Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Жаратылыстану ғылымдары факультеті
Биология кафедрасы
«Өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясының үлкен практикумы» пәні бойынша
методикалық нұсқау
5В011300 «Биология»
Семей 2013 ж.
Құрастырушы: биология кафедрасының доценті Карипабева Н.Ш.
Өсімдік анатомиясы және морфологиясының үлкен практикумы пәнін оқыту мақсаты.
1.Студенттерге ботаника оқығанда өте қиын биологиялық мәселелер жөнінде түңғыш рет алғашқы үғымдар беру. Мұндай мәселелер мыналар болып табылады:
А)Организімнің клеткалық құрылысы.
Б)Өсімдіктер тіршілігінің негізгі процестері – тыныс алу, қоректену, заттардың екінші түрге айналуы және қозғалуы.
В)Өсімдіктерде органикалық заттардың пайда болуының аса маңызды биокосмикалық процесі, ұрықтану процесі, тіршілік жағдайларының организм дамуына әсер етуі, ауылшаруашылық өсімдіктердің өсуі мен дамуын реттеу.
2. Бірінші курс студенттері өсімдік дүниесінің сыртқы ортамен байланысы, карым-катынасын және осыған байланысты өсімдік органдары мен тканьдарында жүретін биологиялық процестерден мағлұмат алады. Өсімдіктердің жеке топтарының құрылысын, көбеюін және тіршілік еткен орталарын салыстыру арқылы зерттеуге назар аударылады.
3.Теорияльқ курсқа бөлінген сағаттар деңгейінде өсімдіктер дүниесінен студенттерге толық мағлұмат беру мүмкін емес. Ол зертханалық сабақтарда мүмкіндігінше толықтырылуы тиіс. Соңдай-ақ зертханалық сабақта сгуденттер өсімдіктерден гербарий жасау, ішкі құрылысын микроскоп аркылы зерттеу үшін кесінділер және уақытша препараттар жасау техникасын үйренеді. Мұның болашақ мұғалім үшін мәні өте зор.
ІІІ. Зертханалық жұмыстар ды орындаудағы әдістемелік нұсқау
1-Тақырып. Оптикалық микроскоптар.
Уақытша препараттар.
Материалдар және қажетті жабдықтар. МБР-1 микроскоптары, зат және жабын айналары, ұстаралар, ұстараларды қарайтын қайрақ және ұстара жанитын қайыс, кез келген өсімдіктің сабағы, кисточка, сурет салуға қажетті құралдар.
Микроскоп.
Биологиялық микроскоп дегеніміз оптикалық прибор, оның көмегімен қарастырылып отырған обьектіні бірнеше есе үлкейтіп және оның құрылысының аса ұсақ құрамдарын көруге қол жеткізуге болады.
Құрылысы. Микроскоппен танысқанда, оның барлық төмендегі келтірілген бөліктерін тауып, олардың атын, не үшін қажетті екендігін және құрылысын еске сақтау қажет.
Микроскопты оптикалық және механикалық деп екі системаға бөледі. Оптикалық системаға обьективтер, окулярлар және жарық беретін аспаптар жатады.
Обьектив микроскоптың ең маңызды бөлігі. Ол ішіне линзалар салынған металдан жасалған цилиндр.
Окуляр металдан жасалған цилиндрге бекітілген 2-3 линзадан тұрады. Лупа секілді ол қарайтын обьектінің обьектив түзген, тікелей немесе жалған көрінісін үлкейтілген формада береді.
Жарық беретін аппараттың құрылысы айнадан және иристі диафрагмасы бар конденсордан және зат столшасының астында орнатылған күңгірт айнаның шеңберінен, немесе жарық өткізетін фильтрден тұрады.
Айна жарықты конденсор арқылы өткізу үшін және зат столшасының саңылау обьективке бағыттау үшін қажет. Конденсор арнаулы винттің көмегімен көтерілгенде немесе төмен түскенде өз кезегінде айнадан объектіге берілетін жарықты жинайды немесе шашыратады.Айна мен конденсатордың арасында орналасқан иристі диафрагма объективтің фронтальды линзасының диаметіріне сәйкес жарықтың ағынының диаметрін өзгертіп отыру үшін қажет. р
Микроскоптың миханикалық системасы табаннан микрометрлік механизімді қораптан және микрометрлік винттен, тубус ұстағыштан, револьверден, зат айнасынан тұрады.
Жұмыс істеудің тәртібі. Микроскоппен жұмыс істегенде мынандай тәртіпті және операция жүйелілігін сақтап отыру керек.
1.Микроскопты столдың шетіне қойғанда, окуляр сол көздің қарсысында тұратындай болуы керек және жұмысты толық біткенге дейін оны қозғамайды.
2.Диафрагманы барынша ашып, конденсаторды жоғары деңгейге дейін көтереді.
3.8х нөмерлі объективті жұмыс жағдайына келтіреді, яғни оны зат столшасының 1 см-дей қашықтыққа қояды.
4.Сол көзбен окулярға қарап және ойыс айнаны пайдалана отырып жарықты терезеден, объективке бағыттайды және көру аймағына жарық береді.
5.Препарат зат столшасының үстіне қойылады және жанына қарап объективті үлкен винттердің көмегімен обективтің фронтальды линзасымен препараттың арасындағы қашықтық 4-5мм болатындай етіп төмен түсіріледі.
6.Окулярға сол көзімен қарай отырып және үлкен винтті өзіне бұрай отырып, объективті жайлап объектінің құрылысы жақсы көрінгеге дейін көтереді.
7.Препараттың құрылысының таза көрнуіне қол жеткізе отырып, объективтің фронтальды линзасы қажетті жағдайға келтіреді.
8.Обектінің қандайда бір бөлігін микроскоптың үлкен үлкейткшімен зерттеу үшін, сол бөлікті препаратты қолмен жылжыта отырып көру аясының ортасына қояды. Содан соң револьверді айналдырып 40х нөмерлі объективті жұмыс істеу жағдайына келтіреді.Осыдан кейін микрометрлік винтті пайдалана отырып объекттің көрінісінің тазалығына көз жеткізеді.
9.Үлкен үлкейткішті объективті пайдалану кезінде препаратты тек столшаны қозғалтуға арналған тетіктің көмегімен ғана жылжытуға болады.
10.Үлкен үлкейткішпен жұмыс істеуді аяқтағаннан кейін,револьверді бұрай отырып,микроскопты кіші үлкейткішке келтіреді, тек осыдан кейін барып препаратты алады.
Уақытша препараттар
Уақытша препараттар жасағанда қарастырылатын объектіні,зат айнасының үстіне тамызған судың, глицериннің, реактивтің немесе бояғыш заттың ерітіндісінің үстіне салады да, бетіне жабын айнасымен жабады.
Уақытша препараттар жасғанда,жұмыстың мынандай жүйелілігін сақтау керек.
1.Зат айнасы мен жабын айнасын тазалап жуып, сүрту керек.
2.Зерттейтін органның кесіндісін ұстарамен жасайды.
3.Зат айнасының етіне сұйық нәрсе тамызады (судың, глицеринді, реактивтің немесе бояғыштың қоспасын)
4.Ең жұқа кесіндіні таңдап алып, оны зат айнасының үстіндегі су тамшысының бетіне салады.
5.Кесіндіні жабын айнасымен жапқанда, оның астында ауа қалмайтынай етеді. Ол үшін жабын айнасын қырынан екі саусақпен алады, астыңғы қырын сұйық тамшының шетіне тақап әкеледі де, біртіндеп түсіреді.
6.Егер сұйық көп болса, ол жабын айнасының астынан ағып шығады, мұндай артық сұйық арнайы кесіп дайындаған сорғыш қағазбен сорғытып алады. Егер жабын айнасының астында ауамен толтырылған қуыс қалса, қалған ауаны осы сұйықпен ығыстырады.
2-Тақырып.
1-жұмыс: Өсімдіктер клеткасының құрылысы.
Сабаққа қажетті объектілер,құрал-жабдықтар:
1.Қатпарлы жуа пияз.
2.Қарбыз жемісі.
3.Микраскоп және онымен жұмыс жасауға қажетті жабдықтар.
4.Иодтың иодты калийдегі ерітіндісі.
Тапсырма:
1)пияз жуашығының шырынды қабыршақ эпидермасынан уакытша препарат дайындау.
2)Препаратты кіші объективпен қарап,клеткалардың пішініне,орналасуына көңіл аудару.
3)Клетканың құрылысын үлкен объективпен,алдымен бір тамшы суда,одан кейін иодтың калийдегі ерітіндісінде зерттеу.
4)Қарбыздың жұмсақ етінен препарат дайындап,клеткаларының орналасуына,пішініне коніл аудару.
5)Алынған өсімдіктердің әрқайсының 1-2 (3-4)клеткасының суретін үлкен етіп салып,клетка қабықшасы,цитоплазма,вакуоль,ядо және ядырошықты белгілеу.
Пияздың шырынды қабыршағы эпидермасының клеткалық құрылысы.
Өсімдіктер клеткасының құрылысын зерттеу үшін қолайлы объектінің бірі күнделікті тамаққа пайдаланып жүрген пияз.Пиязды сыртқы құрғақ қабыршақтарынан тазалаймыз.Шырынды қабыршағының кішірек бөлігін сол қолымыздың саусақтарымен қысып тұрып,оның дөнес жағынан пинцет немесе сапты иненің көмегімен эпидермасын жарақтамай сыдырып аламыз,сырт жағымен жоғары қаратып,зат әйнегіндегі бір тамшы суға салып,жабық әйнегімен жауып,препарат дайындаймыз.Микроскоптан эпидерманың клеткааралық қуыстарының болмайтынын,бір-бірімен тығыз тіркесіп жатқан байланысты тірі клеткалардан тұратынын көреміз.Үлкен объективке ауыстырып қарағанда клетка құрылысы анық көрінеді.Клетканың бірден көзге түсетін бөлігі-оның сыртын жауып тұрған қабықшасы.Қабықшаның әр жерәнде ойыс болып келген жұқа бөлімдер көрінеді,олар поралар.Жеке клеткалардың құрамында пішіні дөңгелек,бәр немесе екі ядрошығы бар ірі ядроны,майда түйіршікті цитоплазманы байқауға болады. Клетканың құрамды бөліктерін бұданда анық көру үшін препаратқа йодтың йодты калийдегі ерітіндісімен әсер етеміз.Оның нәтежесіндецитоплазма белогі сары түске,ал ядро белогі қою сары түске боялады.Вакуольдер ашық түсті дақтар болып көрініп,клетка қабықшасы түссіз қалпында қалады.
2-Жұмыс. Клетка қабықшасы.
Сабаққа қажетті обьектілер мен құрал жабдықтар:
1.Аспидистра жапырағы.
2.Қарағайдың бірнеше күн бұрын суда 4-6 сағат қайнатылып, глицерин мен спирттің бірдей мөлшердегі қоспасына салынып қойылған майда бөлшектері.
3.Реактивтер: флороглюцин, тұз қышқылы немесе күкірт қышқылы, глицерин.
Тапсырма:
1.Аспидистра жапырағының эпидермасын бір тамшы глицеринге салып, препарат дайындау.
2.Препаратты үлкен обьективпен қарап, клетка қабрғасының құрылысын зерттеу. Клетканың бүйірлік жоғарғы және төменгі қабырғаларындағы пораларды табу.
3.Қарағай сүрегінің радиальді және тангентальды кесінділерінен препарат дайындау.
4.Клетка қабырғасының құрылысымен танысып, жиекті пораларды табу.
5.Қаралған обьектілердің әрқайсысының суретін салып, тиісті белгілерін жасау.
Аспидистра жапырағының эпидермасы және қарағай сүрегінің клеткаларының құрылысы.
Тірі немесе спиртте нықтандырылған аспидистра жапырағынан жіңішке таспа тәрізді жолақты кесіп алып, сол қолдың сұқ саусағына жапырақ тақтасының астыңғы бетін жоғары қаратып ораймыз. Содан соң эпидермадан жұқа кесінді дайындап, зат әйнегіндегі бір тамшы глицеринде препарат дайындаймыз. Микроскоптың кіші обьективімен кесіндінің клеткалары бір ғана қатар болып орналасқан жерін тауып аламыз. Эпидерма жапырақтың ұзына бағытында созылып орналасқан тірі клеткалардан тұрады. Үлкен обьективте алдымен бүйірлік қабырғаларға көңіл аударамыз. Екі клетканың қосылған жерінде тұтас жіңішке күңгірт сызық көрінеді. Бұл – аралық тақта және оған жанаса жатқан клеткалардың алғашқы қабықшасы. Аралық тақтадан клетканың ішіне қарай қалың соңғы қабықша орналасқан. Соңғы қабықшада поралардың каналы көзге түседі. Кесіндіні бүйір жағынан қараған кезде жай поралар осылай көрінеді. Бұдан кейін микрометрендік винтті пайдаланып, клетканың жоғарғы және төменгі қабырғасын қараймыз. Олардағы жай поралардың пішіні дөңгелек денелер тәрізді шашырап орналасады
3-Тақырып: Пластидтер.
Сабаққа қажетті объектілер,құрал- жабдықтар:
1.Виргин традесканциясы.
2.Итмұрын раушангүлі,қызыл бұрыш,алқызыл долана және ас қызанақ піскен жас жемісі немесе 2-3 проценттік формалин ерітіндісінде нықтандырылған жемісі.
3.Микроскоп және онымен жұмыс жасауға қажетті жабдықтар.
Тапсырма:
1.Традесканция жапырағының астыңғы эпидермасынан препарат дайындау.
2.Препаратты үлкен объективпен қарап,эпидерманың клетка құрылысына,ондағы лейкопластардың орналасуы мен реніне бақылау жүргізу.
3.Екі-үш клеткасының суреттерін салып,устьице аппараттарының жанаспалы клеткаларындағы хлоропластарды, қосалқы клеткалар мен эпидерма клеткаларындағы ядро және лейкопластарды, цитоплазма шұбырндыларын белгілеу.
4.Итмұрын, шетен, долана, қызыл бұрыш немесе қызанақтың піскен жемістерінің жұмсақ етінен уақытша препараттар дайындау.
5.Микроскоптың үлкен обьективінен қарап, хромопластар пішіндерінің, реңінің алуан түрлілігіне көңіл аудару.
6.Өсімдіктердің әр түрінің жемістерінен бір-екі клетканың суретін салып, белгілерін жасау. Хромопластарға табиғи рең беріп,тиісті түсті қарындаштармен бояу.
7.Тақырыптың соңындағы қайталау сұрақтарына жауап қайтару.
4-Тақырып: Клеткадағы туынды заттар және кристалдар.
1-жұмыс:Картоп түйнегі, бидай, сұлы дәндері және егістік асбұршақтың тұқымындағы қор заттары.
Сабаққа қажетті обьектілер,құралдар:
1.Картоп түйнегі.
2.Алдын ала ылғалдап қойған бидай, сұлы дәндері және егістік асбұршақтың тұқымы.
3.Йодты калийдегі әлсіз ертіндісі, глицерин.
4.Микроскоп және онымен жұмыс жасауға қажетті жабдықтар.
Тапсырма:
1.Картоп түйнегі, бидай, сұлы дәндері және асбұршақ тұқымынан уақытша препараттар дайындау.
2.Препараттағы крахмал дәндеріне йодтың йодты калийдегі ертіндісімен әсер етіп, реңінің өзгеруін байқау.
3.Препаратты микроскоптың үлкен обьективімен қарап, крахмал дәндері түрлерінің пайда болуына және жоғарыда аталған дақыл крахмал дәндерінің бір-біріне ұқсастықтары мен айырмашылықтарына көңіл аудару.
Алғашқы крахмал фотосинтез өнімдерінен хлоропластарда майда түйіршектер түрінде пайда болады. Алғашқы крахмал ферменттердің әсерінен қантқа айналып, жапырақтан басқа мүшелерге жылжиды, крахмалдың түрлерін түзуге қатынасады немесе қорға жиналады.
Қорға жиналған крахмалды картоп түйнегінен көру үшін, оны тазалап жуып, сүрту қажет. Одан кейін түйнектен көлемі сол қолдың үш саусағына қысып ұстауға келерліктей, пішіні төрт бұрышты кесінді дайындаймыз. Кесіндінің тоз қабатынсыз таза бетінде бір-екі тамшы таза су тамызып, қандауырдың ұшымен немесе сапты инені көлбеу ұстап тұрып, еземіз. Пайда болған ақшыл сұйықтықтан уақытша препарат дайындап, алдымен микроскоптың кіші, одан кейін үлкен обьективімен қараймыз. Сонда көлемі әр түрлі, пішіндері сопақша және жұмыртқа тәрізді эксцетрлі қабаттардан тұратын мөлдір крахмал дәндерін көреміз.
Сұлының крахмал дәндерін зерттеу үшін, оның бірнеше дәнін суға салып бөрттіру керек. Бөрткен тұқымның эндоспермінен сапты иненің ұшымен шамалап алып, уақытша препарат дайындап, микроскоптың үлкен обьективімен қараған кезде көп қырлы бірнеше майда крахмал дәндерінен тұратын ірі пішінді, сопақша келген күрделі крахмал дәндері көрінеді. Сол сияқты препаратта күрделі крахмал дәндерінің бұзылуынан пайда болған жай крахмал дәндері немесе олардың кішігірім топтары көрінед. Сұлының крахмал дәндерінде картопағы сияқты қабатылық байқалмайды.
Бидайдың крахмал дәндерін бидай ұнынан немесе бидайдың бөрттірілген дәнінен препарат жасап, қарауға болады.Препаратты микроскоптың үлкен обьективімен қараған кезде пішіні дөңгелек және сопақтау келген, көлемі екі түрлі крахмал дәндері көрінеді. Оның бірі әзер байқалатын концентрлі ірі қабатты, екіншілері өте майда, қабаттары байқалмайтын крахмал дәндері. Жоғарыда келтірілгендей, әрбір өсімдіктің крахмал дәндерінің өздеріне тән ерекшеліктері барын байқауға болады.
Егістік асбұршақтың спиртте нықтандырылған, толық пісіп жетілмеген немесе сабаққа дейін 12-24 сағат суға салып жібітіп қойылған піскен тұқымдарының қабығын сыдырып алып тастап, ұстарамен одан бірнеше жұқа кесінділер дайындаймыз. Кесінділерді сапты иненің көмегімен зат әйнегінде оған дейін дайындап қойылған йодтың йодты калийдегі ертіндісі қосылған глицеринге саламыз. Микроскоптың кіші обьективімен қарап отырып кесіндіден клеткалардың жұқа қабат түзіп жатқан жерін табамыз. Ал микроскоптың үлкен обьективімен қабырғалары едәуір қалыңдаған, пішіні дөңгелектеу келген клеткалар мен бірнеше клеткалардың байланысқан жерлеріндегі клеткааралық кеңістіктер жақсы көрінеді. Клеткалардың іші сопақтау келген ірі, ортасында ұзынша сызаты бар крахмал дәндерімен және олардың арасындағы майда, пішіні дән тәрізді алейрон дәндерімен толып тұрады. Йод ертіндісінің әсерінен крахмал дәндері көк, ал алейрон - ашық сары түске боялады.
2-жұмыс:Алейрон дәндері және май.
Сабаққа қажетті обьектілер, құралдар:
1.Спиртпен эфирдің қоспасында ұзақ уақыт ұсталған үпілмәлік тұқымы.
2.Реактивтер: йодтың йодты калийдегі ертіндісі, судан ІІІ, қанттың қанықан ертіндісі.
3.«Өсімдіктер клеткасының құрылысы» кинофильмінің «Қор заттары» деген үзіндісі.
Тапсырма:
1.Үпілмәлік тұқымының жұқа кесіндісінен иодтың иодты калийдегі ертіндісі мен қаныққан қант ертіндісі қоспасының бір тамшысында препарат дайындау.
2.Препаратты үлкен обьективпен қарап, күрделі алейрон дәндерінің құрылысын байқау.
3.Бір-екі клетканың суретін үлкейтіп салып, күрделі алейрон дәндерінің қабықшасын, кристаллит, глабоид және аморфты белок массаларын белгілеу.
4.Үпілмәлік тұқымынан судан ІІІ – бояғыш реактивінде препарат дайындап, ондағы май тамшыларын көріп, суретін салу.
Үпілмәлік майлы өсімдіктерге жатады. Тұқымының эндосперімінде қор ретінде май және көп мөлшерде белок жиралады. Үпілмәлік тұқымындағы күрделі алейрон дәндерін көру үшін тұқымының эндосперімінен бірнеше жұқа кесінділер дайындаймыз.Кесінділердің ең жұқаларын дайындап, алдын ала зат әйнегіне тамызылған иодтың иодты калийдегі ертіндісімен қаныққан қант ертіндісінің қоспа тамшысына саламыз. Иодтың әсерінен белок сары түске боялады. Қанттың қаныққан ертіндісі алейрон дәндерінің ісініп, кристалл тәрізді пішінін өзгертуін баяулатады.
Препаратты микроскоптың үлкен обьективімен қарағанда әрбір күрделі алейрон дәнінде бір немесе екі көп қырлы қою жылтыр, сары түсті белоктың кристалиттері көрінеді. Дәннің жіңішкелеу бөлігінен жеке дара, сирек жағдайда бірнешеу болып келетін түссіз, дөңгелек денелерді көреміз. Олар - галоидтар. Кристалиттер мен глобоидтарды аморфты белок қоршап тұрады.
Үпілмәлік тұқымының эндосперімінен май тамшыларын көру үшін, одан жұқа кесінділер жасап, зат әйнегіндегі бір тамшы судан – ІІІ бояғыш реактивіне салып, препарат дайындаймыз. Май тамшылары клеткалардан кесіндінің шетіне шығу үшін препаратты екі саусақтың арасына қойып ептеп қысу қажет. Сонда май тамшылары судан – ІІІ бояғышын бойына сіңіріп, қызыл сары түске боялады.
3-жұмыс:Жер алмұрты түйнегінің клеткаларындағы инулин.
Сабаққа қажетті материалдар: жер алмұрты түйнектерінің 7-10 күн бойы 96 проценттік спиртке салып қойылған бөшектері, глицерин.
Тапсырма:
1.Жер алмұрты түйнегінің жұқа кесіндісінен бір тамшы глицеринде препарат дайындау.
2.Микроскоптың кіші обьективінде кесіндінің инулин сферокристалдары бар жұқа жерін тауып, оны үлкен обьективпен қарау.
3.Жер алмұрты түйнегінің сферокристалдар бар бірнеше клеткаларының суретін салып, тиісті белгілерін жасау.
Инулин (С6Н10О5) – полисахарид. Ол күрделі гүлділер тұқымдасы өкілдерінің (жер алмұрты, нарғызгүл, цикорий, андыз т.б.) жер асты мүшелерінің клетка шырынында коллойдты ертінді түрінде болады.
Алдын ала 96 проценттік спиртке салып, қойылған жер алмұрты түйнегінің жұқа кесінділерінен бір тамшы глицеринде препарат дайындаймыз. Спирттің клеткаларды сусыздандыруынан көптеген ине тәрізді кристалдардан пішіндері дөңгелекше келген сферокристалдар пайда болады. Кейде сферокристалдардағы шеңбер тәрізді қабаттар және радиальды сызаттар жақсы көрінеді. Бір клеткада бірнеше сферокриталл кездесуі мүмкін.
Егер препараттағы глицеринді жылы сумен ауыстырсақ, сферокриталдар көрінбей кетеді, өйткені инулин суда жақсы ериді.
4-жұмыс:Қымыздық қышқыл кальций кристалдары.
Сабаққа қажетті обьектілер, құралдар:
1.Пияздың суда қайнатылып,одан кейін глицериннің судағы ертіндісінде 10-15 күн ұсталған, құрғақ қабыршықтары.
2.Бегония жапырағының сабағы.
3.Жүзімнің сабағы және жапырағының сағағы.
4.Глицерин.
5.Микроскоп және онымен жұмыс жасауға қажетті жабдықтар.
Тапсырма:
1. Пияздың құрғақ қабыршағынан препарат дайындап, одан дара, қосарланған таяқша және крест тәрізді кристалдарды көру.
2.Бегония жапырағының сағағынан препарат дайындап, друздар бар клеткаларды тауып қарау.
3.Жүзімнің сабағынан немесе жапырақ сағағынан препарат дайындап, ине тәрізді кристалдардың тобын - рафидтерді табу.
4.Жоғарыда аталған өсімдіктердің 2-3 клеткасының суретін салып, кристалдардың түрлерін белгілеу.
5.Клеткалардың тіршілік әрекеттерінің зиянды өнімдерінің бірі - қымыздық қышқылы. Өсімдіктер одан кальций иондарының көмегімен ғана арылады. Қымыздық қышқыл кальций өсімдіктердің жуашықтарының өлі қабыршақтарында, ағаштар қабығында, жапырағында, пішіні алуан түрлі кристалдар түрінде кездеседі.
Пияздың құрғақ қабыршағындағы кристалдарды қарау үшін бірнеше күн спиртте немесе спирт пен глицериннің қоспасында ұсталған пияз жуашығының майдалап, кесілген құрғақ қабыршақтарының азғантай бөлігінен препарат дайындап, микроскоптың алдымен кіші, одан кейін үлкен обьективімен қараймыз. Қабыршақтар ұзынша келген өлі клеткалардың қабаттарынан тұрады. Клеткаларда бір - бірден, екі - екіден бірігіп немесе айқыш - ұйқыш тұтасып кеткен.Түссіз призма тәрізді кристалдар жақсы көрінеді.
Қымыздық қышқылы кальцийдің кең тараған кристалдарының бірі друздар көптеген кристалдардың өсінділерінен пайда болады. Друздарды бөлме өсімдігі бегонияның түрлерінен көру қолайлы. Ол үшін бегонияның жапырақ сағағынан бірнеше жұқа кесінді жасап, бір тамшы глицериннен препарат дайындаймыз. Препаратты микроскоппен қарағанда цитоплазмасы клетка қабырғаларына таяу орналасқан жұқа қабықты тірі паренхималық клеткалар, клеткаларда хлорофилл дәндері, лейкопластар және вакуоль көрінеді. Вакуольдерде қымыздық қышқыл кальций шөгіділерінен пайда болған жеке ромбоэдр пішінді кристалдар және друздар кездеседі.
Клетка ішіндегі бір біріне параллель, тығыз топ түзіп орналасқан, жіңішке ұзын ине тәрізді кристалдар – рафидтер деп аталады. Рафидтері бар клеткалар ұзына бойына созылыңқы басқа клеткалардан ірі болып келеді.
Рафидтерді көру үшін қырлышөп тамырсабағынан, жүзімнің ескі жапырақтарының сағағынан немесе бір жылдық сабағынан жұқа көлденең кесінділер дайындап, бір тамшы суда немесе глицеринде препарат дайындаймыз.Препаратты микроскоп арқылы қарағанда тірі паренхималық клеткалардағы рафидтерді, клетканың ядросын, цитоплазмасын, лейкопластарды және вакуольдерді көреміз.
5 жұмыс. Қорлық крахмал
Қарастыратын материалдар.Карпоптың түйнегі,алдын ала суға жібітілген бидайдың,жүгерінің,сұлының,күріштің дәндері,грешка немесе бірнеше өсімдіктердің түрлерінің кркхмал дәндерінің қоспасынан алынған ұн.
Карпоптың түйнегінің кішкентай бөлігін кесіп алып,оны зат айнасының бетіне сүйкейді де,үстіне бір тамшы су тамызады.Бұл жағдайда бүлінген клеткалардан крахмал дәндері суға жүзіп шығады.Оны кальций иоды бояйды.Осы ташының бетін абын айнасымен жабады да,алдымен микроскоптың кіші үлкейткішімен,содан соң үлкен үлкейткішімен қарастырады.Микроскоппен қарағанда сопақтау және жұмыртқа тәрізді қара-көк эксцентрлік қабтар бар крахмал дәндеі жақсы крінеді.Карпоптың көптеген қарапайым крахмал дәндерінің арасынан,сиректе болса күрделі және жартылай күрделі дәндерді кездестіруге болады.Бірнеше крахмал дәндерін суретке салып белгілейді.
5-тақырып.Ұлпалар
1-жұмыс. Алғашқы түзуші ұлпалар
Сабаққа қажетті объектілер мен құрал- жабдықтар: 1. Сужапырақ өсімдігі. 2. Бидай, пияз, бұршақ өсімдіктері және олардың даяр препараттары. 3. Реактивтер: глицерин, хлоралгидрат. Жавель сұйығы, метилен көгі, Феллинг сұйығы, анлин көгі. 4. Перпараттар жасу үшін қажетті лабаратоиялық құрал- жабдықтар.
Тапсырма:
1. Сужапырақ өркеннің бой коусын жас жапырақтардан тазарту, одан даяр препарат дайындау.
2. Осы препараттан бой конусының төбе меристемасы қабаттарының ( дерматоген, периблема, плерома) орналасу ерекшеліктерін зеттеу.
3. Зеттеу барысында қабаттардағы клеткалардың көлеміне, орналасу ерекшеліктеріне көңіл аудару.
4. Тамыр меристемасын бидай немесе пияз тамырларының бой конусынан жасалған дайын препараттардан қарау.
5. Сабақ және тамыр бой конустарының суреттерін салып, тиісті белгілерін жасау.
6. Қысқаша қортынды.
2-жұмыс. Өркеннің бой конусы.
Лабораторияда өсімдік сабағының бой конусын зерттеу үшін сужапырақ өсімдігін аламыз. Өсіп тұрған сужапырақ өсімдігі өркеннің бой конусынан даяр препарат жасалады. Жасалған препараттан төбе меристемасының бір-біріне тығыз орналасқан ірі ядролары, көлемі изодиаметрлі ұсақ клеткалары көрінеді. Бой конусын аздап төмендеген жерінде бірнеше төмпешік байқалады. Олар – бой конусында жаңадан пайда болған алғашқы жапырақтар.
Достарыңызбен бөлісу: |