Жаратылыстану ғылымдары факультеті


ДНҚ-ның нуклеотидтің құрамының ерекшеліктері



бет3/9
Дата27.04.2023
өлшемі94,2 Kb.
#175549
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
БӨЖ кейс қорғау

5.ДНҚ-ның нуклеотидтің құрамының ерекшеліктері.

  1. ДНҚ-ның нуклеотидтің құрамының ерекшеліктерін көрсетіңіз. Чаргафф ережесін жазыңыз және оның мәнін түсіндіріңіз.

  2. ДНҚ-ның екінші структурасына тән белгілерін жазып көрсетіңіз. ДНҚ-молекуласын сол қалпында ұстап тұратын күштердің табиғатын түсіндіріңіз.

  3. РНҚ-ның барлық түрлеріне салыстырмалы сипаттама беріңіз. Жауабыңызды кесте түрінде беріңіз: молекулалық массасы, минорлы негіздер, көмірсулар, структурасы, шоғырлану орны, қызметі.

  4. т-РНҚ-ның бірінші структурасының ерекшеліктерін жазыңыз.

  5. Т-РНҚ-ның екінші структурасының моделін сызыңыз және бқліктерінің функционалдық маңызын көрсетіңіз.

  6. Жоғары полимерлі р-РНҚ-ның бірінші структурасының заңдылықтарын, олардың екінші және үшінші структурасының ерекшеліктерін көрсетіңіз.

  7. Бактериалдық и-РНҚ мен ДНҚ-ның өзіндік ерекшеліктерін көрсетіңіз.

  8. Мынадай негіздердің: гуанин, 5-оксиметилцитозин, N6-метиладенин, 5-метилурацилдің әрқайсысының таутомерлік түрлерін жазыңыз.

  9. Уридил мен псевдоуридил қышқылдарының химиялық формулаларын жазыңыз. Олардың қандай нуклеин қышқылдарының құрамына кіретіндігін көрсетіңіз. Псевдоуридил қышқылынығ структуралық мономер ретінде ролін түсіндіріңіз.

  10. Гуанозин-3/-монофосфат тимидин-5/-монофосфат пен уридин-3/-монофосфаттың химиялық формулаларын жазыңыз. Нуклеотидтердің қайсысының тек нуклеин қышқылдарының дегидратациялану өнімдері болып есептелетіндігін және олардың қайсысы ресинтезге қатыса алатындығын көрсетіңіз.

6.Ферменттер

  1. Протеин-ферменттер мен протеид-ферменттердің құрылысындағы ерекшеліктерді көрсетіңіз. Простетикалық топтар мен коферменттер арасындағы айырмашылықтарды көрсетіңіз. Бір-бір мысалдан келтіріңіз. Мысал ретінде алынған ферменттеріңіз қандай класқа және класс тармақтарына жататындығын анықтаңыз.

  2. Химотрепсин мен цитохромды мысалға ала отырып ферменттердің каталитикалық орталығының құрылысын көрсетіңіз. Ферменттердің кластары мен класс тармақтарын анықтаңыз.

  3. Лактатдегидрогеназа изозимдері молекуласындағы суббірліктердің әртүрлі сапалы екендігін көрсетіңіз. Ферменттің класы мен класс тармағын анықтаңыз. Изозимдердің құрамын зерттеудің медицина, генетика мен селекция үшін маңызын түсіндіріңіз.

  4. Жоғары май қышқылдарының синтетаза энзимдері коферменттерінің химиялық формулаларын жазыңыз және мультиэнзимді комплекске түсінік беріңіз. Атаған ферменттеріңіздің класы мен класс тармақтарын көрсетіңіз.

  5. Ацетилхолинэстеразаның әсер ету тетігінің (механизмінің) нобайын беріңіз. Осы процестің маңызын көрсетіңіз, ферменттің класс пен класс тармақтарын анықтаңыз.

  6. Нақтылы мысалдарды пайдалана отырып, ферменттің конкуренттік және конкурентті емес тежелуінің нобайларын келтіріңіз. Мысал ретінде алған ферменттеріңіздің класын анықтаңыз.

  7. Аланинді қымыздық сірке қышқылымен қайтадан аминдендіру реакциясындағы пиродаксаль ферментінің әсер ету тетігі (механизмі) нобайын беріңіз. Ферменттің класын және класс тармақтарын көрсетіңіз.

  8. НАД-ке азотты қышқылмен әсер еткенде, оның молекуласының аденинді бөлігінде дезаминдену жүреді де гипоксантинді туынды түзіліп, одан әрі НАД молекуласы өзгерістерге ұшырайды. Осы реакцияның теңдеуін жазыңыз жіне НАД-тың ферменттердің қандай класы мен класс тармағының коферменті болып есептелетіндігін түсіндіріңіз.

  9. НАД ферменті болып есептелетін лактатдегидрогеназа ферменті сүт қышқылын пирожүзім қышқылына дейін тотықтырады. Осы реакция теңдеуінің кқмегімен НАД коферментінің әсер ету механизмін (тетігін) көрсетіңіз.

  10. β-оксибутиратдегидрогеназа β-Д- оксимай қышқылын (сутегін НАД коферментіне ауыстыру) ацетосірке қышқылына дейін тотықтырады. Осы реакция теңдеуін жазыңыз және коферменттің әсер ету тетігін түсіндіріңіз.

  11. Янтарь қышқылы флавопротеидпен (ФАД коферменті) фумар қышқылына дейін тотығады. Осы реакцияның толық теңдеуін жазыңыз. Жоғарыда аталған ферменттің класы мен класс тармағын анықтаңыз және оның әсер ету тетігін (механизмін) түсіндіріңіз. Реакцияның толық теңдеуін жазыңыз.


Коэнзим – А коферменті бар фермент класы мен класс тармағын көрсетіңіз.


  1. 2-фосфо-Д-глицерат форфоглицератфосфомутаза ферментінің әсерінен 3-фосфор-Д-глицератқа айналады. Осы айналымның нобайын жазыңыз және бұл процесті жылдамдататын ферменттің класы мен класс тармағын көрсетіңіз.

  2. Пируваткарбоксилаза мына реакцияны АТФ пирожүзім қышқылы + СО2 АМФ + ортофосфат оксалоацетаты катализдейді. Осы реакцияның теңдеуін жазыңыз және бұл процесті жылдамдататын ферменттің класы мен класс тармағын көрсетіңіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет