Өзін бақылауға арналған сұрақтар:Мемлекеттік өлкетану дегеніміз не?
Қоғамдық өлкетану дегеніміз не?
Мектептік өлкетану дегеніміз не?
№2 дәріс Тақырып:Туризмнің өлкетану және экологиямен байланысы.
Дәрістің мазмұны
1.Туризмнің өлкетану және экологиямен байланысы.
Мақсаты:Туризмнің өлкетану және экологиямен байланысын анықтау
Тірек сөздер:туризм, өлкетану, экология
Негізгі сұрақтар:Туризмнің өлкетанумен байланысы қандай?
Туризмнің экологиямен байланысы қандай?
Мектептік туризм және өлкетану деп оқу бағдарламасына кіретін, мектеп немесе мектептен тыс ұйымдардың педагогикалық мақсатта сабақтан тыс жүргізілетін оқушылардың туристік өлкетану іс әрекетімен түсіндіріледі. Туризммен өлкетанудың байланыстылығын туризмге оқушылар шығу кезінде жас өспірімдердің демалыс формасы түрінде табиғатпен үйлесімділікте жергілікті жерді танып білумен ұштасады. (П.В.Иванов” Педагогические основы школьного краеведа”. По мнению П.В.Иванова, “между краеведением и туризмом полный практический контакт и единство целей, при которых в условиях местного края туристы часто становятся краеведами, а краеведы туристами. Туризм в большой степени способствует познавательному и исследовательскому краеведению, а краеведение обращается и к туризму как одной из весьма популярных и педагогически ценных форм”.) Жақсы ұйымдастырылған туристік-өлкетану жұмыстары оқушыларға терең білім береді, ой өрісін кеңейтеді. Туризм- бұл спорттық және денсаулықты сауықтыру негізінде оқу – тәрбие мақсатымен біріктірілген, жергілікті жермен танысу процесі бойынша мақсатқа жететін саяхат немесе жорық. Туристік жорықтарда оқушылар өзі тұратын елді мекен табиғатына бақылау жасап, адамдардың шаруашылық әрекетін анықтайды. Туризм өлкетанушыны өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелейді, бақылауға, жергілікті жерге бағдар жасауға үйретеді. Туризмнің экологиямен байланыстылығы қарапайым ережелердің сақталмауынан туындайды.мысалы: жас турист жорыққа шығу ережелерімен таныс болуы қажет, жорыққа шыққан кезде қоқысты кез келген жерге тастамау қажет, табиғатқа зиян келтіру арқылы сол жердің топырақ және өсімдік жамылғысын, кейбір топырақта мекендейтін жануарларға да зиянын келтіреді.
Туристік жорыққа шыққан әр жас турист өз артынан табиғатқа зиян келтіріп отырады, қарапайым өзін өзі ұстау ұстау ережелерін білмейді. Мысалы:сынған ағаш, құстың ұясы, балтамен шабу, ағашқа жазу т.б.
Туристік-өлкетану экспедициясының мәні зор. Оқушыны жеке тұлға ретінде педагогикалық тәрбиелеудің бір түрі экологиялық бағытта туристік өлкетану іс әрекеті арқылы жүргізіледі. Бұл экологиялық орталық, натуралистер, туризм және өлкетану орталықтары және т.б. мекемелер арқылы жүзеге асырылады. Турситік өлкетану әрекеті жеке тұлғаны дамытудың үйлесімді комплексті түрі. Ол оқушының табиғатпен байланысын, коллектившіл, қарым қатынас (общительность), қайсарлық (настойчивость), шешім қабылдағыш (решительность), шыдамдылыққа (терпеливость), дайындыққа (готовность), көмектесуге т.б. қасиеттерді дамытуға көмектеседі. Туристік өлкетану экспедициясы-экологиялық тәрбие берудің негізгі формасы ретінде дамиды. Зерттеудің міндеттері мынадай:1.туристік өлкетану экспедициясы экологиялық мәдениеттің қалыптасуының мүмкіндігін анықтау, 2.туристік өлкетану экспедициясының – экологиялық моделін құру, 3.туристік өлкетану экспедициясының экологиялық тәрбие беруді қалыптастыру және қолдану.