«Жаратылыстану ғылыми-педагогикалық» Жоғары мектебі


Дүниенің қазіргі кездегі физикалық бейнесінің негізгі белгілері



бет61/62
Дата03.11.2023
өлшемі269,21 Kb.
#189149
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   62
Байланысты:
Физика лекция

Дүниенің қазіргі кездегі физикалық бейнесінің негізгі белгілері

Дүниенің физикалық бейнесін (ДФБ) материя, оның қозғалысы, өзара әсерлесуі және тағы басқалары жатады. Қазіргі кездегі ДФБ негізгі белгілерін мына түрде қарастырайық.


а) Материя туралы көзқарас. Қазіргі кездегі физикада материяның екі түрі бар: зат және өріс. Біртұтас материя әлемі кеңістіктегі алатын орнына, өзара әсерлесу түріне, негізгі құрылымдық элементтері және заңдылық сипаттамасына байланысты материя құрылымын үш деңгейге бөлуге болады:
мегаәлемі – кеңістіктегі алатын орны 1021 м басталады және одан ары; мегаәлеміне – метагалактика, галактикалар, жұлдыздар кіреді;
макроәлемі – кеңістегі алатын орны 10-8-нен 1021 м дейін; оған планеталар жүйесі, планеталар, бізді айнала қоршаған ортадағы денелер кіреді;
микроәлемі – кеңістіктегі алатын орны 10-8 метрге тең немесе одан да кіші; материяның құрылымдық элементтері: атомдар, ядро, элементар бөлшектер.
Макроәлемдегі деңгейде материяны тыныштық массасына байланысты және таралу жылдамдығына байланысты екі түрге: зат және өріске бөледі. Микроәлемде зат пен өріс арасындағы айырмашылық практика жүзінде толық жоғалады. Зат және өрістің айырмашылықтары мен жалпы қасиеттерін қарастырған дұрыс.
ә) Өзара әсер туралы көзқарас. Материя құрылымының әр деңгейіндегі материялдық нысаналардың қасиеттері, олардың өзара әсерлесуіне байланысты болады.Қазіргі кезде физикада өзара әсердің негізгі төрт: ядролық (күшті), электрмагниттік, әлсіз (ыдырау), гравитациялық түрі бар. Бұл өзара әсерлесулер бір-бірінен өтімділігіне және әсер ету радиустарына байланысты анықталады.
Гравитациялық өзара әсерлесу өте аз, яғни ядролық әсермен салыстырғанда 1038 есе кіші. әсер ету радиусы шексіздікке созылады. Бұл өзара әсерлесуге материялдық нысаналар қатысады.
Әлсіз өзара әсерлесу барлық бөлшектердің арасында байқалады. Атом ядросындағы ыдырау осының мысалы болып табылады. Ол күшті ядролық өзара әсерлесумен және электрмагниттік өзара әсерлесумен салыстырғанда әлсіз, бірақ гравитациялық әсерге қарағанда күшті, әрі әсер ету радиусы 10-18м.
Электрлік зарядталған бөлшектердің арасында электрмагниттік өзара әсерлесу болады, әсер ету радиусы шексіздікке дейін созылады, ол күшті өзара әсерлесуге қарағанда 137 есе өтімді болады.
Протондар мен нейтрондардың арасында әсер ету радиусы 10-12 м күшті өзара әсерлесу болады.
Әртүрлі өзара әсерлесу түрліше физикалық құбылыстарда материя құрылымының әр түрлі деңгейлерінде байқалады. Бірақта барлық өзара әсерлесуде сақталу заңдары орындалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет