Бақылау кезеңдері: -мақсат пен міндеттерді анықтау;
-обьекті, пәні таңдалынады;
-бақылау жолдарын анықтау;
-бақылау барысын есепке алу;
-алынған ақпараттарды өңдеу және талқылау.
Кемшілігі-қорытындысына жеке тұлғаның ерекшелігі ықпал етуі.
Бақылау-зерттеу барысында нақты дерек материал жинақтау мақсатымен қандай да педагогикалық құбылыстың назарға алынуы. Бақыланған құбылыстар міндетті түрде хатталады. Бақылау нақты нысанмен жеке танысуға орай алдын-ала белгіленген жоспар бойынша жүргізіледі. Бақылау жұмысы келесі кезеңдерге бөлінеді:
1) міндеттері мен мақсаттарын айқындау;
2) бақыланылатын обьект, оның элементтерін және ситуацияларын таңдастыру;
3) бақылау және оның барысында ақпарат топтастыруға оңтайлы әрі тиімді тәсілдерді іріктеу;
4) байқалғандарды хатқа түсіру формасын ойластыру;
5) жинақталған ақпараттарды өңдеу және дәйектеу.
Бақылау түрлері: араласа бақылау-ізденуші зерттеу жүргізіп жатқан топтың мүшесі ретінде қатысады; сырттай бақылау-зерттеуші ізденіс жұмыстарына тікелей араласпайды; ашық және жасырын бақылау; тұтастай және таңдамалы бақылау. Бақылау-орындалуы тұрғысынан ең оңай әдіс, бірақ өзіндік кемшілігі де жоқ емес. Көп жағдайларда бақылау барысындағы не соңғы нәтижеге зерттеушінің тұлғалық-әлеуметтік жеке-дара бітістері (көзқарасы, мүддесі, жан толғанысы) ықпал жасап, оның қандай да шынайылықтан ауытқуына себепші болуы мүмкін.
Бақылау мәліметтерін әңгіме әдісі арқылы түскен материалдармен толықтырады.