«Жаратылыстану ғылыми-педагогикалық» Жоғары мектебі


- ДӘРІС Тақырыбы: ФИЗИКАДАН ЖАЛПЫЛАУ САБАҚТАРЫН ӨТКІЗУДІҢ



бет58/62
Дата03.11.2023
өлшемі269,21 Kb.
#189149
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   62
Байланысты:
Физика лекция

15 - ДӘРІС
Тақырыбы: ФИЗИКАДАН ЖАЛПЫЛАУ САБАҚТАРЫН ӨТКІЗУДІҢ
ӘДІСТЕМЕСІ


Мақсаты: Дүниенің біртұтас физикалық бейнесі ұғымын ашу, әлемнің физикалық бейнесінің дамуын көрсету, қазіргі кездегі әлемнің физикалық бейнесінің негізгі белгілерін атау, материя туралы оқушылардың білімін жалпылау және оқушылардың оқы үйренген теорияларының қазіргі кездегі дүниенің физикалық бейнесіндегі алатын орнын көрсету болып табылады.
Жоспары: 1. Оқушылардың білімін жалпылаудың маңызы.
2. Дүниенің физикалық бейнесі ұғымы.
3. Дүниенің физикалық бейнесінің дамуы.
4. Дүниенің қазіргі кездегі физикалық бейнесінің
негізгі белгілері.
Бақылау сұрақтары:

1.Жалпылау сабақтарының құрылымы қандай


2. Дүниенің физикалық бейнесі ұғымы дегеніміз не.
3.Дүниенің қазіргі кездегі физикалық бейнесінің негізгі белгілері.

  1. Оқушылардың білімдерін жалпылаудың маңызы

Жалпылау сабағы – оқу пәнінің бөлімі, тарауы бойынша алған білімді бекіту және жүйелеу мақсатында өткізілетін сабақ. Мұндай сабақтың, әсіресе, қорытынды қайталау, сондай-ақ емтиханға дайындық кезінде маңызы зор.


Қазіргі кезде оқушылардың білімін белгілі бір жүйеге түсіріп, жалпылау оқу үрдісінде көптеп қолданылуда. Бұл оқушылардың ойлау қабілетін дамыту және білім сапасын көтеруге байланысты. Оқу үрдісінде оқушылардың білімдерін жалпылау екі мақсатты көздейді: алған білімдерін тереңдету және есте сақтау, сонымен бірге белгілі бір ойлау қабілетін қалыптастыру болып табылады.
Жалпылау сабақтарында оқушылар мұғалімнің басшылығымен (көмегімен) өздерінде бар білімдерді қайталайды және бекітеді.
Жалпылау сабақтарының құрылымы мынандай болып келеді:

  1. Сабақтың тақырыбы мен мақсаты жайында мұғалімнің кіріспе сөзі;

  2. Өтілген материалды жалпылап қайталау;

  3. Мұғалімнің қорытындысы.

Бұл сабақта қарастырылатын сұрақтарды сабақ басталғанда айтып кеткен жөн. Жалпылау сабақтары негізінен әңгімелесу түрінде өтеді. Сонымен қатар диапозитивтерді және оқу фильмдерін көру мен талдау, жалпылау кестелері мен сызбаларын құру, зертханалық жұмыстар қолданылады. Кей жағдайда (емтиханға дайындық кезіндегі қорытынды қайталауда) жалпылау сабақтары қысқаша шолу-дәріс түрінде өткізіледі. Жалпылау сабақтары оқушыларда бар білімдер негізінде құрылады және оған дайындалу үшін үлкен көлемдегі материалдарды арнайы қайталау талап етілмеуі тиіс.
Оқу материалдарын жалпылау үрдісінде оқушылар алған білімдерінің белгілі бір жүйеге түскенін, яғни оқып-үйренген ұғымдарының арасындағы байланысты, заңдар мен теорияларды, олардың қолданылу шекарасын, әр түрлі құбылыстардың ерекшеліктерін анық айыра алады, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көре біледі.
Алған білімдерін жалпылау кезінде оқушылардың ойлау және танымдық қабілеттері дамиды, мынандай ойлау операциялары: талдау, іріктеу, абстракциялау, нақтылау және тағы басқалары орындалады. Бұл оқушылардың ғылыми көзқарастарын қалыптастырудың кең мүмкіндіктерін ашады, қазіргі кездегі дүниенің физикалық бейнесін қалыптастыруды аяқтауға мүмкіндік береді, оқып үйренген әрбір теорияның алатын орнын көрсетеді, теория және практика жүзінде алған білімдерін белгілі бір жүйеге түсіреді.
Оқушылардың білімдерін жалпылау сабақтарында ғылымның пайда болу және даму үрдісімен және ғылыми таным әдістерімен таныстыруға болады. Қарастырылған сұрақтарға байланысты оқушылар физика тарихындағы ғалымдардың өмірімен және еңбектерімен танысады, яғни өнегелі тәрбие алады.
Білімді жалпылаудың екі бағытын: негізгі білімдерді жүйеге келтіру; қолданбалы білімдерді жүйеге түсіруді көрсетуге болады.
Негізгі білімдерді жалпылауды әр түрлі деңгейлерде (фактілер, ұғымдар, заңдар мен теориялар деңгейінде) іске асыруға болады. Мысалы, теориялық алған білімдерін жүйеге келтіру, немесе физикалық теорияның құрылымы бойынша, немесе дүниенің физикалық бейнесінің негізгі элементтері (материя, оның құрылымдық деңгейлері, кеңістік пен уақыт туралы көзқарас, өзара әсерлер және т.б) бойынша жүйелеуге болады. Білімді жалпылау деңгейі бөлімді оқыту кезеңдеріне байланысты анықталады. Тақырыпты өткеннен кейін жалпыласақ, онда ұғымдар мен заңдар деңгейінде, ал бөлімді біткеннен кейін жалпыласақ, онда теориялық деңгейде өтеді. Мысалы, идеал газдың молекула-кинетикалық теориясының негізгі теңдеуі және күй теңдеуінен кейін газ заңдары жалпыланады, ал «Молекулалық физика»бөлімін оқып үйренгеннен кейін білім молекула-кинетикалық теория бойынша жалпыланады. Ал физика бөлімін оқып біткеннен кейін білім дүниенің физикалық бейнесі деңгейінде жалпыланады. Қолданбалы білімдерді жүйелеу ғылыми-техникалық прогрестің басты бағыттары: механикаландыру, электрлендіру, энергетика, ақпараттандыру айналасында болады.
Білімді жалпылау сабақтарын әр түрлі формада өткізуге болады. Бұрын дәріс түрінде өткізілетін, мұнда оқушылардың танымдық белсенділігі төмен болғандықтан қазіргі кезде семинар немесе конференция түрінде өткізіліп жүр. Мұнда оқушылардың өз бетімен оқу әдебиеттерімен жұмыс істеуіне, баяндамалар мен рефераттар жазып, әр түрлі хабарламалар мен баяндамалар жасауына, семинардағы әр түрлі сұрақтарға байланысты пікір-таластарға қатысуына мүмкіндік береді.
Оқушылардың білімін жалпылауда кешенді семинарлар немесе пәнаралық семинарлар өткізу тиімді. Мұндай семинарлар оқушылардың әр түрлі пәндерден алған білімдерін, яғни әр түрлі құбылыстардың байланыстарын, денелердің қасиеттерін, құбылыстардың болмысын әр түрлі пәндерден алған білімдеріне сүйеніп тереңірек түсінеді. Мысал ретінде «Қазіргі кездегі дүниенің физикалық бейнесі» семинарын айтуға болады.
Семинарлардың алдында оқушыларға арнайы тапсырма беріледі (дүниенің физикалық бейнесін жасауға үлес қосқан ғалымдардың өмірі туралы оқып келуге).



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет