Кесінділердің консервациясы.
Кесінділердің бетіне бір тамшы
бальзам тамызып, жабынды шынымен бетін жабу. Бальзам кепкен соң
микроскоп арқылы зерттеуге болады.
Объектіні трансмиссиондық электрондық микроскоппен зерттеу
үшін, жоғарыда айтылған гистологиялық техника сияқты ӛңдеу
жүргізіледі. Бірақ, материалдың кӛлемі 2 мм. жоғары болмау керек.
Материалды альдегидтерде (глутаральдегидте), кейін осмийдің тӛрт
тотығының ерітісінде қосымша бекітеді. Материалды эпон, аралдит және
т.б. синтетикалық смолаларда бекітеді. Қалыңдығы 30-50 нм ультражұқа
кесінділерді ультратомда дайындайды.
Достарыңызбен бөлісу: |