Жаратылыстану-математика факультеті деканы



бет44/78
Дата05.02.2022
өлшемі1,14 Mb.
#12728
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   78
Тақырып:Туристің құрал-жабдығы.

Дәрістің мазмұны


1.Құрал жабдықтарға қойылатын талаптар.
2.Жеке адамға, топқа арналған арнайы құрал жабдықтар.
Мақсаты: Туристтің құрал-жабдықтарымен танысу, пайдалана білуге үйрету
Тірек сөздер: шатыр, рюкзак, карабин, компас т.б.

Негізгі сұрақтар:Туристің құрал жабдығы дегенді қалай түсінесің?


1.Туристік құрал жабдықтармен сапалы түрде топтың немесе жеке туристің толық қамтамасыз етілуі туристік жорықтың өз дәрежесінде өтілуіне мүмкіндік береді. Туристік құрал-жабдықтар жеке туристке және топқа арналып беріледі. Туристік жорыққа дайындалу барысында жорық жетекшісі құрал-жабдықтардың түгел және нормаға сәйкестілігін анықтап, оның топ мүшерінің барлығының қамтамасыз етілуіне көз жеткізуі қажет. Туристік құрал жабдықтармен қатар кацеляр және шаруашылыққа қажетті жуғыш заттар, күрек, балта, балға т.б. заттардың алынуын қадағаланады. Туристік құрал жабдықтарға: туристік шатыр, асханаға қажетті ыдыстар, оларды ұстаттын түрлі бекіткіштер, техникалық құралдар (жіптер, карабиндер, сақтандырғыш жүйелер, топографиялық карта, компас, брезент қолғап т.б), фотоаппарат, гитара алады.
2.Жеке адамға қажетті құрал жабдықтар.

1.Рюкзак полиэтилен қабымен бірге

1 дана

2.Спальный мешок

1 дана

3.Кілемше

1 дана

4.Жеке заттарға арналған пакеттер

3-5 дана

5.Жаңбырға жамылатын бүркеме

1 дана

6. Қатты желге қарсы киетін костюм

1 дана

7. Жылы костюм

1 дана

8. Жылы күрте

1 дана

9. Ауыстыратын ішкі киім

3-4 комп

10. Көйлек

2 дана

11.Шорты, су шомылатын киім




12.Жүннен тоқылған жылы шұлық

2 дана

13.Мақтадан тоқылған шұлық

3-4 дана

14.Бас киім (малақай немесе фуражка)

1 дана

15.Күнге қарсы киетін көзілдірік

1 дана

16.Туристік ботинка

1 дана

17.Кроссовки, кеды




18. Жуынуға қажетті құралдар

1набор

19.Денеге және аяққа арналған сүлгі

1данадан

20. Кружка, қасық




21.Жеке пакет

1 дана

22.Сақтандырғыш жүйе

1 дана

23.Муфтасы бар карабин

2 дана

24.Репшнур диаметрі 6мм, ұзындығы 3м.

1 дана

25.Репшнур сақинасы диаметрі 6мм

2 дана

26.Компас

1 дана

27.Блокнот, қалам, қарындаш, сызғыш




28. Брезент қолғап

1 дана

Топқа арналған туристік құрал жабдықтар.



1. Негізіг жіп диаметрі 10-12 мм, ұзындығы 40см

2 дана

2.Қосымша жіп диамтері 6-8 мм, ұзындығы 60м

1 дана

3.Медициналық аптечка

1 набор

4.Ремнабор

1 набор

5. Сағат

2 дана

6. Муфтасы бар карабин

5 дана

7.Қадасы бар шатыр




8.Полиэтилен тентер, шатыр астына төселетін төсем




9.Отқа қажетті құралдар

1 комплект

10.Асхана үшін тент

1 дана

11.Тамаққа араналған ыдыс аяқ

1 комплект

12.Үккіш (Терка металлическая)

1 дана

13. Асханалық дастархан

1 дана

14.Балта

1 дана

15.Ара

1 дана

16.Қолшам (фонарь)




17.Фотоаппарат

1 дана

18.Бидон

2 дана

19.Су өткізбейтін қапқа салынған сіріңке




11 дәріс


Тақырып:Тамақтандыру.

Дәрістің мазмұны


1.Жорық кезіндегі тамақтандыруды дұрыс ұйымдастырудың маңызы.
2.Тамақтану режимі.
Мақсаты: жорықта туристің дұрыс тамақтануының маңызын айту
Тірек сөздер: энергия, каллория,
Негізгі сұрақтар: Туристің тамақтануының қандай ерекшелігі бар?
1.Жорықта тамақтану процесі – жорық категориясы мен ауданына, маусыммен туризм түріне байланысты. Таулы қарсыз аңғармен қозғалыс кезінде турист 2800-3150 ккал., техникалық қиын емес таулы учаскемен жүргенде 3400-4000 ккал., техникалық қиын таулы учаскемен жүргенде 4600-5600 ккал. энергия жұмсалатыны анықталған. Кейбір қиын таулы учаскелерде жорық 12-13 сағатқа созылып, энергия шығыны 7500-8000 ккал. жетуі мүмкін. Н.Ю.Завгарова анықтауы бойынша туристің тәуліктік рацион калориясы мынадай болуы шарт.




3 ретті ыстық тамақ %

2 ретті ыстық тамақ %

Таңертеңгі тамақтану
Тынығу кезіндегі тамақтану
Түскі тамақтану
Кешкі тамақтану

30
10-15

30-35
25



35
10-15

20-25
25



И.А.Верба ұсынған жас туристерге арналған туристің тәуліктік нормасы.



Тағам атауы

1 адамға арналған мөлшер, грамм есебімен

Ақ және қара нан
Печенье
Дақылдар, макарон
Концентратты каша
Сары май, өсімдік майы
Бұқтырылған ет
Қант
Конфет, халва, бал
Ысытылған ет тағамдары
Балық өнімдері
Бақша өнімдері
Сүт, сгущенка
Ірімшік (сыр)
Жеміс, кепкен жеміс
Кофе
Какао
Шай
Дәмдегіштер (бұрыш, лавр жапырағы,горчица)
Тұз



500
200
200-220
100-120
50-60
150
80-100
70-100
50
50
100,50
220,25-35
20-40
100,30
3
10
2
30-40
10-12

2. Тамақтану режимі.


8-9 сағат – таңертеңгі тамақтану
13-14 сағат түскі тамақтану
19.30-20.30 кешкі тамақтану.

12 дәріс


Тақырып:Туристердің өлкетанулық және қоғамдық жұмыстары.

Дәрістің мазмұны


1.Өлкетану жұмысын ұйымдастыру жолдары.
2.Табиғатты, табиғи ескерткіштерді қорғау.
Мақсаты: мектептегі өлкетану үйірмесінің маңыздылығын анықтау
Тірек сөздер: геология, геоморфология, климатология, топография, гидрология
Негізгі сұрақтар: Мектептегі өлкетану үйірмелерінің маңызы қандай?
1.мектепте өлкетану жұымысын ұйымдастыру оқушының білімін тереңдету мақсатында құрылады. Туристік өлкетану жұмысының мазмұны жалпы білім беретін мектеп бағдарламасына сәйкес болуы керек. Ұйыдастырылған үйірме 2 жылға есептеліп құрастырылады. Оқу-өлкетану жұмыстары кластан тыс уақытта өз өлкесін зерттеуге арналуы тиіс: 1.орман, топырақ, өзен т.б. тереңдете оқытылу керек; 2.фенологиялық бақылау ұйымдастыру керек; 3.өлкетану материалдарын безендіру; 4.зерттелетін аудан территориясын кеңейту; 5.үйірме көмегімен мектепке қажетті құралдар, көрнекілік жасауға болады. Мектепте өлкетану жұмысын дамыту барысында табиғатқа, өндіріс орындарына саяхат жасау көбейген. Өлкетану үйірмесінің маңыздылығы: 1.география сабақтарында өлкетану материалдарын пайдалану; 2.табиғатқа және өндіріске экскурсия жасау; 3.табиғат құбылысына ауа райы, су режимі т.б. бақылау жасау; 4.жергілікті жерде практикалық жұмыстар жүргізу; 5.өлкетану бұрышы немесе мектеп өлкетану мұражайын құру.
2.Мектептегі өлкетану үйірмелері мазмұны жағынан әртүрлі болады. Өлкетану үйірмелері балалардың ой өрісін кеңейтеді, үйірме жұмысы 8-10 класс оқушыларына арналады. Үйірменің негізгі мақсаты - туған өлкені толық жан жақты зерттеу. Үйірме жұмысыоқушының білімі негізінде, теориялық және практикалық білімдерін беркітіп, дамытады. Үйірме жұмысын ұйымдастыру кезінде үйірме тақырыбын анықтау керек. Мектептегі өлкетану үйірмелерін негізгі пәнмен байланыстыра отырып, геология, геоморфология, климатология, гидрология, топырақ географиясы, геоботаника, зоогеография, физикалық географиялық және экономикалық география секцияларына топтауға болады. Жалпы тақырыптық мазмұнда туристік өлкетану жұмысына байланысты “жас турист”, “тарихшы өлкетанушы”, “туристік жарыстың жас төрешісі” т.б. ұйымдастыруға болады.

13 дәріс


Тақырып:Топография және бағдарлау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет