Өзін бақылауға арналған сұрақтар:туристік өлкетанудың ролі қандай?
№3 дәріс Тақырып:Туризмнің даму тарихы.
Дәрістің мазмұны
1.Ежелгі дүние туризмі.
2.КСРО-дағы туристік-экскурсиялық істі дамыту және жетілдіру.
Мақсаты: туристік өлкетану жұмысының қалыптасу тарихымен танысу
Тірек сөздер:өлкетану, экскурсия
Негізгі сұрақтар:1.Туризмнің дамуы формалары қандай?
2. Өлкетану жұмысының даму формалары қандай?
1.Дүние жүзі халықтарының барлығы да ерте заманнан бастап өз қоршаған орталарын, жергілікті жерін, табиғатын барынша жан-жақты танып білді, кеін ұрпаққа ауызша жеткізе білді. 15-16 ғасырлардағы деректерден өлкетану сипатында жазылған алғашқы мәліметтер табылған. Өлкетанудың даму тарихын 2 негізгі кезеңге бөліп қарастырады.
1-кезең: революцияға дейінгі кезең.
18 ғасырдың ортасында россияның кейбір аудандарын сипаттайтын ғылыми жұмыстар жарық көрді. Мысалы; П.Н.Рычковтың “Оренбург топографиясы” еңбегі.
1761 жылы М.В.Ломоносов анкета жүргізу арқылы жергілікті халық және балалардың көмегімен алғашқы өлкелік зерттеу жұмысын жүргізді. Басты мақсаты минералды байлық көздерін анықтау, зерттеу болды. ( анкета 30 сұрақтан құралған, оған қала, губерния, провинция сипаттамасы жазылды.) 19 ғасырдың ортасында Россияда ішкі нарықтың дамуына байланысты өз жерін танып-білуге деген құштарлық, қызығушылық күшейе түсті. Қоғамдық мәдени қозғалыс “ Отанды тану” (отечествоведение) деп аталды. Оның орталығы 1845 жылы құрылған Орыс географиялық қоғамы болды немесе оны Родиноведение деп те атады. (А.Соколов география пәнінің әдіскері:”Родиноведение есть география родной местности, на примерах которой дети практически и наглядно знакомятся с основными географическими понятиями”) 19 ғасырдың 2 жартысынан бастап өлкетану стихиялы дамыды. 70-80 жылдары саяси редакцияға байланысты жаңа материал болған жоқ. 1915 жылы наурыз айында болған Бірінші Бүкілодақтық география оқытушылары съезінде өлкетану принципі географияны оқытудағы сол кездегі алдыңғы қатардағы әдіс ретінде мойындалды.