Жаратылыстану және география институты тҧңғышбаева З. Б. Цитология және гистология



Pdf көрінісі
бет13/240
Дата08.02.2022
өлшемі6 Mb.
#122639
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   240
Байланысты:
Цитология және гистология оқу құралы 2017 - лаб. сабақ

3. Сумен шайқау.
Кӛп жағдайда фиксациядан , фиксаторды кетіру 
үшін объектіні сумен шайқайды.
 
4. Қҧрғату
(сусыздандыру). Объектілерді спирттердің жоғарлау 
(60%, 70%, 80%, 90%, 100%) концентрациясында, хлороформда 
орналастыру арқылы құрғатады.
5. Материалды тығыздату.
Оны объектіден жұқа кесінділер дайындауға ыңғайлы болу үшін 
жүргізіледі. Ол үшін материалды парафинде, целлоидинде немесе 
целлоидин-парафинде бекітеді. Ферменттердің гистохимиясы үшін 
материалды сұйық азотта мұздатады.
6. Кесінділерді дайындау
барысында 
микротомдар
қолданылады.


11 
7. Кесінділерден парафинді еріту - 
кесінділерді шыныға 
орнықтырған соң кептіреді, парафинді ксилол, толуол, бензол және т.б. 
ерітеді.
8. Кесінділерді бояу.
Бояу арқылы препараттардың контрастылығы жетіледі. Бояулар 
қышқыл, негізгі және нейтралды деп бӛлінеді. Қышқыл бояуларға 
эозинді, қышқыл фуксин жатқызада және олар цитоплазма мен клеткалық 
емес құрылымдарды бояйды. Негізгі бояуларға азур ІІ, карми, 
гематоксилинді жатқызуға болады, олар бояғыш тұздардың негізінен 
тұрады. Сол сияқты, бояулар цитоплазмалық (эозин) және ядролық 
(гематоксилин) деп те бӛлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   240




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет