Сонымен, теориялық зерттеу әдістері деректерді терең талдауды, барлық жанамалықтан абстаркциялану, үдерісті «таза қалыпта» айқындау, онда мәнді заңдылықтарды ашуды көздейді.
Сұрақтар мен тапсырмалар Теориялық әдістерге сипаттама беріңіз.
Тарихи зерттеу әдісіне сипаттама бер
3. Тарихи педагогикалық зерттеулердің педагогиканы дамыту және тәрбиелеу тәжірибесіндегі мәні неде деп ойлайсыз?
Студенттердің білім деңгейін тексеруге арналған тест сұрақтары: 1. Теориялық әдістерді жалғастыр: Индукция,...
2.Тарихи зерттеу әдістерін жалғастыр: Тарихи қолжазбалар,..
9-тарау. ЭМПИРИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ
Жоспары:
9.1 Зерттеулердің эмпирикалық әдістері
9.2 Педагогикалық эксперимент, оның түрлері және жүргізілу кезеңдері
Практикалық сабақтар мазмұны: № 9 Педагогикалық тәжірибелік жұмыс Мақсаты: Озық педагогикалық тәжірибені зерттеу және жинақтаудың әдістемесі
Жоспары
Педагогикалық тәжірибе түсінігі
Озық тәжірибелер қоржыны, түрлері, оларды топтап бөлу.
Тапсырма. Озық тәжірибені зерттеудің моделін дайындаңыз. Пайдаланылған әдебиеттер тізбегін жасаңыз.
Әдістемелік ұсыныстар. Озық тәжірибені зерттеу кезеңдеріне, апробациядан өткізу мәніне назар аударыңыз. Тұтастықты сақтау жағын қарастырыңыз. Тәжірибе қорытудың үш деңгейін есте сақтаңыз. Озық тәжірибенің қорыту, тарту түрлеріне сипаттама беріңіз.
9.1 Эмпирикалық зерттеу (эмпирикалық әдістер) – зерттелетін мәселе бойынша нақты материалды жинақтау және құбылысты тіркеу, оларды тізімдеу, сыртқы байланысын айқындау, қабылданған ұғыммен белгіленген деректерді қорыту үшін қызмет ететін эмпиристік таным мен құбылыс шындығын зерделеу амалдары, рәсімдері мен операциялары, ғылыми-зерттеу міндеттерін шешу тәсілдері.
Эмпирикалық әдістер тек қана тікелей ақпаратты (жинау) қабылдауды ғана емес, сондай-ақ қордалануды, жіктеуді және зерттеу мәселесі бойынша педагогикалық теория құру үшін бастапқы материалды жинақтауды да қамтамасыз етеді. Олардың жалпы сипаты- нақтылықпен тікелей байланысты болғандығында.
Эмпирикалық әдістерге мыналар жатады:
- мағлұматтарды жинақтау (бақылау, әңгімелесу, сауалнама, тестілеу, сұхбаттасу, құжаттар мен іс-әрекет нәтижелерін талдау, оқытушы жұмысы тәжірибесін талдау және т.б.) жатады;
- бақылау мен өлшеу әдістері (шкалалау, тестілеу және т.б.);
- педагогикалық үрдісті өзгертілген және нақты ескерілген жағдайда зерттеу (педагогикалық эксперимент, зерттеу нәтижелерін мектеп жағдайында тексеру).
Педагогикалық зерттеу әдістерінің ішінде педагогикалық бақылау жиі қолданылады. Бақылау деп әдеттегі жағдайда педагогикалық құбыластарды қабылдау арқылы тануды айтады. Ғылыми бақылау арнайы жоспар бойынша жүргізіледі. Жоспарда бақылаудың мақсаты мен міндеттері, объектісі (сабақ, экскурсия т.б.жағдайда), жүргізілу әдісі мен техникасы дұрыс көрсетілуі тиіс. Педагогикалық бақылау – бұл белгілі бір құбылысты ұзақ және жоспарлы түрде зерттеудің таным әдісі.
Бақылаулар тікелей және жанама, ашық және жабық, үздіксіз және дискреттік (үзіліспен), монографиялық болуы мүмкін. Зерттеуші бақыланушы объектінің іс-әрекетіне тікелей белсене қатысса, (оқушылармен бірге) бақылау тиімді болып шығады. Сырттай (құпия) бақылау айналы (әйнекті) қабырға арқылы немесе телекамераның көмегімен жүзеге асырылады.
Бақылау әдісін бастамас бұрын зерттеуші қандай мақсатпен және қанша уақыт бақылау жүргізетінін және қандай күтілетін нәтижелерге келетінін білуі тиіс. Жинаған фактілерді тіркеп жазып қою керек, күнделік жазып, хаттама күйінде тіркеп, бейнетаспаға, үнтаспаға жазып алып, фотосуретке түсіру керек.
Бақылауды жүргізуге қойылатын талаптар:
мақсаттылығы;
жүйелілігі;
ұзақтылығы;
жан-жақтылығы;
объективтілігі;
бұқаралық;
әдептілікті сақтау.
Бақылау әдісі. Нақтылы бақылау обьектісі белгіленіп, жоспарлы жүргізіледі.