«жаратылыстану» институты



бет56/122
Дата07.02.2022
өлшемі1,58 Mb.
#90095
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   122
Байланысты:
umkd m-19-1m(1)

Сауалнама – 1) белгілі бір тақырып бойынша сұрақтар және оларға қажетті мәліметтер алу мақсатымен жауап жазуға орын қалдырған (немесе жауаптары) сұрақ қағазы; 2) зерттелуші адамдар контигентіне зерттеушінің құрастыратын тізімі, олардың жауаптары жалпылау үшін алғашқы эмпирикалық материал ретінде қызмет етеді:

  • алып – жүз, екі жүз сұрақтары бар сауалнама;

  • жабық – ұсынылған жауаптардан таңдау;

  • найзағай – екі-үш сұрақтардан тұратын сауалнама;

  • ашық – жауап берушілердің еркін жауаптары;

  • аралас – сұрақтарының бір бөлігі таңдау бойынша берілетін, сондай-ақ ұсынылатын сұрақтардың шеңберінен шығып кететін жауаптарды тұжырымдайтын бос жолдар қалдырылатын сауалнама.

Сауалнама белгілі бір құбылыс туралы ақпаратты зерттелушілердің үлкен тобында анықтап алу үшін сын мен ұсыныстарды анықтау үшін өткізіледі.
Ұжымдағы қарым-қатынасты анықтап алу үшін социометриялық сауалнамалар өткізіледі. Мұндағы сұрақ әдістерінің артықшылығы – зерттеуші әр түрлі ақпаратты, үлкен аудиторияны қамти отырып, жинап алады. Кемшілігі – әр сауалнамада толығымен шындық айту элементі болмай қалады, кейбір жауаптар жалған болуы мүмкін және кейбір сұрақтар белгілі бір жас ерекшелігіне сай келмеуі мүмкін.
Бұл жерде мынадай талаптарды сақтау қажет:

  • зерттелуші құбылысты неғұрлым дәл көрсететін және сенімді ақпарат беретін дәл және нақты сұрақтарды ұқыппен таңдау;

  • жауаптарды нақтылауға мүмкіндік беретін тікелей және жанама сұрақтарды пайдалану және олардың шынайылығын анықтау;

  • берілген сұрақтардың мәні мен маңызы және оларды дайындау кезінде ешкімнің араласпауы;

  • ашық (кейде жауап беруші өзінің жеке пікірін айтуына болады), жабық (жауаптарының шектеулі нұсқаларымен) сауалнамаларды пайдалану;

  • дайындалған сауалнаманы сынақтан өтушілердің шағын тобына тексеру, қажетті түзетулерді енгізу; балмен бағалау арқылы қарама-қарсы сауалнамаларды пайдалану.

Анкеталау – ауқымды материал жинақтау үшін қолданылады. Сұрақ жауаптары жазба күйінде қабылданады. Әңгімелесу мен сұхбат алу бетпе-бет әңгіме құрумен жүргізіледі, ал анкета сырттай орындалады. Аталған әдістердің нәтижелі болуы қойылатын сұрақтардың мазмұны мен құрылымына тәуелді. Сауалнама түзуде ескерілетін жәйттер:
1) алынатын ақпараттың сипатын анықтап алған жөн;
2) сұрақтың бірнеше баламалы өрнегі болғаны қажет;
3) сауалнаманың бірнеше жоспары түзіліп, ол алғашқы тексеруден өткізілуі тиіс;
4) сауалнама кемшіліктері түзетіліп, пайдалануға ақырғы редакциясының ұсынылуы дұрыс.
Құнды материал оқушылардың шығармашылық туындыларын зерттеу әдісімен де алынады. Олар: шәкірттер орындаған жазба, графикалық, шығармашылық және бақылау жұмыстары. Балалардың суреттері, сызбалары, жасалған қосалқы бөлшектер, кейбір пән дәптерлері. Мұндай жұмыстар оқушылардың даралық қабілеттерінен дерек береді, олардың қандай да бір саладағы ептілік және дағды жетістіктерінің деңгейін көрсетеді. Мектеп құжаттарымен танысу әдісін қолдана отырып, оқушының жеке ісі, дәрігерлік карта, күнделік, жиналыс не отырыс хаттамалары және сол секілді мектеп хат-қағаздармен танысу арқылы зерттеуші оқу-тәрбие, білім игеру үдерісін ұйымдастыру тәжірибесінде нақты қалыптасқан объектив жағдайлар жөніндегі ақпараттармен қаруланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   122




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет