Жаратылыстану-математика факультеті деканы



бет27/78
Дата05.02.2022
өлшемі1,14 Mb.
#12728
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   78

Дәрістің мазмұны


1.Туризм түрлері.
2.Туризм формалары.
Мақсаты: туризмнің классификациясымен танысу
Тірек сөздер:таулы, құрлықты-жазықты, жерасты, су, суасты, аралас т.б.
Негізгі сұрақтар:Туризмнің қандай формаларын білесің?
1. Туризм теориясы және практикасы туризмнің мынадай түрлерін анықтап бөлді:
1.саяхатқа шығу сипатына қарай, оған таулы (горный), құрлықты-жазықты (сухопутно-равнинный), жерасты (подземный, пещерный), су (водный), су асты (подводный), аралас (комбинированный).
2.қозғалыс түріне қарай, оған: жаяу жүріс (пешеходный), таулы-жаяу (горно-пешеходный), шаңғы (лыжный), велосипед, шлюпка немесе кішкене қайық, желкенді қайық (парусный), автомобиль, атпен жүріс (конный).
2.Туристік іс әрекеті мазмұны бойынша бірнеше түрлерге бөлінеді және олар бір-бірінен айырмашылықтары болады. Серуен (прогулка)- адамдардың денсаулығын сауықтыру, танымдық, организмді шынықтыру мақсатында жергілікті жерге шығу жатады. Адамның серуенге дайындығы, жыл мезгіліне қарай серуен жаяу, шаңғылы, велосипедті, қайықты деп бөлінеді. Бұл түр туризмнің ең қарапайым және ыңғайлы қысқа мерзімді форма болып табылады. Экскурсия –ғылыми немесе танымдық мақсатпен коллективпен белгілі объектілерге бару жатады. Экскурсия адамның ой-өрісін кеңейтіп, жалпы мәдени дамуын қамтамасыз етеді. Экспедиция – арнайы зерттеу мақсатымен аз зерттелген ауданға көп күндік саяхат ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады.Туризмнің жалпыға бірдей қолы жететін түрі жорық (поход). Туристік жорық – білім беру, денсаулықты сауықтыру, спорттық, зерттеу мақсатында жергілікті жерге белгілі қашықтыққа активті қозғалыс арқылы жүзеге асырылатын негізгі түр. Ұзақтығына қарай: жорықтар бір күндік, 2 күндік,және көп күндік деп бөлінеді.Аудан масштабына қарай жергілікті және алыс (дальние) жорық деп бөлінеді. Жергілікті туризм – жергілікті жер аумағында өтетін саяхат түрі. Мысалы: аудан, облыс, өлке. Алыс туризм – жергілікті жерден қашық жерде өтетін саяхат түрі.
Туризмді ұйымдастыруына қарай жоспарлы және өз күштерімен ұйымдастырылатын туризм (самодеятельный) деп бөледі. Жоспарлы туризмтуристік-экскурсиялық бюро, спрот клуб т.б. қоғамдық ұйымдардың ұйымдастыруымен өтетін бір немесе бірнеше күндік саяхат. Мұндай саяхатта ақылы төленетін жолдамамен, тамақ, транспортпен қамтамасыз етеді. Өз күштерімен ұйымдастырылатын туризм – туризмге қатысатын қатысушылардың өз бетімен ұйымдастыруымен өтетін көп немесе бір күндік саяхат.
Туризмнің мақсатына қарай танымдық, денсаулықты нығайту, спорт бағытында және үгіт насихат деп бөледі. Танымдық жорық – жергілікті жердің рельефін, климатын, флорасын, фаунасын, шаруашылығын зерттеу мақсатына бағытталған жорықтар жатады. Денсаулықты сауықтыру жорығы- организмді шынықтыру, дамыту, жұмыс істеу қабілетін арттыру, жақсарту үшін қажет. Спорттық жорық- адамның физикалық дайындығын жақсарту үшін қажет. Жаппай үгіт насихат жорығы – туризмді үгіттеу насихаттау барысында қоғамдық саяси ұйымдардың негізінде жасалады.

5 дәріс




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет