«Жаратылыстану ғылыми-педагогикалық» Жоғары мектебі


Атом ядросының массасы және заряды



бет56/62
Дата03.11.2023
өлшемі269,21 Kb.
#189149
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   62
Байланысты:
Физика лекция

5. Атом ядросының массасы және заряды

Атом ядросының байланыс энергиясын есептегенде, ядролық реакция мен радиактивті ыдырауларда бөлек изотоптардың атом ядросының массасын қолдану керек.Атомның ядролық массасын химиялық әдіспен анықтауға болмайтындығын физиканы тереңдетіп оқығанда айтып кеткен жөн.


Химиялық әдіспен атом массасын анықтағанда химиялық элементтің табиғи изотопының қоспасы қолданылды. Белгілі мөлшердегі заттың массасын өлшеп алып, оны сол мөлшердегі заттың атомының санына бөлу арқылы бір атомның массасын табамыз. Шындығында осы нәтиже бір атомының массасын емес, химиялық элеметің әртүрлі изотоп атомдарының массаларының қоспасының орташа мәнін береді. Бір изотоптың атом массасын немесе ядросының массасын өлшеу үшін бір химиялық элеметтің изотобын бөліп алып, массасын есептеу керек. Сонда химиялық әдіспен изотоптарды бөлу мүмкін емес, өйткені оның электрондық қабықшасының құрылысы бірдей болғандықтан химиялық қасиеттері де бірдей.
Бір химиялық элементтің әртүрлі изотоп атомдарын бөлу және массасын өлшеу үшін физикада масс-спектрограф пен масс- спектрометр қондырғылары қолданады.
Атом ядросының заряды. Атом ядросының негізгі параметрі – оның электрлік заряды. Атом ядросының электрлік зарядын анықтағанда Менделеев кестесіндегі реттік нөмері Z және e заряд шамасымен анықталады. Атом ядросының зарядын 1913 жылы Мозли рентген спектрін зерттеу кезінде анықтаған.
Физиканы тереңдетіп оқығанда атом ядросының зарядын анықтауды келесі есепті шешу арқылы береміз:
Есеп. Эксперимент арқылы темір атомының ядроға жақын К- қабатынан бір электронды шығарғанда сипаттамасы рентген сәулелеріне келетін кванттық бөлшектердің бөлінетіндігін анықталды. Жиілігі ең үлкен кванттың энергиясы 6,4 кэВ. Осы шамалардың көмегімен темір ядросының Ζ заряд санын тап.
Шешуі. К– қабаттың бір электронын ұшырып шығарғанда оның орнына L- қабаттың бір электроны ауысады. L– қабаттағы босаған орынға М– қабаттағы бір электрон келеді және с.с. (37- суретте рентгендік сәуле сипаттамасының пайда болу сұлбасы көрсетілген).
Осы ауысуларда шығарылатын кванттық бөлшектер, рентгендік сәулелену аймағында жатыр, себебі электрондардың Z℮ үлкен электрлік заряды бар ядромен әсерлесу күші үлкен болғандықтан. Атомның L – қабаттан Κ –қабатқа электроны ауысқандағы шығатын фотонның жиілігін есептеу үшін, сутегі атомы үшін алынған энергетикалық деңгейдің формуласын пайдаланып жиілікті табуға болады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет