Күшті электролиттер теориясы Күшті электролит ерітінділерін (реалды жүйе) сипаттау үшін үшін 1905-1908ж. Америка ғалымы Г.Н.Льюис (1875-1946 жж.) олардың иондарының активтілік концентрациясы (a) деген ұғымды енгізді.
П. Дебай мен Э. Хюккель ұсынған күшті электролит теориясының негізі: 1. Сұйытылған болса ғана электролит ерітіндісі толығымен диссоциацияланады (C = 0,01моль·л–1); н/е Күшті электролиттің концентрациясын арттырғанда оның электр өткізгіштігі нашарлайды.
2. Әрбір ион қарама-қарсы иондармер қоршалып тұрады және өз кезегінде бұл иондардың өздері де сольваттанып жүреді. Бұл қабат иондық атмосфера деп аталады.
П. Дебай мен Э. Хюккель ұсынған күшті электролит теориясы: күшті электролиттің концентрациясын арттырғанда оның электр өткізгіштігі нашарлайды, оны иондар арасындағы электростатикалық әрекеттесуімен түсіндіруге болады. Активтілік, активтілік коэффициенті Активтілік (a) дегеніміз - иондардың ерітіндідегі шартты концентрациясы, ол күшті электролиттің нағыз концентрациясына С тура пропорционал:
мұндағы, а – ионның активтілігі, моль/л;
– активтілік коэффициенті;
с – мольдік концентрация, моль/л
f - иондардың бір-біріне әсері мен бөлшектердің химиялық реакцияға қабілеттігінің арасындағы байланысты көрсетеді. Ол ерітіндідегі барлық иондардың валенттілігіне және концентрациясына тәуелді. Сонымен қатар активтілік коэффициенті температураға, ерітіндінің диэлектрлік өтімділігіне (ε), және иондық күшке тәуелді (μ, λ).
f = а/С Активтіліктің шын мәніндегі концентрациядан қанша есе көп екендігін көрсететін шаманы активтілік коэффициенті (, γ) деп атайды: а = f ∙ C