1. Педагогикалық тәжірибені жалпылау Зерттеу жұмыстарын жүргізудегі ең басты жол – бұл педагогикалық тәжірибені жалпылау. Озық педагогикалық тәжірибенің дамуына белсене қатынасқан ғалымдар өздерінің көп үлестерін қосты. Педагогикалық тәжірибеге сүйену мен оны ақылға салу көптеген ғылыми жұмыстардың негізі болып табылады.
Бірақ педагогикалық жұмыстардағы педагогикалық тәжірибенің қолданылуын талдай отырып елеулі кемшіліктерді көре аламыз:
Біріншіден,озық тәжірибені зерттей отырып, кейбір ғалымдар тәрбие мен оқытудың тұтас жүйесінен тек өзінің диссертация тақырыбына сай жеке жағдайларды таңдап алады.
Екіншіден, кейбір зерттеушілер, тәжірибені зерттей отырып, тәжірибе орнының жетіспеушілігіне, әлсіздігіне көңіл бөлмей, ең қызықты, сәтті жерлерді таңдап алады. Кейін бір болымды материалдардан өз ойларының дәлелдеулерін құруға тырысады. Біршама жағдайларға байланысты ғылыми зерттеу тақырыбы сол қызықты мазмұнға қатысты өзгереді, ол педагогикалық озық тәжірибеде көрінеді.
Үшіншіден, кейбір ғалымдар педагогикалық озық тәжірибені жалпылауда жан-жақтағы бақылаушыға айналады. Олар мектепке тек өздерін қызықтыратын нәрсені алу үшін келеді, бірақ орнына ештеңе бермейді. Олар туралы мектепте дұрыс айтылған, яғни мұғалімдер өңдеп шығарады, ал олардың еңбек нәтижесін басқалары пайдаланады.
Төртіншіден,мектептің педагогикалық тәжірибесін қолдану оның тарихының үзіндісінен жиі алынады. Ғылыми жұмыстарда педагогикалық тәжірибенің генезисі болмайды (Генезис дегеніміз ата-тегі, тууы, пайда болуы), яғни тәрбиелеу мен оқытудың рационалды әдістерінің даму жолдары жай, әлсіз болып ашылады.
Бесіншіден,тәжірибе бағасында оны шығарғанмен, оны сипаттаушының араларында үйлеспеушілік бар. Ғалымдар ең басты мұғалімдердің өздері өз тәжірибелерінде нені ең бағалы деп санайтынын, нені тапқанын және үйренгенін, нені іздейтінін және не затқа ұмтылатынын анықтауы қажет.