Көз шырышты қабығы рефлексі- көз шырышты қабығына мақтаның ұшталған талшықтары мен немесе қағаздың ұшын жанастыру кезінде қабақтың жұмылуы. Көздің мөлдір қабығы рефлексі- көздің мөлдір қабығына мақтаның ұшталған талшықтары мен немесе қағаздың ұшымен жанастыру кезінде қабақтың жұмылуы. Терең рефлекстер
Астыңғы жақ рефлексі- иекке батырылған саусақты неврологиялық балғаммен соққанда шайнау бұлшық еттерінің ширығуы. Білезік буын рефлексі- кәрі жіліктің шыбығын неврологиялық балғамен соққанда қолдың білезік тұсында бүгілуі. Шынтақ жазылу рефлексі- үш басты бұлшық еттің сіңірін неврологиялық балғамен ұрғанда қолдың шынтақтан жазылуы Өкше рефлексі- өкше сіңірін неврологиялық балғамен соққанда үш басты бұлшық етттің ширығуына байланысты табанның керіліп жазылуы. Тізе рефлексі- тобықты неврологиялық балғамен соққанда төрт басты бұлшық еттің ширығуына байланысты аяқтың тізеден жазылуы. Шынтақ бүгілу рефлексі- екі басты бұлшық еттің сіңірін неврологиялық балғамен соққанда қолдың шынтақтан бүгілуі Оральдық автоматизм рефлекстері- ми қыртысы бұлшық ет жолының орталық неврондары екі жағынан зақымданғанда пайда болады.
Оппенгейм рефлексі бас бармақты жіліншіліктің қырын баса жоғарыдан төмен қарай жүргізу арқылы анықталады.
Гардон рефлексі сырқаттың балтырын ұстап қысу арқылы көрініс береді.
Бабинский рефлексі- табан астының сырт жағынан үшкір нәрсемен сызғанда пайда болады.
Шеффер рефлексі өкше сіңірін қатты шымшып қысу арқылы айқындалады.
Қол ұшы парологиялық рефлекстері- қол ұшы тұсын әр жерінен тітіркендірген кезде оның саусақтарының ақырындап бүгілуі.
Пайдаланысған әдебиттер
Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007. - 1028 б. ISBN