«Жаратылыстану ғылыми-педагогикалық» Жоғары мектебі


Кванттық физиканы оқытудың ерекшеліктері



бет51/62
Дата03.11.2023
өлшемі269,21 Kb.
#189149
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   62
Байланысты:
Физика лекция

2. Кванттық физиканы оқытудың ерекшеліктері

Осы бөлімді оқытудың ерекшеліктері ондағы материалдарды оқып үйренуге байланысты. Кванттық физиканы мектеп курсының соңында оқиды және алғаш рет сандық түрде оқып үйретіледі. Мектеп физика бөлімінің қандай да бөлімінде оқушылар бөлшектердің дуализмдік қасиеттерімен, заттың және өрістің дискреттілігімен, энергияның дискреттілігімен, атом ядросының қасиетімен, элементар бөлшектермен практика жүзінде танысқан жоқ. Тек қана атомның және ядроның құрылысымен ғана негізгі мектепте танысқан болатын. Осы жағдайлар мұғалімнен оқушыларға материалды терең және нақты меңгерту үшін өзіндік жұмысын ұйымдастыруды жоспарлы түрде жүргізу керек.


Дидактикалық материалдарды қолдану үшін, түсіндірілетін материалдарға байланысты бекітуге есептер шығару, зертханалық жұмыстар жасау кезінде алдын-ала ойластырылған жоспар қажет.
Бөлімнің материалдарын меңгеру және түсіну үшін ядроның өлшемі, оның тығыздығы, де-Бройль толқынының ұзындығы, байланыс энергиясын есептеудің маңызы зор. Қазіргі кезде мектеп оқушыларының көбінде микрокалькулятор мен электрондық есептегіш машиналар бар, сондықтан да бұл есептеулерге уақыт көп кетпейді және еш қиындық туғызбайды, әрі олардың нәтижелері көптеген жағдайларда сенім туғызады.
Кванттық физиканың мазмұнының ерекшелігі, оны оқыту әдістемесіне де әсер етеді. Оқушылар осы бөлімде микроәлемнің қасиеттері мен заңдылықтарына байланысты классикалық физикада қалыптасқан көзқарастарға қайшы келетін материалдармен танысады. Мектеп оқушыларынан осы бөлімнің материалдарын меңгеру үшін өте жоғары абстракциялы ойлауды, сонымен бірге диалектикалық ойлауды да қажет етеді. Толқын мен бөлшектің, үздіктілік пен үздіксіздіктің қарам-қайшылығын диалектикалық материализм тұрғысынан қарастырады. Сондықтан да мұғалім осы бөлімнің материалдарын қарастырғанда философиядан алған білімдеріне көбірек сүйенеді. Диалектикалық (нақты жағдайларда болады, ал басқа жағдайларда болмайды) және метафизикалық (не болады, не болмайды) тұрғыдан түсінудің қарама-қарсылығына тоқтау қажет.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет