Компендиум– қандай да бір ғылымның, зерттеулердің және т.с.с. негізгі ойларын қысқаша, жинақтап беру;
Диссертация – ізденушінің (диссертанттың) ашық қорғайтын және ғылыми дәреже алу үшін ұсынатын зерттеуі, ғылыми жұмысының қолжазбасы, автордың ғылыми дәреже алу үшін (ғылым кандидаты немесе докторы) ғылыми немесе ғылыми-білімдік мекемелерде дайындаған және ғалымдар кеңесінде қорғайтын ғылыми біліктілік жұмысы.
Симпозиум, конференция материалдары– ғылыми конференция қорытындылары кіретін мерзімді емес жинақ (бағдарлама, баяндамалар, ұсыныстар, шешімдер);
Журнал – әр түрлі қоғамдық саяси, ғылыми, өндіріс және басқа сұрақтар бойынша мақалар және /немесе рефераттар, сонымен қатар әдеби туындылар, иллюстрациялары бар кітапша тәрізді түптелген мерзімді мәтіндік басылым, осы түрде ресми бекітілген басылымдар: республикалық «Білім – Образованиие», «Жоғары мектеп хабаршысы», «Вестник высшей школы Казахстана», «Ізденіс – Поиск», «Творческая педагогика», «Парасат», және т.б.; ресейлік-«Вестник высшей школы – Alma mater», «Высшее образование в России», «Педагогика», «Мир образования», «Вопросы психологии», «Вопросы философии» және т.б.; халықаралық «Перспективы: вопросы образования», «Курьер ЮНЕСКО»;