Қорытынды
Қорытындылай келе, Ұлы Жібек жолы – Шығыс пен Батысты байланыстырған және өзі өткен елдердің саяси, экономикалық, мәдени құрылымының қалыптасуына орасан зор әсер еткен сауда жолы. Оның барлық бағыттарында ірілі-ұсақты сауда қалалары мен елді мекендер пайда болды. Мұнда аса маңызды этникалық процестер, мәдениеттердің белсенді өзара әрекеттесуі орын алды, ауқымды сауда байланыстары жүргізілді, дипломатиялық шарттар мен әскери одақтар жасалды.
Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан қалалардың қазақ халқының құрамына кіретін түркі тілдес тайпалардың отырықшы өміріне көшу процесінде маңызы зор болды. Сауда-саттық және экономикалық байланыстар халықтар мен тайпалардың шаруашылық жүргізу тәжірибесін бір-бірінен қабылдауына ықпал етті. Демек, түркі тілдес тайпалар соғдылардан отырықшы өмір салтын, егіншілікті, сауданы қабылдаса, соғдылар олардан мал шаруашылығын үйренген. Соғдылар түркі тілін қабылдады, түркі салт-дәстүрін қабылдады. Мұндай өзара байланыстар мен өзара ену орта ғасырдың гүлденген кезеңіне дейін (XIII-XIV ғғ.) жалғасты.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Ұлы Жібек жолы және орта ғасырлық Қазақстан, Байпақов К.,Нұржанов А. Алматы 1992 г.
История народов Восточной и Центральной Азии с древнейших времен до наших дней. М.: «Наука», 1986.
Омаров А.Д. Қазақстан теміржолының тарихы. Т.1.- Алматы: Бауыр және Ко, 1997.-288 бет.
Бичурин Н.Я. Собрание сведений о народах, обитавших в Средней Азии в древние времена. М.-Л., 1950-1953.
Бөлекбаев С.Б., Бөлекбаева Р. У. Әлемдік мәдениет пен өркениеттегі түркі құрамы туралы.
Петров А.М Великий шелковый путь. - М.: Наука, 2010. – 365с.
Достарыңызбен бөлісу: |