Жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша
Әл-Фараби атындағы қашықтықтан халықаралық олимпиада өткізу
ережесі
1. Жалпы ережелер
1.1. Осы Қағидалар Әл-Фарабидің 1150 жылдығын мерекелеу қарсаңында және «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес әзірленді және жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша Әл-Фараби атындағы қашықтықтан халықаралық олимпиаданың (бұдан әрі-Олимпиада) мақсаттары мен міндеттерін, өткізу және қаржыландыру, қатысу және жеңімпаздары мен жүлдегерлерін айқындау тәртібін айқындайды.
1.2. Олимпиаданы ұйымдастырушы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы (бұдан әрі - «Дарын»РҒПО) болып табылады.
1.3. Негізгі мақсаттары мен міндеттері дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау, оқу пәндеріне қызығушылықты дамыту, оқушылардың шығармашылық белсенділігін дамыту, олардың мәдени диапозын кеңейту, сабақтан тыс жұмыстарды жандандыру, Олимпиада қатысушыларына өз білімдері мен мен дағдыларын балама бағалауға мүмкіндіктерін беру.
2. Олимпиадаға қатысушылар мен пәндер
2.1. Олимпиадаға математика, физика, химия, биология, география пәндері бойынша Қазақстан Республикасының,ТМД елдерінің, алыс және жақын шетелдердің барлық білім беру ұйымдарының 10 сынып оқушылары қатысады.
2.2.Олимпиада 2020 жылдың қазан айының 30 күні, онлайн режимінде www.daryn.kz. сайтында өткізіледі.
3. Олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу тәртібі
Олимпиада бойынша тест тапсырмаларын әзірлеу үшін «Дарын» РҒПО-ы мамандар тартады.
«Дарын» РҒПО олимпиаданы өткізу мерзімін анықтайды, республика өңірлеріне жібереді және сайтқа олимпиаданы өткізу туралы ақпараттық хат пен нұсқаулық орналастырады.
Олимпиаданы өту үшін сілтеме http://daryn.kz басты бетте орналасады
Олимпиадаға қатысу үшін қатысушыға www.daryn.kz. сайтына кіру қажет. Сайттың басты бетінде «жаратылыстану - математика циклы пәндері бойынша Әл-Фараби атындағы қашықтық халықаралық олимпиада» батырмасы ашылады.
- Олимпиадаға қатысу үшін www.daryn.kz. сайтына алдын-ала тіркелу қажет, ал қатысу сілтемесі Олимпиада өтетін күні беріледі.
- Олимпиада тапсырмаларын орындау үшін көрсетілген уақытта жүйеге кіру.
Олимпиадалық тапсырманы шешу үшін белгіленген мерзімде тапсырманы шешу қажет.
Барлық тапсырмалар бойынша ең жоғары ұпай - 100 ұпай.
Олимпиадалық тапсырманы орындау үшін қатысушыға Google Chrome браузерінің соңғы нұсқасын пайдалану ұсынылады.
Тапсырмаларға жауаптарды енгізген кезде қатысушы рәсімдеу талаптарын орындауға тиіс.
Нәтижелері тестілеуді Аяқтау батырмасын басу арқылы Олимпиада аяқталғаннан кейін бірден белгілі болады.
Олимпиада тапсырмаларының мазмұны мен құрылымына, олардың орындалуын бағалау критерийлері мен әдістеріне шағымдар қабылданбайды немесе қарастырылмайды.
4. Қорытынды шығару және марапаттау
4.1. «Дарын» РҒПО-ы олимпиада аяқталғаннан кейін жеімпаздар мен жүлдегерлерді анықтайды және қорытынды ақпаратты сайтқа орналастырады.
4.2. Олимпиадаға қатысушыларға арналған ҚР БҒМ «Дарын» РҒПО-ның I, II, III дәрежелі дипломдары www.daryn.kz сайтында жүктеу үшін жарияланады.
Достарыңызбен бөлісу: |