«Жаратылыстану ғылыми-педагогикалық» Жоғары мектебі


Атом құрылысын оқып үйрену әдістемесі



бет53/62
Дата03.11.2023
өлшемі269,21 Kb.
#189149
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   62
Байланысты:
Физика лекция

Атом құрылысын оқып үйрену әдістемесі



Атом құрылысы жайындағы түсініктің дамуы. Атом жөнінде толығырақ білім алу үшін, оны атомның құрылысынан бастаған жөн. XIX-ғасырдың аяғына дейін көптеген зерттеулерге қарамастан атомның құрылысы жоба жөнінде қала берді.
Ежелгі грецияның философтары «Атомның қасиеттері қандай және олар бөліне ме?» деген сұрақтарға жауап іздеді. Ежелгі Грецияның атомистері атомды бөлінбейді және құрамында басқа бөлшектер жоқ деп есептеді.
Ең алғаш рет эксперимент жүзінде атомның құрылысының күрделілігімен, атом мен электр зарядының арасындағы байланысты М.Фарадейдің электролизге жүргізген зерттеулерінің негізінде білуге болады. Ол мынандай қорытындыға келді: «Материяның атомдарында қандай да бір электрлік күштер бар немесе олар осындай керемет қасиеттермен байланысты». Қорыта келгенде: «Егер атомдық теорияны оған сәйкес көріністі дұрыс деп қабылдасақ, онда кәдімгі химиялық әсеріне қарап денелердің атомдары табиғи жағдайда бір-біріне эквивалентті байланысқан саны бірдей электр зарядтарынан тұрады»- деді.
Элементар зарядтардың табиғатта бар және ол атомның құрамдас бөлігі деген қорытынды кейінірек XIX ғасырдың 80 жылдары (Стоней, Гельмголц) жасаған, сонан соң электронның ашылуымен және белгілі бір иондардың зарядтарының өлшенуімен тамаша дәлелденді. Атом жайындағы ұғымдардың қалыптасуының бұл кезеңіне ерекше көңіл бөліп, оқушыларды электронның ашылу тарихымен таныстыру және Дж. Дж. Томсон мен Р. Милликеннің эксперименттік тәжірибелерімен аяқтау керек.
Тәжірибе жүзінде бөлшектерінің шашырауын қарастырғанға дейін ұсынылған көптеген атом үлгілерінің ішінде Дж.Дж.Томсонның үлгісіне ерекше көңіл бөлген жөн. Осы үлгі бойынша атом дегеніміз оң заряд және электронмен бірқалыпты зарядталған сфера, электрондар осы сфераның ішінде орналасады.
Ары қарай атомның құрылысы мен қасиеттері радиактивтіліктің ашылуымен және бір атомның химиялық элементі өздігінен басқа бір химиялық элементке айнала алуының дәлелденуімен дамыды. Атом құрылысын классикалық физиканың шеңберінде қарастыру - бөлшектерінің заттан өту қабілетін байқауға жүргізілген Э.Резерфордтың тәжірибесінің негізінде жасалған атомның планетарлық үлгісімен аяқталады.



    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет