Идеалды жүйелер үшін f → 1, с → 0, ал a ≈ с болады (шексіз сұйтылған ерітінділерде).
Реалды жүйелерде активтік коэффициентінің 1-ден айырмашылығы болғандықтан алғашқы концентрацияға тең болмайды (α ≠ с). f мәні әдетте 1-ден кем болады, электролит ерітіндісінің концентрациясы азайған сайын, яғни ерітінді сұйытылған сайын бірге жуықтай береді.
Егер, f < 1 болса, онда а > с болады.
Реалды ерітінділердің идеалды ерітінділерден ауытқуының екі түрі бар: 1 - теріс ауытқу: f < 1, а < с; 2 - оң ауытқу: f > 1, а > с.
Активтілік және активтілік коэффициентін түрлі жолдармен анықтауға болады (ерітіндінің түрлі қасиеттерін өлшеу арқылы): - қату температурасын; - қайнау температурасын; - қаныққан бу қысымын; - осмос қысымын; - гальваникалық тізбектің эқк және т.б.