ұйымдастырылған, әлеуметтік дифференцияланған қоғамның қалыптасу дәуірі – сақтар, үйсіндер, қаңлылар, ғұндар. Қазақстан орта ғасыр кезеңінде – түрік мемлекеттері, моңғол шапқыншылығы, қазақ халқының және мемлекеттілігінің эволюциясы, қазақ хандығының құрылуы. Қазақстан Ресей империясының құрамында. «Алаш» қозғалысы мен «Алаш – Орда» үкіметінің тарихы. Қазақстан Кеңес өкіметінің орнауы жылдарында. ХХ ғ. Қазақстанның саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуы. Қазақстанның тәуелсіз Республика ретінде қалыптасуы.

Ұсынылатын әдебиет:

1. Қазақстан тарихы Очерктерi. - Алматы, 1994.

2. Қазақстан тарихы І-V-том. - Алматы, 1996-2010 ж.ж.

3. Мыңжан Н. Қазақтың көне тарихы. - Алматы, 1992

5. ГумилевЛ. Көне түрiктер. - Алматы, 1992

6. Салғарин Қ. Қазақтың қилы тарихы. - Алматы, 1993

7. Көмеков А. Қыпшақтардың саяси тарихы, қарым-қатынастары. - Алматы, 1994.

8. Маданов Х. Ұлы дала тарихы. - Алматы, 1994ж.

9. Бекмаханов ХІХ ғ 20-40 жж Қазақстан. - Алматы, 1992

10.Қозыбаев М. Жауға шаптым ту байлап. - Алматы, 1990

11. Қазақстан тарихы очерктер. - Алматы, 1994.

12. Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. - Алматы, 1995ж

13. Аничкин И. Жанкожа Нурмухамедулы. - Алматы, 1997г

14. Нурпейсов Н. Алаш пен Алашорда. - Алматы, 1994ж

15. Назарбаев Н.А. Казахстан-2030. - Алматы, 1997г

16. ҚР Конституциясы. - Алматы, 1995 ж.

17. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз». 28 қаңтар, 2011жыл. Егемен Қазақстан.

Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, мемлекеттік емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ, орыс тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (Республикалық ЖЖЖ аралық электронды кітапхана).
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Информатика

Пәннің коды: Inf 1102

Пәннің типі: Жалпы білім беру, міндетті пән

Оқу жылы: 1

Оқу семестрі: 2

Кредит саны: 3

Дәріс беруші : Есіркепова А.У. – аға оқытушы

Курстың мақсаты: Информатика пәнiн оқыту мақсаты студенттерге есептердi компьютер көмегiмен шешу әдiстерiн оқыту және оларды компьютерлiк жүйе мен ақпараттық технологияларды болашақ қызметiнде тиiмдi қолдануына дайындау болып табылады:

информатиканың негiзгi ұғымдарын игеру мақсатында студенттердiң “алгоритмдiк“ ойлау дағдыларын қалыптастыру, ақпаратты қазiргi қоғамның ресурсы ретiнде бейнелеу және ақпараттық ресурстарды басқару әдiстерiн оқыту;

студенттердi қазiргi заманғы озық әмбебап компьютерлердiң құрылысымен таныстыру және олардың компьютерде жұмыс iстеу дағдысын қалыптастыру;

студенттерге алгоритмдiк тiлдердi, программалау әдiстерiн, ақпараттық жүйелер негiздерiн оқыту.



Деректемелері/Пререквизиттері: Пән бойынша берілетін тапсырмаларды толық меңгеру үшін мектеп курсындағы информатика мазмұнын жақсы меңгеру қажет.

Курстың/пәннің мазмұны: Информатика ғылым жəне техниканың бірлестігі. Қазіргі информатика құрылымы. Ақпарат, оның түрлері мен қасиеттері. Деректерді тасымалдаушылар. Деректермен жұмыс істеу операциялары. Буль алгебрасы. Графтар және ағаштар. Компьютердің логикалық элементтері. Машинаны ұйымдастыру: Фон-Нейман принципі, басқару құрылғылары, командалар жүйелері мен типтері. Енгізу-шығару жəне тоқтату. Компьютер жадысының құрылғысы. Енгізу-шығару құрылғылары. Есепті шешудің стратегиялары және шешімді іздеу.

Ұсынылатын әдебиет:

1. Бөрiбаев Б. «Информатика және компьютер“ – Алматы, “Рауан“, 1996 ж.

2. О.Камардинов. “Информатика“ – Шымкент, 2000ж.

3. Байжұманов М.Қ., Жапсарбаева Л.Қ. Информатика- Астана, 2004ж.

4. Комягин В.Б., Коцубинский А.О. “Современный самоучитель работы на персональном компьютере“, Москва, 1997 г.

5. Микляев А. “Настольная книга пользователя“ – Москва, 1997 г.

6. Фигурнов В.Э. “ІBM PC для пользователя“ – Москва, 1999 г.

7. Балапанов Е.Қ. Бөрiбаев Б. Дәулетқұлов А. “Информатика 30 сабақ. Жаңа ақпараттар технологиялар“ – Алматы, “ Шартарап“, 2001 ж.



Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша, орысша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЖООЭК – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Экология және тұрақты даму – 2 кредит

Пәннің коды: Etd 1105

Пәннің типі: Жалпы білім беру, міндетті пән

Оқу жылы: 1

Оқу семестрі: 1

Кредит саны: 2

Дәріс беруші :Ауезова Н. – б.ғ.к., аға оқытушы

Курстың мақсаты: Қазіргі экологиялық жағдайды терең түсіндіре отырып, экологиялық білім жүйесін қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғау, сонымен бірге ұғыну мен білім дәрежесінің жоғары болуына ықпал ету.

Деректемелері/Пререквизиттері: Биология

Курстың/пәннің мазмұны: Экологияның мақсат-міндеттері және әдістері. Экологияның басқа ғылымдармен байланысы. Экология бөлімдері. Даралар экологиясы: ағзалар және олардың қоректенуі, экологиялық факторлар және оның классификациясы. Либихтың минимум заңы және Шелфордтың толеранттылық заңы. Толеранттылық шегі. Популяциялар экологиясы: статикалық және динамикалық сипаттамалары. Қауымдастықтар экологиясы: биоценоз, экожүйе және биогеоценоз туралы түсінік; экожүйедегі түраралық байланыстардың негізгі формалары; экожүйедегі энергия ағыны және химиялық элементтердің айналымы; биоценоздың трофикалық құрылымы; экожүйе өнімділігі. Экожүйенің тұрақтылығы және тұрақтылық механизмдері (гомеостаз және экологиялық сукцессия).

Ұсынылатын әдебиет:

1. Ақбасова А.Ж., Саинова Г.Ә. «Экология» Алматы,2003ж.

2. Баешов А., Дәрібаев Ж. «Экология негіздері» Түркістан, 2000ж.

3. Бейсенов А.С., Шілдебаев Ж.Б., Сауытбаева Г.З. «Экология» Алматы,2001ж.

4. Гилярев А.М. «Популяционная экология». М.1995г

5. Горелов А.А. «Экология. Курс лекции» М., Центр 1997г

6. Герасимов В.А. «Охрана природы: принцыпы, проблемы, приоритеты» М., 1992г

7. Жатқанбаев Ж.Ж. «Экология негіздері» Алматы, 2003ж.



Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша, орысша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЖООЭК – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).
Название курса/дисциплины/юнита: Русский язык

Код дисциплины : K (O)t-1102

Тип дисциплины: общеобразовательные, обязательный компонент

Год обучения : 1-год обучения

Семестр обучения : 1,2

Количество кредитов: 6

Ф.И.О.лектора/профессора: Амиралиева Б.С. , старший преподаватель
Цель курса (ожидаемые цели обучения и приобретаемые компетенции): расширение лексического минимума общеупотребительных слов и словосочетаний, овладения граммати-ческими формами и конструциями на уровне их употребления в речи. Овладение лексичес-ким и термонологическим минимуом по специальности. Построение различных типовв ре-чевой деятельности: беседа, описание, информирование.

Пререквизиты:

Содержание курса/дисциплины: Грамматические формы и конструкции в функциональ-ном аспекте, Реппродуцирование адапттированных и продуцирование несложных прагмати-ческих текстов, диаологических и монологических высказывании в устоной и письменной форме, на темы, актуальные для социально-бытовой и профессиональной сфере, по разным видам речевой деятельности, говорению, аудированию, чтению, письму. Развитие учебно-профессиональной речи: вырботка умений и навыков чтения, слушания, конспектирования литаратуры по специальности.

Рекомендуемая литература:

1. Жаналина Л.К., Мусатаева М.Ш. Практический курс русского языка. Алматы, 2005 г.

2. Дудников А.В. и др. Русский язык. М., 1981 г.

3. Ворожбицкая И.И. и др. Русский язык. Москва. 1987 г.

4. Городилова Г.Г. и др. Практикум по развитию речи. Учебное пособие для педагогических институтов. Л., 1988 г.

5. Греков В.Ф., Крючков С.Е. Чешко Л.А. Пособие для занятий по русскому языку. Москва. 1966 г.

6. Метса А.А. и др. Русский язык. Москва. 1991 г.

7. Надежина И.Ф. и др. Учебник русского языка: Для национальных групп неязыковых вузов. 3-е изд. М., 1985 г.



8. Насырова М.Р. Практический курс русского языка. Алматы. 1991 г.

Методы преподавания: лекция, практика, проблемные методы обучения, деловая игра, мо-дульная технология, репродуктивные методы, объяснительно-иллюстративный метод, час-тично-поисковые или эвристические методы.

Методы формы оценки: буквенно-рейтинговая система, посещаемость, активность на заниятиях, групповая презентация, выполнение практических задач

Язык обучения : русский

Условия (требований для обучения специальности (ступени): библиотечный фонд, вертуальная лаборатория, интерактивная доска, электронные учебники, электронно-образовательные ресурсы.
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Шетел тілі

Пәннің коды: ShT 2108

Пәннің типі: Жалпы білім беру, міндетті компонент

Оқу жылы: 1- оқу жылы

Оқу семестрі: 1, 2

Кредит саны: 6

Дәріс беруші: Диуанова Р.- аға оқытушы, филол.ғ.к.; Макашева А.П. – аға оқытушы, п.ғ.к.

Курстың мақсаты: Студенттерді күнделікті өмірде, тұрмыста кездесетін формалар, ауызекі сөйлесу тілі және белгілі бір мамандық саласында күнделікті, өмірде, кәсіби қарым-қатынас жасағанда шет ел тілін белсенді қолдана білуге үйрету. Сонымен қатар оқу бағдарламасында белгіленген шектеулі сағат көлемінде студенттерге мамандығы бойынша шет ел тілінде кәсіптік бағдарда білім берумен қатар этномәдени, рухани тақырыптардан ақпарат беріп, соның нәтижесінде жаратылыстану және гуманитарлық саладағы болашақ мамандарды оқытуды гуманизациялауды іске асыру.

Пререквизиттер: Жоғары оқу орнына дейінгі білім алушылардың шет тілі курсынан мектеп бағдарламасы аясында меңгерген біліктіліктерін және ауыз екі тіліндегі сөйлесім, жазылым, оқылым, тыңдалым дағдыларын ескеру.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Шет ел тілі курсын меңгеру барысында студент төмендегі талаптарды меңгеруі тиіс:

  • фонетика: дыбыстардың оқылу ережелері және алфавиттегі әріптерді сөз тіркесінде, әріп тіркестерінде, сөйленімдерде, дұрыс айту;

  • орфография: белгілі бір дыбыстарға сәйкес келетін әріптер мен әріп тіркесін жаза білу, негізгі тілдік қолданыста жиі кездесетін белгілерінің орфография жағынан дұрыстығы, сәйкестігі;

  • лексика: сөзжасам үлгілері, көп мағыналы сөздердің контекстегі мағынасы, оқылатын мамандыққа байланысты терминдер мен лексикалық құрылымдар;

  • грамматика: негізгі жаратылыстану-гуманитарлық мамандықтары саласында жиі кездесетін грамматикалық құбылыстар.


Ұсынылатын әдебиет:

  1. Inside out Grammar companion (Elementary), 2007

  2. А.С. Восковская, Г.А.Карпова Английский язык для вузов Ростов-на –Дону «Феникс» 2005

  3. К.Жаңабаева. Basic English. Практическое пособие по изучению основ английского языка. Алматы, 2003

  4. Liz and John Soars. New Headway. Elementary. Student’s book. Oxford. 2000

  5. Liz and John Soars. New Headway. Elementary. Work book. Oxford. 2000

  6. Дудкина г.А., Павлова М.В. Учебник английского языка для делового общения М, 1996.


Сабақ беру әдістері: Проблемалық, ізденушілік, ауызша баяндау әдістері, топтық жарыс, миға шабуыл, интерактивті кешендер, деңгейлеп-саралап оқыту, дамыта оқыту.

Бағалау әдісі: Баллдық-рейтинг жүйесі (ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан)..

Оқу тілі: ағылшын тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: материалдық база, кітапхана қоры, зертханалар, оқу-әдістемелік кешендер.

Курстың/пәннің/юниттің атауы: Экономикалық теория негіздері

Пәннің коды: Ektn2109

Пәннің типі: Жалпы білім беретін пәндер, міндетті пән

Оқу жылы: 2- оқу жылы

Оқу семестрі: 3

Кредит саны: 2

Дәріс беруші: Құлтанов Б. - аға оқытушы

Курстын мақсаты: Студенттердің заман талабына сай экономикалық ой-өрісін кеңейту болып табылады. Ол қазіргі демократиялық қоғам идеясымен жаңа қағидаларға сүйеніп, ұлттық және әлемдік экономикалық ойларға бағытталуы қажет. Қазақстан Республикасындағы жаңа қатынастардың сапалы экономикалық жүйесінде болуын талап етеді№

Деректемелері/Пререквизиттері: Математика. Құқық негіздері. Саясаттану.

Курстың/пәннің мазмұны: Қоғам дамуындағы экономикалық теорияның орны мен рөлі. Экономиканың негізгі мәселелері. Экономикалық категориялар және заңдар, экономикалық үрдістерді оқу әдістері, ерекшеліктері. Меншік қатынастары және экономикалық жүйелер типтері. Нарықтың қалыптасу заңдары және посткеңестік елдердегі нарықтың құрылу ерекшеліктері; нарықтың негізгі заңдары мен категориялары; жеке ұдайы өндірістің қағидалары, шығындардың қалыптасу ерекшеліктері мен түрлері, өндірістік факторлар нарығының, олардың бағасы мен табысының ерекшеліктері. Микро және макродеңгейдегі экономика мәселелерінің өзара байланысы, макро-экономиканың қызмет ету заңдылықтары; экономикалық өсу және оның түрлері; экономикалық цикл және әлеуметтік-экономикалық циклдылық мәселелері. Қазіргі экономикалық жүйедегі мемлекет. Қоғам дамуындағы экономикалық теорияның орны мен рөлі. Экономиканың негізгі мәселелері. Экономикалық категориялар және заңдар, экономикалық үрдістерді оқу әдістері, ерекшеліктері. Меншік қатынастары және экономикалық жүйелер типтері.
Ұсынылатын әдебиет:

1. Экономикалық теория. Оқу құралы. - Алматы, 1999;

2. Жалпы экономикалық теория. Оқулық / Редактор жетекшісі Шеденов Ө.Қ. – Алматы-Ақтөбе, 2002;

3. Осипова Г.М. Экономикалық теория негіздері. – Алматы, 2002;

4. Байгісиев Н. Халықаралық экономикалық қатынастар. Оқу құралы. - Алматы, «Санат», 1998;

5. Видяпин В.И. Экономическая теория. – Москва, 2001;

6. Добрынин А.И., Тарасевич Л.С. Экономическая теория. Изд. 3-е. СПб, ГУЭФ, 2000;

7. Жунісов Б.С., Мамбетов Ұ.Е., Байжомартов Ұ.С. Нарықты экономиканың негіздері. Оқу-әдістем елік құралы. – Ақтөбе, 1993.



Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістері – лекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: : Әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ, орыс

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: Компьютер класы, кітапхана қоры, интернет ресурстары, интерактивті тақтаны пайдалану.
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Құқық негіздері

Пәннің коды: KN 2110

Пәннің типі: Жалпы білім беретін пәндер, міндетті пән

Оқу жылы: 2- оқу жылы

Оқу семестрі: 3

Кредит саны: 2

Дәріс беруші: Жүсүпбекова М.К – доцент, з.ғ.к.

Курстың мақсаты: Заң мамандығын алмайтын студенттерге мемлекет пен құқық теориясының, мораль ұғымының басты түсінігін студенттердің білуі; ұлттық құқықтың жетекші салаларының шеңберінде қажетті білім беру; Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесінің дамуының алғышартымен және мәселелерімен таныстыру;

Қазақстандық мемлекеттік- құқықтық механизмнің жетілдірілуінің саяси- құқықтық жолдарын анықтау; Студенттердің ҚР конституциялық құрылымын, мемлекеттік билік жүйесін және олардың басқа қоғамдық- саяси институттармен өзара қатынасын білуі; Студенттердің адам және азаматтық құқықтық жағдайын негіздерін білуі;

Студенттердің егеменді Қазақстанның құқық салаларын білуі (азаматтық, отбасы, еңбек, әкімшілік, қаржы, қылмыстық т.б.)

Деректемелер/Пререквизиттері: Қазақстан тарихы, Саясаттану, Мемлекет және құқық тарихы, Экономикалық теория

Курстың/пәннің мазмұны: «Құқық негіздері» курсы әлеуметтік-гуманитарлық цикл пәндерінің бірі ретінде жоғары білімді мамандар даярлауда үлкен маңызға ие. Қазіргі уақытты алғышарттардың бірі болып құқықтық тәрбие, заңдық білімдерді нақтылау сияқты мәселелер қарастырылуда. Осыған байланысты аталмыш курс бағдарламасында демократиялық, құқықтық мемлекет құру, адам мен азаматтың құқығы мен бостандығының негізгі қағидалары, заң және оның түрлері сияқты ұғымдар тереңірек қарастырылады. Мемлекет пен құқық негізі ұғымдары мен түсініктері. Құқықтық қатынастар. Заңды мінезқұлық және құ-қық бұзушылық. Заңды жауапкершілік. Қазақстан Республикасы конституциялық құқығының негіздері. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық негіздері. Қазақстан Республикасы азаматтық құқық негіздері. Қазақстан Республикасының отбасы құқығы негіздері. Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметі мен ұйымдастырылуы негіздері. Қазақстан Республикасының қаржы құқығы негіздері. Қазақстан Республика-сының қылмыстық іс жүргізу және азаматтық іс жүргізу құқықтарының негіздері. Халықаралық құқық негіздері т.б.

Ұсынылатын әдебиет:


  1. Қазақтың ата заңы 1,2,3,4,5,6,7,8,9,

  2. Сапарғалиев Ғ.С. Мемлекет және құқық негіздері Алматы, 1999ж.

  3. Өзбекұлы С., Қопабаев Ө. «Мемлекет және құқық теориясы». Алматы, Жеті жарғы, 2006ж.

  4. Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық. Оқулық. Ерекше бөлім, Алматы, 2000 ж.

  5. Байжанов Н. Неке және отбасы. Алматы, 1997ж.

  6. Сапарғалиев Ғ.С. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы. Оқулық. Алматы, 1997ж,

  7. Төлеуғалиев Г.И. Азаматтық құқық. Жалпы бөлім. А., 2001ж.

  8. Баққұлов Е. Мемлекет және құқық негіздері. Алматы, 2001ж.

  9. Дулатбеков, Амандықова, Турлаев. Қазіргі Қазақстанның мемлекет және құқық негіздері. Алматы, 2004ж.

  10. Оспанов Қ.И. Құқық негіздері. Алматы, «Жеті Жарғы» 2006 ж.


Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістері-лекциялық және практикалық сабақтар; интрактивті әдістер - шағын топтарда жұмыс, презентация, пікір-талас, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану. Лекциялық курс құқық негіздерінің машықтарын игеру үшін іскерлік ойындар, ситуациялық семинарлар, практикалық тапсырмалар түрінде өтетін семинар сабақтардың негізі болып табылады.

Компьютер арқылы тапсырылатын тестілеу студенттерге өз білімдерін тексеруге мүмкіншілік береді және қосымша тренинг та болады.

Практикалық сабақтарды өткізу әдістемесі және компьютерлік тестілер қазіргі құқықтық білім беру талаптарына сай келеді.
Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ, орыс тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, электронды білім ресурстары, (РЭМБ – республикалық ЖОО аралық электрондық кітапхана), электронды кітапханалар ресурсы.
Жеке пәндерді сипаттау

Пәннің атауы: Әлеуметтану

Пәннің коды: Ale1104

Пәннің типі: Жалпы білім беру циклы, міндетті компонент

Оқу жылы: 1-оқу жылы

Оқу семестрі: 1

Кредит саны: 2

Дәріс беруші: Рысқұлова Г., аға оқытушы

Курстың мақсаты: Студенттерге болашақ мамандар ретінде айналасындағы әлеуметтік әлемді ғылыми тұрғыда тануға жол ашатын әлеуметтанулық ғылымның әдістемелері мен әдістерін, қажетті әлеуметтанулық білім көлемін алуды меңзейді. Әлеуметтану, әлеуметтік өзара әрекеттестікпен даму заңдылықтарының қызмет ету ерекшеліктері, әлеуметтік институттардың қызмет етуі мен дамуы, әлеуметтік құрылымы мен әлеуметтік қатынас ерекшеліктері жайлы, адамның әлеуметтік нақтылық пен өзара байланысқа түсуі және әлемдік қауымдастықтың даму тенденциялары туралы түсінік беру.

Деректемелер/Пререквизиттері: - Қазақстан тарихы, Мәдениеттану.

Курстың/пәннің мазмұны: Әлеуметтану - әлеуметтік дүние, тұлғаның әлеуметтік өзара қатынастарын қарастырып, адамдар өз өмірін қамтамасыз етіп қоғамдық қатынастарды реттеу үшін, ұрпақ қалдырып қоғамның біртұтастығын сақтап қалу мақсатында құрған күрделі әлеуметтік жүйелер, әлеуметтік институттар туралы ғылым. Әлеуметтану тарихының негізгі бағыттары. Қоғам әлеуметтік жүйе ретінде. Арнайы әлеуметтанулық теориялар және әлеуметтанулық зерттеу жүргізудің әдістері.

Ұсынылатын әдебиет:

1. Икенов А.И., Жүсіпова А.Д. Әлеуметтану негіздері - Алматы, Экономика,2004ж

2. Әбсаттаров Р., Дәкенов М. Әлеуметтану - Алматы, Ғылым, 2003ж

3.Әженов М., М.Садырова Қоғамның әлеуметтік құрылым - Алматы, Қазақ университеті, 2002ж

4.Әлемдік Әлеуметтану антологиясы - Алматы, Қазақстан, 2006ж

5. Қазақ даласының ойшылдары (ІХ-ХІІғғ.) - Алматы: Ғылым,1995ж

6. Абай Қара сөздері - Алматы, 1993ж

7. Тажин М., Аяған.Б. Социология негіздері - Алматы,1992ж

8. Сорокин. П. Человек. Цивилизация. Общество. - Москав,1992ж

9. ҚР Конституциясы. - Алматы, 1995 ж.

10. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз». 28 қаңтар, 2011жыл. Егемен Қазақстан

Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан - тест, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша, орысша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (Республикалық ЖЖЖ аралық электронды кітапхана).
Жеке пәндерді сипаттау

Пәннің атауы: Саясаттану

Пәннің коды: Saya1110

Пәннің типі: Жалпы білім беру циклы, міндетті компонент

Оқу жылы: 1-оқу жылы

Оқу семестрі: 2

Кредит саны: 2

Дәріс беруші: Оспанов Б.Е., оқытушы-магистр.

Курстың мақсаты: Студенттерге саяси өмір саласындағы күрделі құбылыстар мен тенденцияларға өз бетінше талдау жасау дағдысын ұялату, саясат туралы қажетті білім беру, студенттердің санасында ұғымдық ақпаратты қалыптастыруға ықпал ету. Саяси дүниетанымы мен саяси мәдениетін қалыптастыруға бағытталған, олардың Қазақстан Республикасы алдында тұрған міндеттерді шешуге белсенді қатысуына септігін тигізеді. Қазақстандағы және одан тыс жерлерде жүріп жатқан саяси процестерді ұғынуға және еркін бағдарлай алу ептілігіне тәрбиелеу.

Деректемелер/Пререквизиттері: - Қазақстан тарихы, Мәдениеттану.

Курстың/пәннің мазмұны: Саясат, саясаттың өмір сүру заңдары, оның тарихи дамуы. Сонымен қатар, билік, мемлекет, мемлекетаралық қатынас мәселелері. Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы халыққа жолдауы аясындағы және үдемелі жаңару кезеңіндегі егеменді мемлекет саясаты. Қазақстанның саяси жүйе, саяси партиялар, қозғалыстар, ұйымдар. Саяси мәдениет пен саяси идеология. Әлемдік саясат және қазіргі халықаралық қатынастар. Жаңа геосаяси конфигурациядағы Қазақстанның ұлттық мемлекеттік мүдделері.

Ұсынылатын әдебиет:

1. Саясаттану негіздері. Қуандық Е. С. Оқу құралы. - Алматы «Дәуір», 2005.

2. Саясаттану. Жамбылов Д. 2-басылым. Алматы - Жеті жарғы, 2005.

3. Саясаттануға кіріспе. Мұстафин Т.Т. – Алматы, 1994.

4. Политология. Учебник для вузов. Нысанбаев А. – Алматы: Ақыл кітабы, 1998.

5. Мұсатаев С.Ш. Қазақстандық азаматтық қоғам: қазіргі жағдайы мен келешегі.. – Алматы, 2007.

6. Казахстанская политическая энциклопедия. – Алматы, Қазақстан даму институты, 1998.

7. ҚР Конституциясы. - Алматы, 1995 ж.

8. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз». 28 қаңтар, 2011жыл. Егемен Қазақстан.

Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан - тест, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша, орысша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (Республикалық ЖЖЖ аралық электронды кітапхана).
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Философия

Пәннің коды: FiL2111

Пәннің типі: Жалпы, міндетті пән.

Кредит саны: 3

Дәріс беруші: Жанбатыр А. – аға оқытушы

Пәннің мақсаты: Студенттерде философияық білім негіздері, дүние кұрылымы, дүниедегі адамның ролі мен орны туралы түсініктер қалыптастыру. Болмыс, ойлау, таным, адам мен дүниенің мәні мәселерін талдау. Адамның өзін-өзі тануында, ақпараттандыру мен жаћанданумен байланысты әлеуметтік және этикалық мәселелерді талдаудағы философиялық білімнің ролін түсіну. Қазіргі қоғамдағы тұлғаның еркіндігі мен жауапкершілігінің мәнін ашу, тарихи оқиғаларды сыни көзқарас тұрғысынан талдау қабілетін жетілдіру.

Пререквизит: Қазақстан тарихы, Саясаттану, Мәдениеттану, Адам және қоғам.

Курстың мазмұны: Әлемдік және Отандық философия тарихы, әр алуан философиялық ілімдер. Философия мәдениет феномені ретінде, оның мәдени тарихы контексі. Болмыс философиясы, болмыс және бейболмыс мәселесі. Материя өмір сүру тәсілдері мен формалары. Сана және таным философиясы, таным методологиясы. Диалектиканың тарихи типтері және оның категориялары. Ғылым философиясы. Философиялық антропология, адам өмірінің бірегейлігі. Қоғам феномені, оның әлеуметтік құрылымы мен динамикасы. Жаћандық мәселелер философиясы.

Негізгі әдебиеттер:


  1. Ғабитов Т. Философия. – А., 2005

  2. Кішібеков Д. Философия. – А., 2005

  3. Алтаев Ж., Қасабек А., Мұқамбетқалиев Қ. Философия тарихы. – А., 2000.

4. Философиялық сөздік. – А., 1996.

5. Әбішев К. Философия. – А., 2001.



Қосымша әдебиеттер:

1. Нысанбаев Ә., Әбжанов Т. Философия тарихы. – А., 1999.

2. Мәдени-философиялық энциклопедиялық сөздік. – А., 2004.

3. Философия. Қ.Тұрғынбаев. Алматы 2001.

4. Кішібеков Д., Сыдықов К. Философия. – А., 2005.

5.Алтаев Ж., Ғабитов Т. Философия және мәдениеттану. – А., 1998.

6. Бұқаралық ақпарат құралдары, мерзімді басылымдар, интернет деректері

Интернет-ресурсы


1

http://www.philos.msu.ru/libfile

Философиялық қайнар көздері

2

http://www.yanko.lib.ru/gum.html

Философиялық түп негіздері

3

http://filosof.historic.ru/ -

Философиялық әдебиеттер

4

http://referats.allbest.ru

Реферат тақырыптары


Оқу әдістемелік бағыттары: компаративистік, анализ, сұрақ-жауап, суреттеу т.б.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ, орыс тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (Республикалық ЖЖЖ аралық электронды кітапхана).

Курстың/пәннің/юниттің атауы: Өміртіршілігі қауіпсіздігі негіздері.

Пәннің коды - OKN1103

Пәннің типі – жалпы білім беру, міндетті компонент

Курс/пән деңгейі - 2 курс

Оқу жылы – 2-оқу жылы

Оқу семестрі - 3 семестр

Кредиттер саны – 2 кредит

Дәріс берушінің аты-жөні: Жиенбаева Л.Б., аға оқытушы

Курстың мақсаты (оқудың болашақтағы мақсаты мен пайда болған құзіреттілік) Университеттің педагогикалық мамандықтары үшін типтік бағдарлама бойынша «Өміртіршілік қауіпсіздігі» пәні енгізілген. Оның мақсаты студенттердің болашақ маман, азамат ретінде төтенше жағдай кезіәнде өзін-өзі ұстай білуі, өзара көмек көрсете алуы және қасындағы адамға көмекті қалай жасау жолын, әдістерін толық үйрету.

Ұлттық білім беру мазмұнын халықаралық деңгейге таныту маман даярлаудың сапсын арттыру, студенттердің пәнге деген қызығушылығын, ынтасын, белсенділігін арттыру мақсатында кредиттік технология оқу үрдісіне енгізілген.



Деректемелер/ пререквизиттері: Физика, экология, химия.

Курстың/пәннің мазмұны - Кіріспе. Тіршілік қауіпсіздігі ұйымдастырудың негіздері. Төтенше жағдайлардың жіктелуі. ЖЗҚ түрлері, қауіпті өндірістік нысандардағы аварияларға сипаттама. Төтенше жағдай кезінде халықты қорғау. Халықты инженерлік тұрғыда қорғау. Паналау ғимараттары. Жеке қорғаныс түрлері. Дәрігерлік қорғаныс түрлері. Көшіру іс-шаралары. Өндірістік нысандардың жұмыс істеу тұрақтылығын бағалау, көтеру жолдары. Тұрақтылықты көтеретін негізгі іс-шаралар. Оны зерттеу әдістері. Төтенше жағдайдан кейінгі санитарлық өңдеу жұмыстарын жүргізу іс-шаралары Халықты санитарлық өңдеуден өткізу Дегазация, дезактивация, дезинфекция. Радиациялық, химиялық қауіпті нысандардағы авария кезінде жүргізілетін іс-шаралар. Көшіру іс-шаралары. Табиғи және техногендік апаттар кезінде жүргізілетін құтқару және кезек күттіруге болмайтын жұмыстар, оларды жүргізудің амалдары мен тәсілдері. ТЖ кезінде құтқару мен кезек күттіруге болмайтын жұмыстарды ұйымдастыру. ТЖ кезіндегі халықтың психологиялық іс-әрекеттері. Апат аймағындағы моральдық-психологиялық ахуал. Үрей мен қорқынышты болдырмау іс-шаралары. Су тасқыны және оның алдын-алу. Жарақаттанғанда, қан кеткенде,сүйек сынғанда, буын шыққанда, күйгенде, үсігенде көрсетілетін алғашқы көмек. Жарақатқа таңғыш қою әдістері. Жарақат көрсеткіштері және оның себептерін зерттеу әдістері. Жұқпалы аурулар олардың алдын алу. Карантин, Обсервация. Сақтандыру іс-шараларының түрлері.

Ұсынылатын әдебиет:

Негізгі әдебиеттер:

1. Суворовцев.А.А., Мельников Е.Н., и др. «Безопасность жизнедеятельности». Учебное пособие. АЧС РК. 2004г.

2. Белов С. В. Безопасность жизнедеятельности: Учебник для вузов - М.: Высшая школа, 2002г.

3. Атаманюк В.Г., Гражданская оборона: Учебник для вузов. - М.: Высшая школа , 1986 г.

4. Белов С. В. и др. Безопасность жизнедеятельности. - Москва ВШ, 2001.

5. Безопасность жизнедеятельности. Учебное пособие, книга 1. - Алматы: Республиканские курсы ЧС и ГО, 2002г.

6. Тіршілік қауіпсіздігі . Оқу құралы, 1-2 кітап. – Алматы: республика курстары ТЖ және АҚ, 2003 ж.

Сабақ беру әдістері – СТО, ақпараттық технологиялар, дамыта оқыту технологиясы

Бағалау әдісі/нысаны - әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі – қазақ, орыс тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай (талап) - кітапхана қоры, материалдық база: электрондық оқулықтар, интерактивтік тақта, электронды білім ресурстары, виртуальды зертхана.
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Педагогикалық мамандыққа кіріспе

Пәннің коды: РМК1201

Пәннің типі: Базалық, міндетті пән

Оқу жылы: 1-оқу жылы

Оқу семестрі: 1

Кредит саны: 1

Дәріс беруші профессор: Сәдуақасқызы К- п.ғ.к., профессор

Курстың мақсаты: «Педагогикалық мамандыққа кіріспе» cтуденттерде базалық ұғымдарды қалыптастыру, болашақ мұғалім ретінде өзінің кәсіби бейнесінің моделін және өзінің кәсіби тұлғалық қалыптасуының бағдарламасын жасау мақсатында алуан түрлі өзіндік оқу-танымдық әрекетке белсенді қатысуын ұйымдастыра білуін меңгеру.

Деректемелері/Пререквизиттері: педагогика, психология, физиология

Курстың/пәннің мазмұны: Физиология, валеология, педагогика және психология пәндерімен байланыстырып, студенттерде базалық ұғымдар қалыптастыру. Студенттерде педагогтік кәсіп жайлы кешенді ұғым қалыптастыру. Бірінші курс студенттерін осы заманғы педагогика ғылымы мен тәжірибесінің түйінді мәселелерімен таныстыру. Алғаш кәсіби-педагогикалық тәжірибені өзін-өзі тәрбиелеу және өз бетінше білім алуды қажетсінуді, біліктілікті қалыптастыру. Жоғарғы оқу орнының танымдық әрекеттерін қалыптастыру. Болашақ мұғалімнің тұлғасының гуманистік бағыттылығын және әрекетінің гуманистік сипатта қалыптасуына ықпал жасау.

Ұсынылатын әдебиет: Негізгі:

1. Қазақстан Республикасының Білім туралы заңы.

2. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінғі білім беруді дамыту тұжырымдамасы.

3.Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.

4.ҚР жаңа формация педагогіне үздік педагогикалық білім беру Тұжырымдамасы.

5. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.

6. Мижериков В.А., Юзефавичус Т.А. Введение в педагогическую деятельность: Учебное пособие для студентов педагогических учебных заведений. – М.: Педагогическое обшество России., 2005.

7. Педагогика / Под ред. Сластенина В.А. изд. 3 –е – М.: Владос, 2006.

8. «Қазақстан мектебі» журналы.

9. «Мұғалім және қоғам» журналы.



Сабақ беру әдістері: Дәріс, сарамандық сабақ, баяндау, интерактивті әдістер, пікір – талас, жарыс.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі қазақ, орыс тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: «Химияны оқыту әдістемесі» кабинеті, оқу-әдістемелік кабинеті, кәсіби кітапхана, интерактивті тақта.
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Психология және адам дамуы

Пәннің коды: PАD 1204

Пәннің типі: Базалық пәндер, міндетті пән

Оқу жылы: 1- оқу жылы

Оқу семестрі: 2

Кредит саны: 3

Дәріс беруші: Шеримова Ә. - аға оқытушы

Курстың мақсаты: Пәнді оқытудың мақсаты - қоғамның әлеуметтік - экономикалық құрылымында адамдар қарым- қатынасының теориялық және тәжірибелік іс- әрекетінің дамуын зерттеу, студенттердің өздігінше іздені, кәсіби дайындығын қалыптастырады. Ойлаудың диалектикалық логикасын қалыптастыра отырып, психикалық құбылыстарды түсінудегі жалған стереотиптерді жеңе отырып, ғылыми психологиялық ойлау жүйесін қалыптастыру.

Деректемелері/Пререквизиттері: -

Курстың/пәннің мазмұны: Психология ғылымына кіріспе. Жалпы психология пәні, оның зерттеу әдістері. Психикалық зерттеудің әдістері. Психология ғылымының қалыптасуы мен даму бағыттары. Психика – психологияның зерттеу заты. Сана мен психиканың дамуы. Сана және өзіндік сана. Тән және жан. Жеке адам психологиясы және іс-әрекеті. Іі-әрекетті жалпы психологиялық сипаттар. Адам іс-әрекетінің заттылығы, мақсат көздеушілігі мен саналығы. Бала дамуындағы іс-әрекеттің ролі. Жеке тұлғаның психологиялық сипаттамасы. Индивид, суъект, жеке адам, даралық түсініктердің ара қатынасы. Адамдардың өзара әрекеті мен қарым –қатынасының әлеуметтік- психологиялық заңдылықтары. Қарым-қатынас писхологиясы. Түйсік туралы жалпы түсінік. Қабылдау. Ес туралы түсінік. Зейін. Ойлау және сөйлеу. Қиял туралы түсінік. Жеке адамның даралық –психологиялық ерекшеліктері. Темперамент. Мінез туралы түсінік Қабілеттілік туралы теориялар. Сезім. Ерік.

Ұсынылатын әдебиет:

1. Алдамұратов Ә.. Жалпы псхология. Білім, 1996.

2. Алдамұратов Ә. Қызықты психология. Алматы – 1996ж.

3. Аймауытов Ж.. Психология Алматы, 1994ж.

4. Жарықбаев Қ.. Жантану негіздері, Алматы 2002.

5. Тәжібаев Т .Психология

6. Успанова З. У., Дәрібаева С. Қ., Нармұқаш А. Қ Жеке адамның типологиялық дара ерекшеліктері. Алматы,1998ж.

Сабақ беру әдістері: СТО, ақпараттық технологиялар, дамыта оқыту технологиясы, проблемалық оқыту, ұжымдық оқыту, жеке тұлғаға бағдарланған оқыту, көрнекілік әдісі.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ, орыс тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: материалдық база, кітапхана қоры, оқу кабинеттері мен электронды оқу залдары, зертханалық кабинеттер, интерактивті тақта, компьютерлік сыныптар, т.б.
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Аналитикалық химия

Пәннің коды: АН2207

Пәннің типі: Базалық, міндетті компонент

Оқу жылы: 2-оқу жылы

Оқу семестрі: 1,2

Кредит саны: 4

Дәріс беруші: Тапалова Ә.С.,-т.ғ.к академиялық профессор, Арынова К.Ш.- п.ғ.к., аға оқытушы

Курстың мақсаты: Сапалық және сандық анализдің қазіргі кездегі күйі мен деңгейін меңгеру, олардың қолданбалы салаларын ашыу.

Деректемелері/Пререквизиттері: бейорганикалық химия теориялық негіздері, элементтер химиясы.

Курстың/пәннің мазмұны Пролитикалық тепе-теңдік, комплекс түзілу тепе-теңдігі, тотығу-тотықсыздану тепе-теңдігі, сұйық және қатты фазалар арасындағы тепе-теңдік; сапалық және сандық анализ. Химиялық элементтерді бөліп алудың және концентрлеудің әдістері: тұндыру, экстракция, хорматография, иондық алмасу және т.б. Маңызды катиондарды және аниондарды анықтау реациялары, органикалық қосылыстардың маңызды функциялық топтарын анықтайтын реакциялар; сандық талдаудың негізгі әдістері: гравиметрия, титриметрия (қышқылды-негіздік, редоксометрия, комплексонометрия және т.б.), кинетикалық, хроматографиялық, электрхимиялық және оптикалық талдау әдістері; аналитикалық химияның метрологиялық негіздері, органикалық реагенттерді аналитикалық химияда қолдану; аналитикалық химияда терминология және белгілеулер бойынша JUPAC ұсыныстары.

Ұсынылатын әдебиет:

1. Құлажанов Қ.С. Аналитикалық химия, 1,2-том. Алматы, АТУ, 2004. -356 б.

2. Өтелбаев Б. Химия. 3-бөлім.Шымкент.2000,- 404 б.

3. Васильев В.П. Аналитическая химия. Т.1,2, М.: Дрофа, 2002. -384 с.

4. Каримов А.Н. Аналитикалық химия негіздері. Алматы, ҚазҰУ, 2002. -339 б.

5. Барсукова З.А. Аналитическая химия. Высшая школа, 1990.

6. Логинов Н.Я. Аналитическая химия. М., 1979

7. Логинов Н.Я. Сборник задач и упражнений по качественному анализу. М.1976



Сабақ беру әдістері: Дәріс, зертханалық сабақ, баяндау, пікір-талас, сөз-көрнекі сарамандық әдістер

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ, орыс тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: «Аналитикалық химия» зертханасы, оқу-әдістемелік кабинеті, кәсіби кітапхана
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Физикалық химия

Пәннің коды: FH2208

Пәннің типі: Базалық, міндетті компонент

Оқу жылы: 2-оқу жылы

Оқу семестрі: 1

Кредит саны: 3

Дәріс беруші профессор: Еспенбетова Ш.О. - т.ғ.к., аға оқытушы

Курстың мақсаты: Заттардың қасиеттері мен құрылымдарын, термодинамика заңдарын, олардың өзгерістерінің кинетикасын зерттеу, процестің бағытын анықтауды үйрету.

Деректемелері/Пререквизиттері: математика, физика, бейорганикалық химияның теориялық негіздері, элементтер химиясы, аналитикалық химия

Курстың/пәннің мазмұны: Химиялық термодинамика, химиялық реакциялардың жүру мүмкіншіліктерін және химиялық процестердің бағыты, олардың құрамын анықтау әдістері, ерітінділер термодинамикасын, химиялық процестердің классификациясы, электрохимиялық процестердің термодинамикасы және олардың практикалық қолданылу жолдары, реакцияның жылу эффектісін табу, стандартты термодинамикалық мәндер көмегімен химиляық тепе-теңдік константаларын есептей ала білуі, реакция реттілігін анықтау әдістерін.

Ұсынылатын әдебиет:


  1. Оспанов Х.К., Абланова Е.К. және т.б. Физикалық химия, Алматы, Қазақ Университеті, 2002 ж.

  2. Стромберг А.Г., Семченко Д.П., «Физическая химия», - М., Высшая школа, 1988 г.

  3. Евстратова К. и др. «Физическая и коллоидная химия», - М., Высшая школа, 1990 г. 487стр.

  4. Қоқанбаев Ә. Қысқаша физикалық химия курсы, Алматы, 1996 ж.

  5. Утелбаев Б. Химия; І,ІІ,ІІІ том,. РБК (РИК) Алматы. 1998 ж.

  6. Балезин С.А. и др. «Основы физической и колоидной химии», -М., Просвещение, 1975 г., 598 стр.

  7. Киреев В.А. Курс физической химии. М., «Химия», 1970 г. 775 стр.

  8. Физикалық химия под редакцией К.С.Каекова М: «ВШ», 1982 г.

  9. Алмашев Б.К. Физколлоидты химия практикумы, Алматы, Мектеп, 1986 ж. ПанченковГ.М., Лебедов В.П. Химическая кинетика и катализ. М., Изд-во МГУ, 1961 г.

  10. Жанбеков Х.Н. Физикалық және коллоидты химия есептері мен жаттығулар жинағы. Алматы, «МерСал» баспа үйі, 2003 ж. 207 бет.

Сабақ беру әдістері: Дәріс, зертханалық сабақ, баяндау, пікір-талас, сөз-көрнекі сарамандық әдістер

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ, орыс тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: «Физикалық химия» зертханасы, оқу-әдістемелік кабинеті, кәсіби кітапхана
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Химиялық технология

Пәннің коды: НТ4211

Пәннің типі: Базалық, міндетті компонент

Оқу жылы: 2-оқу жылы

Оқу семестрі: 1

Кредит саны: 3

Дәріс беруші профессор: Аппазов Н.О.- х.ғ.к., аға оқытушы

Курстың мақсаты Өнеркәсіптік өндіріске қажет технологиялық міндеттерді шешу үшін технологиялық, физикалық және химиялық ғылымдар заңдылықтарының жалпы әдістері мен ережелерін қолдануды меңгеру, практикалық іскерлікке үйрену, тәжірибелердің нәтижелерін сандық өңдеу, химиялық шикізат пен алынған өнімдерді қазіргі талдау әдістермен таныстыру.

Деректемелері/Пререквизиттері: Бейорганикалық және органикалық химия, физикалық химия, аналитикалық химия.

Курстың/пәннің мазмұны: Химиялық өнімдердің негізгі түрлері, қалдықсыз өндірісті қалыптастыру, энергия мен шикізатты комплесті пайдалану, химиялық өндірістік процестердің өзара байланысымен қазіргі уақыттағы даму бағыты жайында байланысқан түсінік беру, химиялық-технологиялық процестерді физикалық және математикалық модельдеу әдістері, оларды оптимизациялау, процесті эксперименттік зерттеуден өнеркәсіптік өндіруге өткізудің негізгі әдістері, химиялық өндірістердің зиянды қалдықтарынан қоршаған ортаны қорғаудың негізгі жолдары, халық шаруашылығын дамыту бағытында Қазақстан Республикасындағы химия және оған тектес өнеркәсіп салаларындағы негізгі технологиялық міндеттер.

Ұсынылатын әдебиет:

1. Соколов Р.С. Химическая технология Том 1,2 - М.: Гуманитарный издательский центр Владос, 2003,

2. Кутепов А.М. , Бондарева Т.И., Беренгартен.М.Г. Общая химическаятехнология. – М.: ИКЦ «Академкнига, 2004, 525с.

3.Суербаев Х.А., Қоқанбаев Ә.Қ., Абызбекова Г.М. Мұнай мен газды өндiру және тасымалдау. Алматы ,''Қазақ университетi'', 2004. 212б.



4.Фурмер И.Э, Зайцев В.Н. Общая химическая технология М.,Высшая школа, 1974, 264с.

  1. Мухленов И.Г., Авербух А.Я.,Тумаркин Е.С. Общая технология М.,Высшая школа, 1977, 278с.

  2. Мухленов И.П.Основы химической технологии.М.,Высшая школа, 1983, 334с.

  3. Белоцветов А.В. Химическая технология. М.,Просвещение.,1976, 263с.

  4. Вольфкович С.И., Егоров А.П.,Эпштейн Д.А. Общая химическая технология М., Госхимиздат, 1953, 631с.

  5. Бишимбаев У.Қ., Нарманова Р.А., Еспенбетова Ш.О. Химиялық технология негіздері. Алматы, Кітап, 2007, 296 бет.

  6. Бисенов К.А., Нарманова Р.А., Удербаев С.С. Құрылыс материалдары мен бұйымдары. –Алматы: «ИздатМаркет», 2007.-224бет.

  7. Комар А.Г.Строительные материалы и изделия. М., Высшая школа, 1988, 527с.

  8. Бірімжанов Б., Нұрахметов Н., Жалпы химия. Алматы. Ана тілі.1992, 623 б.

  9. Молдабеков Ш.М., Жанмолдаева Ж.К., Қартбаев С.Қ., Закиева К.З., Қабылбекова Б.Н. Химиялық технологияның негіздері. Алматы, 2001,259 бет.

Сабақ беру әдістері: Дәріс, зертханалық сабақ, баяндау, пікір-талас, сөз-көрнекі сарамандық әдістер

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ, орыс тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: «Химиялық технология» зертханасы, оқу-әдістемелік кабинеті, кәсіби кітапхана
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Органикалық химияның теориялық негіздері

Пәннің коды: OHTN3205

Пәннің типі: Базалық пәндер, міндетті компонент

Оқу жылы: 3-оқу жылы

Оқу семестрі: 2

Кредит саны: 4

Дәріс беруші профессор: Абызбекова Г.М.- х.ғ.к., доцент

Курстың мақсаты: Органикалық химия теориясының қазіргі күйін, стереохимиялық теория, реакциялар мен реагенттердің классификациясын, қосылыстардың молекулаларындағы электронды эффектілерді, органикалық реакциялардың жүру механизмдерін, органикалық заттардың айналуларының жалпы заңдылықтарын, олардың практикалық қолданылу жолдары үйрену.

Деректемелері/Пререквизиттері: математика, физика, бейорганикалық химияның теориялық негіздері, Элементтер химиясы, аналитикалық химия

Курстың/пәннің мазмұны: Органикалық қосылыстардың химиялық құрылыс теориясының қазіргі күйі, стереохимиялық теория. Реакциялар мен реагенттердің классификациясы. молекулаларындағы электронды эффектілер. Органикалық реакцияларды жіктеу, органикалық реакциялардың механизмдері, көміртектің қаныққан атомындағы алмасу реакциялары, оның түрлері (SN1, S N2, S R), қанықпаған жүйелерге қосылу реакциялары, оның түрлері , механизмі, ароматты қатарға алмасу. Ароматтылық, бензолды емес ароматты құрылымдар, бензол сақинасындағы алмасу теориясы, бағдарлау ережесі. Молекулалық қайта топтасу реакциясы

Каталог: Docs
Docs -> Рефераты қызылорда, 2013 ж
Docs -> Ұлы пайғамбар ( с. ғ. с.) ұлықталған ғибратты кеш Наурыздың 11-і, қасиетті жұма күні Елордамыздағы Конгресс-Холл сарайында «Нұр Астана»
Docs -> "Псюхе" ұғымы келесі мағынаны білдіреді
Docs -> C мінез-құлық d санадан тыс
Docs -> Бердіқожа назгүЛ бердіқожақызы зейнолла Шүкіров өлеңдерінің жанрлық, көркемдік ерекшеліктері
Docs -> Анықтама басылымдар 070(574) Қ 17 Қазақ телевизиясы
Docs -> Мадиева жансая қойшыбайқызы абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезовтің шығармаларындағы педагогикалық идеяларының сабақтастығы
Docs -> Сабақ Мұхтар Әуезов «Біржан сал Абай ауылында»
Docs -> Мұражай-қорық коллекцияларына жаңадан алынған бұйымдар (ақын Төлеу Көбдіковтің 140 жылдығына орай) «Әдебиетті дарынды тұлғалар жасайды. Ал тұлғаны жарататын халық»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет