Жаратылыстану факультеті


Оқытудың техникалық құралдары



бет9/9
Дата26.03.2020
өлшемі0,67 Mb.
#60807
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
3.lektsiya fpza
5Ә ВОКАЛ ҮЙІРМЕСІ, Расписание на май 2022

Оқытудың техникалық құралдары: интерактивті тақта, проектор сызба – кестелер, бейнефильмдер.

Оқытудың әдістері мен түрлері: баяндау, сұрақ – жауап, түсіндіру, практикалық сабақтар,топтық жоба жұмыстары , проблемалық оқыту , интербелсенді оқыту.

Деңгейлік тапсырмалар:

1.Озат таәжірибе тарату дегеніміз не?

2.Озат тәжірибе таратуға нелер жатады?

3. Озық тәжірибе мектебі жұмысын бағалау дегеніміз не?


ОБСӨЖ тапсырмалары: Курстық жұмыс және оларды орындау әдістемесі. Дипломдық жұмысты орындау әдістемесі..

СӨЖ тапсырмалары: Қазақстандағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыратын мекемелер.
Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:

Негізгі әдебиеттер:

1. Элен Битэм, Рона Шарп. Педагогиканы цифрлық дәуірде қайта зерделеу: ХХІ ғасырдағы оқыту дизайны. Оқулық. – Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры. – 2019 жыл. -328 б.

2. Дейл Х.Шунк. Оқыту теориясы: Білім беру көкжиегі. Оқулық. – Алматы: «Ұлттық

аударма бюросы» қоғамдық қоры. – 2019 жыл. -592 б.

3.Ж. Асанов, Н. Әбдіхалықов. Педагогиканың ғылыми-зерттеу әдістері. - Астана : Фолиант, 2015. - 120 б.

4. И.Э.Сулейменов, О.А.Габриелян, В.В.Буряк, Н.В.Сафонова и др. Организация и планирование научных исследований: Учеб. пособие для обучающихся в магистратуре. - Алматы : Қазақ ун-ті, 2018. - 336 с.

5. Сарыбаева Ә.Х.Бoлашақ жаратылыстану мұғалiмдерiнiң кәсiби даярлығын жетiлдiруде

электрoндық oқулықтарды қoлданудың ғылыми-әдiстемелiк негiздерi. Монография. -

Шымкент: Нұрлы бейне, 2018. -160 б.



Қосымша әдебиеттер:

  1. Қаңтарбай С.Е. Жүсіпова Ж.А.Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістемесі.– Алматы, 2011. – 265 б.

  2. Д. Қ. Пошаев. Ғылыми-педагогикалық зерттеу негіздері.- Шымкент : Нұрлы бейне, 2011. - 184 б.

  3. Р. Ж. Аубакирова, М. Нұрбекова. Педагогикалық зерттеу әдістемесі. - Астана : Фолиант, 2011. - 128 б.

  4. Ю. К. Бабанский , В. И. Журавлев, В. К. Розов. Введение в научное исследование по педагогике. - М. : Просвещение, 1988. - 239 с.

  5. А. К. Мынбаева. Основы научно-педагогических исследований. - А.: Қазақстан университеті, 2013. - 220 с. 

  6. М. Н. Скаткин. Методология и методика педагогических исследований (в помощь начинающему исследователю). - М. : Педагогика , 1986. - 152 с. 


WEB сайттар тізімі

http://metodologia.fo.ru/wiki/

http://psyera.ru/4988/metody-pedagogicheskogo-issledovaniya

http://si-sv.com/Posobiya/teor-pedag/Tema_2.htm

http://studbooks.net/32062/pedagogika/metody_pedagogicheskih_issledovaniy



Лекция №15

Физикадан педагогикалық тәжірибені жалпылау

Лекция жоспары:

1. Педагогикалық тәжірибені жалпылау

2. Педагогикалық тәжірибенің қолданылуын талдау

Лекция мақсаты мен міндеттері: Физикадан педагогикалық тәжірибені жалпылау және жүйелеуді қарастыру

Лекция мазмұны: Зерттеу жұмыстарын жүргізудегі ең басты жол – бұл педагогикалық тәжірибені жалпылау. Озық педагогикалық тәжірибенің дамуына белсене қатынасқан ғалымдар өздерінің көп үлестерін қосты. Педагогикалық тәжірибеге сүйену мен оны ақылға салу көптеген ғылыми жұмыстардың негізі болып табылады.

Бірақ педагогикалық жұмыстардағы педагогикалық тәжірибенің қолданылуын талдай отырып елеулі кемшіліктерді көре аламыз:


Біріншіден, озық тәжірибені зерттей отырып, кейбір ғалымдар тәрбие мен оқытудың тұтас жүйесінен тек өзінің диссертация тақырыбына сай жеке жағдайларды таңдап алады.
Екіншіден, кейбір зерттеушілер, тәжірибені зерттей отырып, тәжірибе орнының жетіспеушілігіне, әлсіздігіне көңіл бөлмей, ең қызықты, сәтті жерлерді таңдап алады. Кейін бір болымды материалдардан өз ойларының дәлелдеулерін құруға тырысады. Біршама жағдайларға байланысты ғылыми зерттеу тақырыбы сол қызықты мазмұнға қатысты өзгереді, ол педагогикалық озық тәжірибеде көрінеді.
Үшіншіден, кейбір ғалымдар педагогикалық озық тәжірибені жалпылауда жан-жақтағы бақылаушыға айналады. Олар мектепке тек өздерін қызықтыратын нәрсені алу үшін келеді, бірақ орнына ештеңе бермейді. Олар туралы мектепте дұрыс айтылған, яғни мұғалімдер өңдеп шығарады, ал олардың еңбек нәтижесін басқалары пайдаланады.
Төртіншіден, мектептің педагогикалық тәжірибесін қолдану оның тарихының үзіндісінен жиі алынады. Ғылыми жұмыстарда педагогикалық тәжірибенің генезисі болмайды (Генезис дегеніміз ата-тегі, тууы, пайда болуы), яғни тәрбиелеу мен оқытудың рационалды әдістерінің даму жолдары жай, әлсіз болып ашылады.
Бесіншіден, тәжірибе бағасында оны шығарғанмен, оны сипаттаушының араларында үйлеспеушілік бар. Ғалымдар ең басты мұғалімдердің өздері өз тәжірибелерінде нені ең бағалы деп санайтынын, нені тапқанын және үйренгенін, нені іздейтінін және не затқа ұмтылатынын анықтауы қажет.

 Педагогикалық тәжірибе алмасудың ережелері

Педагогикалық озық тәжірибенің қолданылуы мен жалпылауында кемшіліктерді болдырмау үшін мына ережелерге бағыну керек:

1. Ең басты педагогикалық озық тәжірибені бастамас бұрын өзің үшін педагогикалық озық тәжірибенің тұтасымен әр ел мектептерінде қалай сипатталатынын нақты анықтап алу қажет.

2. Мектеп өмсірінің барлық жақтарымен танысу қажет. Бұл үшін бір сыныпта күні бойы сабақ кестесі бойынша өткізілетін зерттеушіні қызықтыратын барлық сабақтарға қатынасу керек. Егер сіздің ғылыми ізденісіңіз балалармен бірге жүргізілген жұмыстардың формалары мен әдістерінен көрініс тапса, онда озық тәжірибені жалпылауға кірісе бастауға болады.

3. Педагогикалық тәжірибені үйренуді мұғалімдер, тәрбиешілер ұжымынан, олардың жұмыстық қарым-қатынас стилінен, жалпы көзқарастар мен жалпыға бірдей талаптардан бастау керек. Атап айтқанда озық тәжірибенің негізін нақ осы анықтайды. Балалар ұжымы мен педагогикалық ұжымдар арасындағы оқушылар мен оқытушылар арасындағы қарым-қатынас жүйесін білу қажет. Осыдан кейін барып қызықты оқу мәселесі бойынша материал жинақтауға кірісуге болады.

4. Педагогикалық тәжірибені дұрыс түсініп, бағалау үшін жан-жақтағы бақылаушылардан бас тартып, педагогикалық ұжымға топ мүшесі ретінде (сынып жетекшісі, мұғалім) немесе мұғалімдердің зерттеу тобы жетекшісі ретінде (кеңес мәселесінің шығарылуы) енуі керек. ғалым барлық жағдайда да мектептің оқу және тәрбие жұмыстарына белсене қатынасуы қажет, әйтпесе ол педагогикалық тәжірибені түсіне де, дұрыс бағалай да алмайды.

5. Елдің үздік мұғалімінің тәжірибесі – бұл ең алдымен педагогикалық шығармышылық болып табылады, мұның негізінде қазіргі педагогика ғылымының дамуы жатыр. Сондықтан педагогикалық озық тәжірибені үйренудің қазіргі ғылым тұрғысынан оның талдауы бар.

6. Бір мұғалімнің, бір мектептің педагогикалық озық тәжірибесіне сілтеме жасап, шектеп қоюға болмайды. Ең жақсы дәлелдеме – алдыңғы және қатардағы көптеген мұғалімдердің , бірнеше мектептердің тәжірибесін салыстыруы. Тек осының жүзінде берілген педагогикалық тәжірибенің шындығында ғылыми құндылығын, оның өзектілігі мен таратылу мүмкіндігін анықтауға болады.

7. Педагогикалық озық тәжірибені жалпы сипаттап қана қоюға болмайды, оны дамытып, әрі уақытта жалпылып отыру қажет. Бұл әрі ең қиын, әрі ең жеңіл жағдайларды дәлелдеудің тәсілі болып табылады. Бұл жағдайда ғалым мәселені шешу жолдарының бірнеше түрін белгілей алады, яғни мұғалімдермен келісіп, олардың әрқайсысын қараттырып, өздері анықтап, қайсысы жақын екенін тексерту. Сонымен қатар зерттеу тақырыбы бойынша оқу мен тәрбиелеуге қатысты бірнеше варианттарды қарастыруға болады, яғни әр мұғалімге өз тапсырмаларын орындауға беріп, кейін алынған нәтижелерді салыстыруға болады.

8. Педагогикалық озық тәжірибені жалпылаудың ең қиын, дегенмен ең асыл жолы – бұл мұғалімдерді ғылыми зерттеу жұмысының дағдысына үйрету, өзінің шығармашылық ізденісінің, өзінің тәжірибесін сипаттауда, оларды талдауда да көмек көрсету. Мұғалім кейін өзі зерттеуші болған кезде, бұл оның педагогикалық жұмысқа деген жалған қызғушылығын емес, ол өзінің ой әрекетін жағдайластырады, шығармашылыққа қарай тартылады. Педагогикалық озық тәжірибенің нақты болуы үшін, оны жалпылауда зерттеудің ғылыми әдістерін қолдану қажет: бақылау, сауалнама, тестілер және т.б.

9. Ғылыми зерттеуде педагогикалық озық тәжірибені эксперименттік жұмыстың кіріспесі немесе оның қорытындысы ретінде қызмет етуі керек. ғалым эксперимент бастауына мектепте бар жақсыны анықтайды, бұл оның ғылыми болжауына мәлімет жинауға көмектеседі. Эксперимент нәтижесін көптік тәжірибемен тексеру керек. Бұл экспериментте ненің пайдалы екенін, ненің мұғаліммен жеңіл игерілетінін, қиындық кездестірмейтінін анықтауға көмектеседі. Мұндай ғылыми тәжірибенің тексеруінсіз рекомендация (кепілдеме) беруге болмайды.



Оқытудың техникалық құралдары: интерактивті тақта, проектор сызба – кестелер, бейнефильмдер.

Оқытудың әдістері мен түрлері: баяндау, сұрақ – жауап, түсіндіру, практикалық сабақтар,топтық жоба жұмыстары , проблемалық оқыту , интербелсенді оқыту.

Деңгейлік тапсырмалар:

1. Педагогикалық тәжірибені жалпылау және жүйелеу қалай жүзеге асады

2. педагогикалық тәжірибенің қолданылуын талдау жолы қандай
ОБСӨЖ тапсырмалары: Эксперименттік зерттеулерді ұйымдастыру

СӨЖ тапсырмалары: Зерттеу жұмысының жалпы құрылымын талдау.

Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:

Негізгі әдебиеттер:

1. Элен Битэм, Рона Шарп. Педагогиканы цифрлық дәуірде қайта зерделеу: ХХІ ғасырдағы оқыту дизайны. Оқулық. – Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры. – 2019 жыл. -328 б.

2. Дейл Х.Шунк. Оқыту теориясы: Білім беру көкжиегі. Оқулық. – Алматы: «Ұлттық

аударма бюросы» қоғамдық қоры. – 2019 жыл. -592 б.

3.Ж. Асанов, Н. Әбдіхалықов. Педагогиканың ғылыми-зерттеу әдістері. - Астана : Фолиант, 2015. - 120 б.

4. И.Э.Сулейменов, О.А.Габриелян, В.В.Буряк, Н.В.Сафонова и др. Организация и планирование научных исследований: Учеб. пособие для обучающихся в магистратуре. - Алматы : Қазақ ун-ті, 2018. - 336 с.

5. Сарыбаева Ә.Х.Бoлашақ жаратылыстану мұғалiмдерiнiң кәсiби даярлығын жетiлдiруде

электрoндық oқулықтарды қoлданудың ғылыми-әдiстемелiк негiздерi. Монография. -

Шымкент: Нұрлы бейне, 2018. -160 б.



Қосымша әдебиеттер:

  1. Қаңтарбай С.Е. Жүсіпова Ж.А.Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістемесі.– Алматы, 2011. – 265 б.

  2. Д. Қ. Пошаев. Ғылыми-педагогикалық зерттеу негіздері.- Шымкент : Нұрлы бейне, 2011. - 184 б.

  3. Р. Ж. Аубакирова, М. Нұрбекова. Педагогикалық зерттеу әдістемесі. - Астана : Фолиант, 2011. - 128 б.

  4. Ю. К. Бабанский , В. И. Журавлев, В. К. Розов. Введение в научное исследование по педагогике. - М. : Просвещение, 1988. - 239 с.

  5. А. К. Мынбаева. Основы научно-педагогических исследований. - А.: Қазақстан университеті, 2013. - 220 с. 

  6. М. Н. Скаткин. Методология и методика педагогических исследований (в помощь начинающему исследователю). - М. : Педагогика , 1986. - 152 с. 


WEB сайттар тізімі

http://metodologia.fo.ru/wiki/

http://psyera.ru/4988/metody-pedagogicheskogo-issledovaniya

http://si-sv.com/Posobiya/teor-pedag/Tema_2.htm

http://studbooks.net/32062/pedagogika/metody_pedagogicheskih_issledovaniy







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет