«Жаратылыстану ғылыми-педагогикалық» Жоғары мектебі



бет55/62
Дата03.11.2023
өлшемі269,21 Kb.
#189149
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   62
Байланысты:
Физика лекция

Атомдық спектрлер

Спектрлік заңдылықтар атом құрылысын түсіндіретін Бор теориясынан да бұрыннан белгілі. Бірақта сызықтық спектрлерді Бор теориясы арқылы түсіндіру оңай болады.


Материалды оқып үйренуді тәжірибеден бастаған дұрыс. Егерде газ арқылы электр зарядын өткізсек, онда газ жарқырайды. Оқушыларға спектроскоп (немесе дифракциялық тор) арқылы сутегімен толтырылған шамды қарап, онда пайда болған қызыл, көгілдір, көк, күлгін спектрлерді көруді ұсыну керек.
Неон немесе гелиймен толтырылған шамдар басқаша сызықтық спектрлерді береді.
Сызықтық спектрлерді Бор теориясы тұрғысынан түсіндіретін болсақ, сутегі атомы қосымша энергия алып қозады, яғни валенттік электрондар негізгі күйінен шығып (бірінші) энергиясы жоғары күйге өтеді. Атом қозған күйде ұзақ болмайды. Ол өздігінен - энергиясы жоғары күйінен - энергиясы төмен күйге ауысады және сәуле шығарып (фотон), жиілігі мына теңдеумен анықталады:
, мұнда .
Сутегі атомының спектрінін талдай отырып, оқушыларға электрон жоғарғы деңгейдің бірінен, бірден негізгі деңгейге ( ) түспей-ақ кез-келген энергиясы одан төмен, басқа деңгейлерге түсе алатынын түсіндіру қажет. Мысалы төртінші деңгейдегі электрон үшінші деңгейге, одан екінші, келесіде бірінші (негізгі) деңгейге ауысуы мүмкін. Тіптен төртінші деңгейден бірден екіншіге, болмаса бірінші деңгейге де ауыса алады. Сутегі атомы жиілігі белгілі, бірақ әртүрлі фотондар шығара алады. Материалды бекітуге мынандай жаттығуларды орындауды ұсыну керек. Қозған сутегі атомының валенттік электроны төртінші деңгейде болса, қанша әртүрлі фотон шығарады. (Жауабы: алты).
4.Атом ядросының құрылысы

Бұл сұрақты оқушыларды атом ядросының құрылысы мен қасиеттерімен таныстырудан бастаған дұрыс. Бұл радиактивтілікті, ядролық реакцияларды және тағы басқа да құбылыстарды сипаттап қана қоймай, түсіндіруге де ықпалын тигізеді.


Атом ядросының құрылысы күрделі екені 1910 ж. ағылшын ғалымы Ф.Соддидің изотоптарды ашуына байланысты болды.
Мұнда мұғалім оқушылардың «изотоп», «атомның салыстырмалы массасы» ұғымдарымен химия пәнінен және физиканың базалық курстарынан таныс екендігін ескергені жөн.
Сабақ түсіндіру барысында, массалық сан – жаңа ұғым енгізіледі және бұрын танысқан масс- спектрографтың құрылысын қайталайды.
1932 ж. ядролық физика үшін ең маңызды оқиға болды. Резерфордтың шәкірті, ағылшын физигі Д. Чедвик нейтронды ашты. Оның бар екенін 10 жыл бұрын Резерфорд алдын-ала айтқан болатын.
Ядроның протон - нейтрондық үлгісін нейтрон ашылған соң іле-шала Д.Д.Иваненко мен неміс физигі В.Гейзенберг ұсынды.
Протон-нейтронды үлгіге сәйкес ядролар екі сортты элементар бөлшектерден: протондар мен нейтрондардан тұрады.
Тұтас алғанда атом электр жөнінен нейтрал, ал протон заряды электрон зарядына шамасы бойынша тең болғандықтан, ядродағы протондардың саны атом қабықшасындағы электрондардың санына тең. Ендеше ядродағы протондардың саны Менделеев кестесіндегі Z элементінің атомдық нөміріне тең.
Ядродағы протондардың Z саны мен нейтрондардың N санының қосындысын массалық сан деп атап, А әріпімен белгілейді:
А = Z + N


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет