Жаратылыстану факультеті



бет2/9
Дата26.03.2020
өлшемі0,67 Mb.
#60807
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
3.lektsiya fpza


Ұжымдық ғылыми жұмыс.

Ғылыми жұмыс – шығармашылық үрдіс. Ұжымның зерттеу жұмыстары жоспарланады. әрбір зерттеуші өзінің көзқарасын білдіруге құқылы. Зерттеу мәселесін ұжым анықтайды. Ол қажеттіліктен туындайды.

Ұжымда ғылыми жұмысқа жағдай жасалынса, өз идеялары мен алынған деректер туралы талқылауға, пікірлесуге кең орын беріледі. Зерттеу мәселесімен байланысты жоғары оқу орындары (пединститут педуниверситет) білімді жетілдіру институты, ғылыми-әдістемелік орталық немесе ғылыми мекемелермен қарым-қатынас жасалынады.

Зерттеу нәтижесін тәжірибеге енгізуді дұрыс түсініп, оның механизмін білген жөн. Зерттеу жұмыстарының кейбір нәтижелері тезис, мақала, содан кейін қорытынды ретінде кітаптарда, кітапшаларда, монографияларда, одан да көп ықшамдалған жоғары оқу орындарының оқулықтары мен әдістемелік құралдарында беріледі.

Мектеп және жоғары оқу орындарының оқушылар мен студенттерінің ғылыми жұмыспен айналысуы – уақытымыздың өзекті мәселесі. Оларға ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізілуіне алғашқы бағдарды беру қажеттігі туындайды.

Студенттің іздену-зерттеу қабілетін қалыптастыруға, дамытуға өздерінің пікірлерін жазып, жариялауы зор ықпал етеді. Жарық көрген жарияланымдары арқылы студенттердің өзінің шығармашылық ізденітеріне сенімі қалыптасады, шеберлігі, ойлаудың жинақтап қорыту дағдылары дами түседі.

Студенттердің ғылыми жұмыс жазуға, зерттеуші болуға деген көзқарастары белсенді, ынталы сипатымен байқалады.


  1. Мұғалім – зерттеушіге қойылатын талап:

- кәсіби даярлығының жоғары деңгейде болуы;

- ғылым және тәжірибелік даярлығын ұштастыру;

- өз білімін үнемі жетілдіріп отыру;

- ғылыми ұйымдастыру ұстанымын тәжірибеге қолдана білуі;

Сондай-ақ мынадай қасиеттері болуы тиіс: байқағыштық, ғылымға қызығушылық, танымдық қызығушылығы, ізденімпаздығы, белсенділік, зерттеушілік сипаты, сыншылдық, шығармашылық іздену бағыты, жаңашылдық, адамгершілік, сезгіштік, мақсаткерлік, шешімқабылдай білу қабылеті.


  1. Мұғалім – зерттеуші білуге тиіс: әдіснаманы, логиканы, әдістерді, педагогикалық зерттеудің әдістемесін, қағидаларды, жүйелеу, жалпылау, ғылыми аппараттарды қолдану, ғылыми–әдістемелік материалдар мен ақпараттарды құру, баспадан жарыққа шығаруға дайындау, ғылымды ұйымдастыру негіздері.

  2. Мұғалім – зерттеуші:

Ғылыми үйірмелерінің студенттердің ғылыми шығармаларын дамытудағы орны ерекше.

Ғылыми шығармашылық жұмыстың түрлері

Студенттердің оқу-зерттеу және ғылыми-зерттеу жұмыстарының бірнеше түрлері бар: мәнжазба (реферат), баяндама, бақылау жұмысы, курстық және дипломдық жұмыстар. Олардың тақырыбы көкейкесті, мазмұны қазіргі ғылым талаптарына сай болуы қажет. Бұл жұмыстарды орындау қажетті арнайы әдебиеттерді оқу мен талдауды, осы мәселе жөнінде тәжірибелік тәжірибені қажет етеді.
Реферат (латын refero – айтамын, жеткіземін) – белгілі бір тақырып бойынша ғылыми мазмұндағы қысқаша жазылған еңбек.

Бұл – студенттің ғылыми-зерттеу жұмысы, мұнда зерттелініп отырған мәселеленің мәні, түрлі көзқарастар мен өзінің жеке пікірі айтылады.

Рефератты бағалауда мынадай шарттар ескерілуі керек:


  • зерттелінген тақырыптың көкейкестілігі;

  • тақырыпқа сай мазмұнның болуы;

  • материалды мұқият, терең өңдеу;

  • қолданылған материалдың дұрыстығы мен толық болуы;

  • рефератты көркемдеудің стандартқа сай болуы.

Рефераттық жұмыс (латын сөзі referat-баяндама, refero-баяндаймын) - ғылыми еңбектер, ғылыми зерттеулердің қысқаша мазмұнын сипаттайтын, жазбаша немесе басылым түрінде берілетін жұмыс. Реферат ғылыми-ақпараттық бағытта болады. Тақырыпты объективті тұрғыда толық баяндаумен қатар рефератта ғылыми теориялар мен ғылыми қорытындыларға талдау жасалып, сын айтылады. Реферат ғылыми мекемелер мен жоғары оқу орындарында қолданылады.

Қойылған мақсаты мен мазмұнына қарай рефераттарды төмендегідей типтерге бөлуге болады:



  1. Ақпараттық рефераттар. Мұнда автор бір немесе бірнеше жұмыстың мазмұнын қысқаша баяндайды.

  2. Бағалаушы рефераттар белгілі бір проблема бойынша бірнеше ғылыми әдебиеттер негізінде жазылады және проблемаға түрлі көзқарастар, түрлі жұмыстардағы ғылыми тұжырымдамалардың сыни талдамасы келтіріледі, реферат авторының ұстанымы анықталады.

Баяндама – өзіндік жұмыс түрі, оқу және сабақтан тыс уақыттарда студенттердің зерттеу дағдыларын қалыптастыруына, танымдық қызығушылығын кеңейтуіне, пікір айтуда маңызы үлкен.

Берілген тақырып бойынша жоспар құрылады. Қажетті әдебиеттер іріктеледі. әдебиеттермен жұмыс жасауда алынған мәліметтерді жүйелеп, тұжырым жасалынады.



Курстық жұмыс студенттердің шығармашылық қабілеттерін танытады, педагогикалық ойлауын дамытып, ғылыми-зерттеу дағдыларын қалыптастырады. Курстық жұмыстың мақсаты – студенттердің логикалық ойлау, шығармашылық қабілеттерінің оқу-тәрбие үдерісіндегі дағдысын, ғылыми-зерттеушілік шеберлігінің деңгейін, теорияны тәжірибемен ұштастыра қолданып, қалыптастыру.

М. Р. Дружинин курстық жұмыстың орындалуына мынадай талаптар қояды:



  • курстық жұмыс жоғары теориялық дәрежеде орындалуы қажет;

  • курстық жұмыс зерттеушілік сипатта болуы тиіс;

  • курстық жұмыс педагогикалық бағытталған, яғни онда бірқатар педагогикалық міндеттер және студенттердің кәсіби дайындығына көмектесетін қазіргі мектеп мәселелері орын алуы тиіс;

  • курстық жұмыста талқыланатын мәселелер теориялық және ғылыми негізделген, оның тұжырымдары қазіргі педагогика мен психологияның даму деңгейлеріне сәйкес болуы тиіс;

  • курстық жұмыстың мазмұны мен құрылымы логикалық жағынан жүйелі болуы тиіс.

Дипломдық жұмыс жоғары оқу орнын бітірушінің кәсіби-педагогикалық дайындығының, ғылыми-теориялық, практикалық білімдерінің, кеңейтілген біліктіліктері мен дағдыларының негізінде жасалады.

Студенттің дипломдық жұмысы толық өз бетінше орындалатындықтан, курстық жұмыстан ерекшеленеді. Дипломдық жұмыс орындалған курстық жұмыстың жалғасы болуы тиіс.

Дипломдық жұмыс орындалғаннан кейін студентте оқу пәндерінің логикалық байланысы, сонымен қатар педагогикалық және өндірістік практикалардың өзара байланысы жөнінде ұғым қалыптасады.

Қазіргі ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды (тұлғаны) қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім беру және оның шығармашылық, рухани және тәни күш қуатын жетілдіру, жеке тұлғаның жан-жақты толысуына жағдай жасай отырып, зерделі азамат даярлау міндеті көзделген. Демек, студенттер қоғам өмірінің барлық саласында да, соның ішінде білім алуда да тек деректер жинап, жалпы ақпарат алумен шектелмей, оларды терең білімді ізденімпаз, барлық іс-әрекетінде шығармашылық бағыт ұстанатын, сол тұрғыда өз болмысын танытатын, бәсекеге түсе алатын маман ретінде тәрбиелеу уақыт талабынан туып отыр.

Ғылымының бүкіл саласында білім мазмұны тереңдеп, ауқымды қауырт өсіп отырған қазіргі ғылым-техникалық өрістеу кезеңінде бұл міндеттердің жүзеге асуы әрбір шәкірттің танымы мол ізденімпаз болып қалыптасуына тікелей байланысты.

Қазіргі жастар жоғары кәсіби деңгейде даярлығы болуымен қатар, ол өзін қоршаған дүниені ізденімпаздықпен (шығармашылық) танып-білу сатысымен танытуға тиіс.

Педагогикалық жоғары оқу орындарында студенттерді ғылыми-педагогикалық зерттеушілік қызметке даярлау, шын мәнінде әлеуметтік-педагогикалық мәселеге айналып отыр.

Ғылым обьективті ақиқатқа жетуге бағытталған:



  • заңдылықтарды бейнелеуге бағытталған;

  • алдын ала болжауға арналған;

  • жүйелі түрде құрылған білімнің жоғарғы нысаны;

  • ғылыми әдісті жүйелі түрде қолдану нәтижесінде алынған білім негіздері;

  • негізгі қағидалар мен жалпы заңдылықтарды қорытып шығаруға жұмылдырылған зерттеулер;

  • табиғи құбылыстарды зерттеуге арналған әдістер мен амалдардың ғылыми қағидаларға негізделген жүйесі;

  • табиғат, қоғам және ой жүйесі туралы жаңа білім жасауға бағытталған.

Студенттердің ғылыми жұмыстарының негізгі нәтижелері ғылыми конференцияларда, бдаяндамалар, курстық және дипломдық жұмыстар, мерзімді басылымдарда, ғылыми еңбектер жинақтарында мақалалар түрінде беріледі.

Оқытудың техникалық құралдары: интерактивті тақта, проектор сызба – кестелер, бейнефильмдер.

Оқытудың әдістері мен түрлері: баяндау, сұрақ – жауап, түсіндіру, практикалық сабақтар,топтық жоба жұмыстары , проблемалық оқыту , интербелсенді оқыту.

Деңгейлік тапсырмалар:

1.Реферат дегеніміз не және оның түрлерін көрсетіңіз

2.Дипломдық жұмысты түсіндіріңіз

3.Курстық жұмысты түсіндіріңіз

4. Ғылыми-педагогикалық зерттеушілік қызмет түрлерін атаңыз
ОБСӨЖ тапсырмалары: Ғылым туралы жалпы түсінік. Ғылымдағы таным процесінің философиялық, психологиялық негіздері.

СӨЖ тапсырмалары: Ғылыми – педагогикалық зерттеудің нақты-әдіснамалық

принциптері.



Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:

Негізгі әдебиеттер:

1. Элен Битэм, Рона Шарп. Педагогиканы цифрлық дәуірде қайта зерделеу: ХХІ ғасырдағы оқыту дизайны. Оқулық. – Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры. – 2019 жыл. -328 б.

2. Дейл Х.Шунк. Оқыту теориясы: Білім беру көкжиегі. Оқулық. – Алматы: «Ұлттық

аударма бюросы» қоғамдық қоры. – 2019 жыл. -592 б.

3.Ж. Асанов, Н. Әбдіхалықов. Педагогиканың ғылыми-зерттеу әдістері. - Астана : Фолиант, 2015. - 120 б.

4. И.Э.Сулейменов, О.А.Габриелян, В.В.Буряк, Н.В.Сафонова и др. Организация и планирование научных исследований: Учеб. пособие для обучающихся в магистратуре. - Алматы : Қазақ ун-ті, 2018. - 336 с.

5. Сарыбаева Ә.Х.Бoлашақ жаратылыстану мұғалiмдерiнiң кәсiби даярлығын жетiлдiруде

электрoндық oқулықтарды қoлданудың ғылыми-әдiстемелiк негiздерi. Монография. -

Шымкент: Нұрлы бейне, 2018. -160 б.



Қосымша әдебиеттер:

  1. Қаңтарбай С.Е. Жүсіпова Ж.А.Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістемесі.– Алматы, 2011. – 265 б.

  2. Д. Қ. Пошаев. Ғылыми-педагогикалық зерттеу негіздері.- Шымкент : Нұрлы бейне, 2011. - 184 б.

  3. Р. Ж. Аубакирова, М. Нұрбекова. Педагогикалық зерттеу әдістемесі. - Астана : Фолиант, 2011. - 128 б.

  4. Ю. К. Бабанский , В. И. Журавлев, В. К. Розов. Введение в научное исследование по педагогике. - М. : Просвещение, 1988. - 239 с.

  5. А. К. Мынбаева. Основы научно-педагогических исследований. - А.: Қазақстан университеті, 2013. - 220 с. 

  6. М. Н. Скаткин. Методология и методика педагогических исследований (в помощь начинающему исследователю). - М. : Педагогика , 1986. - 152 с. 


WEB сайттар тізімі

http://metodologia.fo.ru/wiki/

http://psyera.ru/4988/metody-pedagogicheskogo-issledovaniya

http://si-sv.com/Posobiya/teor-pedag/Tema_2.htm

http://studbooks.net/32062/pedagogika/metody_pedagogicheskih_issledovaniy


Лекция №3

Ғылыми педагогикалық зерттеу және оның әдіснамалық принциптері

Лекция жоспары:

  1. Ғылыми – педагогикалық зерттеу – жаңа педагогикалық білімді қалыптастыру процесі.

  2. Педагогика ғылымының әдіснамасы.

  3. Педагогикалық зерттеудің құрылымы мен логикасы.

  4. Зерттеулердің негізгі кезеңдері (этаптары).

Лекция мақсаты мен міндеттері: Ғылыми – педагогикалық зерттеу әдіснамасы, педагогикалық зерттеу құрылымы мен логикасы жайлы жалпы ақпарат беру, педагогика ғылымының әдіснамасымен таныстыру.

Лекция мазмұны: 1. Ғылыми – педагогикалық зерттеу – жаңа педагогикалық білімді

Ғылым дамуының басты шарты – жаңа деректермен үздіксіз толығып бару. Ал деректердің жинақталуы мен олардың түсініктемесі ғылыми негіздлеген зерттеу әдістеріне тәуелді келеді, әдістер, өз кезегеніде, ғылым аймағында әдіснама атауын алған теориялық принциптердің бірлікті тобымен міндетті байланыста болады.

Қазіргі заман ғылымында әдіснама деп ғылыми – танымдық іс - әрекеттердің түзілу принциптері, формалары мен тәсілдері жөніндегі білімді айтамыз. Ғылым әдіснамасы зерттеу жүйесіндегі құрылымдық бірліктердің нысаны, талдау пәні, зерттеу міндеттері, зерттеу құралдар тобы т.б. сипаттамасын береді. Сонымен бірге зерттеу міндеттерінің шешімін табу процесіндегі әрекеттер бірізділігін белгілейді. Осыдан, педагогика әдіснамасын педагогикалық таным және болмысты қайта жасаудың теориялық ережелер топтамасы ретінде қарастырған жөн.

Әрқандай әдіснама қалыпты көрсетпе – нұсқау және реттестіру қызметтерін атқарады. Дегенмен, әдіснамалық білім екі күйде іске асырылуы мүмкін: дескриптивтік не прескриптвтік.

Дескриптвтік әдіснама – ғылыми білімдердің құрылымы мен ғылыми таным заңдылықтары жөніндегі білім ретінде зерттеу процесіне бағыт – бағдар береді. Ал прескриптвтік әдіснама – зерттеу іс - әрекеттерін реттеп барудың жол жобасын белгілеп, көрсетеді. Дәстүрлі әдіснамалық талдауда ғылыми іс - әрекеттерді жүзеге асыру тиімділігімен танылған ұсыныстары және ережелеріне байланысты құрастыру міндеттері басымдау болса, ал дескриптивті талдауда ғылыми таным процесінде іске асырылған зерттеу әрекеттерін қайталап баяндау, түсіндіру қызметтері атқарылады.

2. Педагогика ғылымының әдіснамасы.

Әдіснамалық білімдер тобы төрт деңгейлі келеді. (Э.Г.Юдин). Философиялық, жалпы білімдік, нақты ғылымдық және технологиялық. Әдіснаманың ең жоғары философиялық деңгейі танымның жалпы принциптері мен бүкіл ғылымның категориялар құрылымын негіздейді. Осыдан философиялық білімдердің барша жүйесі әдіснамалық қызмет атқарады. Екінші – жалпы ғылымдық - әдіснама деңгейінде ғылымдардың баршасында не көпшілігінде қолданылуы мүмкін теориялық тұжырымдарды белгілейді. Үшінші деңгей – нақты ғылым әдіснамасы қандай да нақты ғылыми пән аймағында қолданылатын зерттеу әдістері мен принциптерінің жиынтығын құрайды. Нақты ғылым әдіснамасы белгілі саладағы ғылыми тануға тән болған проблемаларды, сондай – ақ жоғарылау келген әдіснамалық деңгейлерге байланысты алға тартылатын мәселелерді де қамтиды, мысалы: педагогикалық зерттеулердегі жүйелестіру мен жобалау (моделдеу) проблемалары. Төртінші деңгей – технологиялық әдіснама – зерттеу әдістері мен техникасын белгілеп, деректі эмпирикалық материалдарды жинақтап, алғашқы өңдеуден өткізіп, кейін оларды ғылыми білімдер өрісіне қосу қызметтерінен хабар береді. Бұл деңгейдегі әдіснамалық білім нақты көрсетпе – нұсқау сипатына ие. Әдіснаманың барша деңгейлері күрделі жүйеде бірігіп, өзара сабақтастықпен байланысты келеді. Ал әрқандай әдіснамалық деп танылған білімнің мазмұндық негізі философиялық деңгейден іздестіріледі, себебі таным процесі мен болмысты қайта жасау әрекеттерінің дүниетаным, көзқарас бағдары осы философиямен айқындалады.

Педагогиканың жалпы ғылымдық әдіснамасы.

Жалпығылымдық әдіснама қоршаған болмыс құбылыстары мен процестерінің жалпыланған байланысы және өзара шарттастығына негізделген жүйеліліктен танылуы мүмкін. Ол әрбір зерттеуші мен практикті белгілі құрылымға, сондай – ақ өзінің жасау заңдылықтарына ие өмір құбылыстарының белгілі жүйесіне бағдарлайды.

Жүйелілік мәніне орай әрқандай салыстырмалы дербес бірліктер өз бетінше шектелмей, өзара байланысқан даму мен қозғалыста қарастырылады. Осдан ол жүйені құраушы элементтерде көріне бермейтін біріктіруші жүйе қаситтері мен сапалық белгілерді анықтауға көмектеседі. Жүйеліліктің заттасқан және тарихи қырлары келесідейзерттеу принциптерін бірлікте іске асыруды қажет етеді: тарихилық, нақтылық, көптарапты, байланыстар мен дамуды ескеру.

Жүйелілікті білуден педагогикалық теория, эксперимент пен практика тұтастығы орындалады.

Теориялық негізде жобаланған экспериментте біршама тексерілген ғылыми білімдер мен тұжырымдардың шынайлылығы практика міндеті мен талаптарына орай өлшестіріледі. Практикадан білімнің жаңа іргелі проблемалары туындайды. Сонымен, теория практикалық шешімдердің дұрыстығына арқау болады, ал білім тәжірибесіне байланысты ұланғайыр проблемалар мен міндеттер іргелі дәстүрлерді қажет ететін сұрақтардың туындауына жол ашады.

Педагогикалық зерттеулердің әдіснамалық принциптері

Ғылыми – педагогикалық зерттеулер жүргізуде төмендегідей принциптерді басшылыққа алу қажет:



  • педагогикалық құбылыстардың шынайлылығы мен шарттасқандығын ескеру, себебі дүниедегінің бәрі өзінің ішкі объектив заңдары, қарама – қарсылықтары және себепті – салдарлы байланыстарына орай жасайды әрі дамиды;

  • құбылыстарды даму барысында зерттеу;

  • бір құбылысты екіншілермен өзара қатынаста байланыстыра зерттеу;

  • зерттеу процесіндегі қалаған ғылыми проблеманың шешімі бірін – бірі толықтырып отырушы көптеген әдістер кешенімен орындалатынын естен шығармау;

  • зерттеу әдістері зерттелетін құбылыстың мән – мағынасына сай келуі;

  • даму процесін сол дамудың қозғаушы күші және даму көзі саналатын оның қарама – қарсылықтарына негізделген өзіндік қозғалыс және өзіндік даму ретінде қарастыру;

  • сынақталушыға, білім – тәрбие процесіне зиян келтіретін, адамгершілік – инабаттылық талаптарына қайшы болатын эксперименттерді өткізбеу.

3. Педагогикалық зерттеудің құрылымы мен логикасы.

Педагогика саласындағы зерттеулер – бұл білім заңдылықтары, оның құрылымы мен механизмдері, мазмұны, принциптері мен технологиясы жөніндегі жаңа мәліметтерді алуға бағытталған ғылыми ізденіс процесі және оның нәтижесі. Педагогикалық зерттеулердің міндеті – деректер мен құбылыстарды түсіндіру және оларды алдын ала болжастыру.

Бағытталу тұрғысынан педагогикалық зерттеулер іргелі (фундаменталды), қолданбалы және болжам – жобалау деңгейіндегі болып үш топқа бөлінеді. Іргелі зерттеулер нәтижесінде педагогиканың теориялық және практикалық жетістіктерін қорытушы жалпы тұжырымдамалар алынады немесе болжам жобалаумен педагогикалық жүйелерді дамытудың моделдері ұсынылады. Қолданбалы зерттеулер – бұл педагогикалық процестің кейбір тараптарын тереңдей тануға, алуан қырлы педагогикалық қызметтің заңдылықтарын ашуға бағдарланған істер. Болжам жоба – бұрыннан белгілі теориялық көзқарастарға негізделген нақты ғылыми – практикалық ұсыныстар дұрыстығын дәлелдеп, оларды практикалық айналымға қосу бағытында істелетін жұмыс.

Қалаған педагогикалық зерттеу көпшілік қабылдаған әдіснамалық тиектерге орай жүргзізіледі. Педагогикада олардың қатарына – зерттелуге тиіс проблема, тақырып, нысан және оның дені, мақсат, міндеттер мен болжамдар, қорғалуы тиіс идеялар – кіреді. Педагогикалық зерттеулер сапасын танытушы негізгі көрсеткішер: зерттеу көкйкестілігі, жаңалығы, теориялық және практикалық маңыздылығы.

Зерттеу бағдарламасы, әдетте, екі бөлімнен тұрады: әдіснамалық және іс - әрекеттік (орындау - процедуралық). Алғы бөлімде тақырып көкейкестілігі негізделеді, проблема нақтыланады, зерттеу нысаны мен дені, мақсаты мен міндеттері айқындалады, негізгі ұғымдары белгіленеді, зерттеу нысаны бастапқы жүйелі талдауға салынып, қызметтік болжам жасалады. Ал екіншіде – зерттеудің стратегиялық жоспары түзіледі, сонымен бірге ідер алды деректерді жинақтау мен оларды іріктеудің реті және негізгі шаралары жасалады.

Зерттеу көкейкестілігін негіздеудің мәні – оқу мен тәрбиенің теориясы және практикасын бұдан былай да дамыту үшін тиісті проблемалардың қажеттігін, дер кезінде зерттеліп, шешімін табудың маңыздылығын түсіндіру. Көкейкесті зерттеулер белгілі кезеңдегі аса күрделі де қажет мәселелердің жауабын береді, педагогикалық ғылымға қойылатын қоғамның әлеуметтік тапсырысын бейнелейді, практикада орын алған келелі қайшылықтарды ашады. Көкейкестілік тиегі өзгермелі, қозғалысты, уақыт пен нақты әрі ерекше жағдайларға тәуелді. Жалпыланған күйде көкейкестілік ғылыми идеялар мен практикалық ұсыныстарға болатын сұраныс пен дер кезіңдегі ғылым мен практиканың мүмкіндігі арасындағы айырмашылық деңгейін сипаттайды.

Зертттеу тақырыбы шешімі қалтқысыз табылуы қажет, өте күрделі де қоғамдық маңызға ие болған проблемалармен ұштасқан әлеуметтік тапсырыс нақты тақырыптың негіздеме дәйегін талап етеді. Ал бұл, өз кезегінде, қойылған мәселенің ғылым аймағында зерттелу дәрежесінен туындайды.

Егер әлеуметтік тапсырыс педагогикалық практиканы талдаудың нәтижесінде ұсынылатын болса, ғылыми проблеманың өз негізі басқаша. Оның міндеті ғылым құрал – жабдықтарын пайдалана отырып, негізгі қарама – қарсылықтарды баяндап беру. Әдетте, проблема шешімі зерттеу мақсатын құрайды. Мақсат – қайта түзіліп, өрнектелетін проблема.

Проблема нақтыланып, өрнектелгеннен соң, зерттеу нысанын таңдау кезегі келеді. Нысанға педагогикалық процесс, педагогикалық болмыстың бір саласы немесе қайшылықтарымен жүз берген қандай да педагогикалық қатынас алынуы мүмкін. Басқаша айтсақ, өз ішінде нақты не әлі де күмәнді қайшылықтарды қамтып, проблемдік ситуацияларды туындатқан жағдайлардың баршасы нысан есептелінеді. Танымдық процесс бағытталғанның бірі – нысан. Зерттеу дені (предмет) – нысан бөлшегі, бір тарапты, яғни бұл түбегейлі зерттеуді қажет еткен нысанның теориялық не практикалық тұрғыдан өте маңызды сапа – қасиеттері, қырлары мен сырлары.

Зерттеу мақсаты, объекті және деніне сәйкес, әдетте, болжамды (гипотезаны) тексеру мен дәйектеуге арналған зерттеу міндеттері белгіленеді. Гипотеза – бұл шынайлылығы әлі дәлелденуі қажет теориялық негізі бар болжамдар жиынтығы.



Ғылыми жаңалық тиегі аяқталған зерттеулердің сапасын бағалау үшін қолданылады. Ол қазіргі кезеңде әлі белгісіз, педагогикалық әдебиеттер тобына енбеген білім заңдылықтары, олардың құрылымы мен механизмдері, мазмұны, принциптері мен технологиясын сипаттаушы теориялық және практикалық қорытындылардың мазмұнын өрнектейді.

Зерттеу жаңалығы қаншалықты теориялық маңызға ие болса, соншалықты практикалық қажеттілікке ие. Зерттеулер нәтижесінде түзілген тұжырымдамалар, алынған гипотезалар, ашылған заңдылықтар, әдістер, бағыттар, көзқарастар, проблеманы айқындау моделі орындалған ғылыми істердің теориялық маңызын танытады. Ал зерттеудің практикалық маңызы жаңа ұсыныстар, нұсқаулар және т.б. дайындауға арқау болуында.

Жаңалық тиектері, теориялық және практикалық маңыздылық зерттеу типтеріне орай бір – бірімен ауысып барады, сондай – ақ жаңа білімдердің пайда болу уақытына тәуелді келеді.

4. Зерттеулердің негізгі кезеңдері (этаптары).

Зерттеу ізденістерінің логикасы мен қозғалысты өзгермелілігі бірнеше сатылық – эмпирикалық, гипотетикалық, эксперименталды – теориялық немесе теориялық, прогностикалық – жұмыстар орындауды қажет етеді.

Зерттеудің эмпирикалық сатысында зерттеу нысанының қызметтік бағамы алынады, шынайы оқу – білім тәжірибесі, ғылыми білімдер деңгейі мен құбылыс мәнін түсіну қажеттігі арасындағы қарама – қарсылықтар көрінеді, ғылыми проблема өрнектеледі. Эмпирикалық талдаудың басты нәтижесі – зерттеудің алғашқы тұжырымдамалары ретінде қабылданған, бірақ әлі тұтастығы тексеріліп, бекуі қажет болжамдар мен шамалаулар жүйесінен түзілетін зерттеу гипотезасынан көрінеді.

Гипотетикалық сатыдағы ізденіс жұмыстарының мәнін зерттеу объекті жөніндегі деректік болжамдар мен олардың мәнін айқындап алу қажеттігі арасындағы қарама – қарсылықтарды шешіп алу, содан соң зерттеудің эмпирикалық деңгейінен оның теориялық деңгейіне өтудің дайындық жағдайларын жасау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет