«Жаратылыстану ғылыми-педагогикалық» Жоғары мектебі



бет50/62
Дата03.11.2023
өлшемі269,21 Kb.
#189149
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   62
Байланысты:
Физика лекция

Бақылау сұрақтары:
1.Кванттық физиканы оқытудың ерекшеліктері
2.Сыртқы фотоэффект заңдарын оқыту әдістемесі
3.Кванттық физиканы оқытудың ерекшеліктері
1. Кванттық физика бөлімінің маңызы

Кванттық механика микробөлшектердің қозғалысын және күйін сипаттайтын, микроэлементтің өзіне тән қасиеттерін және заңдылықтарын қарастыратын физикалық теория. Кванттық механиканың әдістері кванттық электроникада, қатты денелер физикасында және қазіргі кездегі химияда кең қолданыс тапқан. Сонымен, қатар оны атом ядросының құрылысын және элементар бөлшектердің қасиеттерін қарастыратын жоғарғы энергия физикасында кеңінен оқып үйренеді. Қатты денелердің кванттық теориясының жетістіктері негізінде алдын ала қасиеттері белгілі материалдардың (магниттік, шала өткізгіштік, асқын өткізгіштік, лазерлер, ядролық реакторлардың) жасалуын еске түсірудің өзі жеткілікті.


Кванттық физика классикалық физикаға қарағанда танып білудің жоғарғы деңгейі болып табылады. Ол көптеген классикалық көзқарастарға шектеу қойды, сондықтан да ХХІ- ғасырда мектептегі физика бөлімінде кванттық физиканың элементтері оқытылуы керек. Әйтпесе мектеп оқушыларының физикадан алған білімдері ХІХ –ХХ ғасырдағы деңгейде қалып қояды. Оқушылардың айналамыздағы әлемдегі заттардың құрылысы мен қасиеттері жайлы білімі толық емес және қазіргі кездегі түсінікке сәйкес келмейді.
Әйтседе кванттық физиканы орта мектептің физика курсына енгізу әдістемелік жағынан күрделі мәселе. Себебі кванттық нысаналардың (бөлшек-толқын) көрнекілігі аз, математикалық есептеулері күрделі, бастапқы идеялары әдеттегіден тыс және кванттық физиканың ұғымдарын енгізуде қиындық тудырады. Сондықтан да кванттық физиканы мектеп бөліміне абайлап енгізу қажет.
Жалпы орта білім беретін мектептің жаңа бағдарламасында кванттық физика материалдарына назар аударылды. Онда екі тақырыптың мазмұны жаңартылып «Кванттық физика» жеке бөлім болды. Атомның құрылысы және квант туралы түсінік сапалық деңгейде болса да, негізгі мектептің физика бөліміне енгізілді.
Осы жаңа бөлімнің негізгі танымдық мақсаты оқушыларды микроәлемнің өзіне тән заңдылықтарымен таныстыру және негізгі мектепте басталған заттың құрылысы туралы көзқарасты қалыптастыруды аяқтау. Осы айтылған мәселелерді қалай шешуге болатынын қарастырайық.
«Атом физикасы», «Атом ядросының физикасы» және «Элементар бөлшектер», «Жарық кванттары» бөлімінде оқушылар жарық - бұл электрмагниттік толқын, яғни оның толқындық қасиеттері интерференция, дифракция қасиеттері бар деп келген болатын, енді жарықтың кванттық қасиеттерімен және жарық кванты- фотондармен танысады. Фотонның энергиясы кез келген мән қабылдамайтынын, оның дискретті екенін және энергияның жиіліктерге қарай үлестірілуі бойынша Планк тұрақтысының көбейтіндісіне тәуелді екенін біледі.
Жарықтың корпускулалық қасиеті затпен әсерлескен кезде (фотоэффект, фотохимиялық реакцияларды және т.б.) фотонның энергиясы көп болған кезде анық та, жақсы байқалады.
Комптон эффектісі жарық фотондарының импульсі, энергиясы, массасы болатынын дәлелдеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет