Жаратылыстану және география институтының қорытынды е с е б І


Күшті электролиттер ілімі қорытынды



бет6/6
Дата31.03.2022
өлшемі2,59 Mb.
#137389
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
7 Лекция. Күшті электролиттер. — копия
FIZIKA (1)
Күшті электролиттер ілімі қорытынды
Электролиттердің классикалық ілімі – Аррениус ілімі 2 ғасыр бойы электролиттердің жалпы ілімі деп есептелген. 1923 жылы Хюккель және Дебаймен электролит ерітінділерінің электростатикалық ілімі деп, ал қазіргі кезде күшті электролиттер ілімі деп аталатын жаңа ілім басылған. (Бірақ Дебай-Хюккель ілімі сұйытылған күшті электролиттерге ғана дұрыс)
Ілімнің негізгі қағидалары:
1. Күшті электролиттер еріген немесе балқыған кезде толығымен диссоциацияланады. Сондықтан диссоциацияның шынайы дәрежесі α = 1.
2. Электролиттің толық диссоциациялануына байланысты ерітіндіде иондардың саны көп болғандықтан электростатикалық әрекеттесу күштерін ескермеуге болмайды. Демек көрінетін диссоциация дәрежесі α < 1.
3. Көптеген тәжірибелер арқылы күшті электролит ерітінділерінде диссоциацияланбаған молекулалар жоқ болатындығын анықтаған, бірақ еріткіштің иондары мен молекулалары түзетін бейтарап комплекстер болады. Сондықтан күшті электролит ерітінділері әрекеттесуші массалар заңына бағынбайды.
Күшті электролиттер ілімі
4. Күшті электролит ерітінділері нақты ерітінділер болып табылады. Сондықтан олар идеал ерітінділердің заңына бағынбайды, яғни бұл ерітінділер эффективті концентрация, яғни активтілікпен сипатталады.
5. Күшті электролит ерітінділері үшін активтілік коэффициенті тұрақты шама болып табылмайды. Олар өз кезеңінде концентрацияға байланысты болады.
Бірақ, Хюккель-Дебайдың ілімі электролиттердің тек сұйытылған ерітінділерін жақсы сипаттайды. Сондықтан, Хюккель-Дебай ілімін баян еткенде келесі шектеулер еңгізілген:
1. Иондар нүктелік зарядтар ретінде қарастырылады, яғни олардың өлшемдері ескерілмейді.
2. Электрондық бұлттар да нүктелік зарядтар ретінді қарастырылады, яғни зарядтар орталық ион айналасында біркелкі жинақталған.
3. Тек қана электростатикалық әрекеттесу күштері ескеріледі. Басқа күштер ескерілмейді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет