Тақырып:Жорықтарды дайындау және ұйымдастыру.
Дәрістің мазмұны
1.Жорықтың мақсаты мен міндетін анықтау.
2.Демалыс күнгі жорыққа арнайы дайындық.
Мақсаты: жорыққа дайындала және ұйымдастыра білу
Тірек сөздер: демалыс күнгі жорық
Негізгі сұрақтар: Жорықтың қандай түрлерін білесің?
1.Халықтың барлық жастық тобын қамтитын және ең қолайлы туризмнің түріне туристік жорық жатады. Жорықты дайындауда алдымен оның мақсаты анықталып, маршрут жасақталады. Жорыққа дайындалу бір апталық қарқынды дайындықты талап етеді. Жорық маршрутын жасақтаған кезде оқушының жасы, физикалық дайындығы, қызығушылығына көңіл бөлінеді. Жорықты алғаш ұйымдастыруда оның қашықтығы үлкен роль атқарады, егерде ұзақ уақытқа, қашықтыққа есептелген жорық болатын болса, ол оқушыны шаршатады және қызығушылығын жояды. Егер де мүмкіндік болса, жорықтан қайтар кезде автотранспортпен қайтқан жөн, бұл уақыттың тиімділігін арттырады. Жорықтың өтілу бағдарламасына жергілікті жерде түрлі ойын түрлерін, туристік жарыстар, спорттық, музыкалық қойылым конкурстар, от басында тамақ дайындау сияқты жарыстар енгізіледі. Маршруттың жалпы ұзындығына жорыққа шыққаннан бастап, қайтар жолды да есепке алады.
2. Демалыс күнгі жорыққа дайындық туристк-өлкетану дайындығынан өткен оқушылар мен инструктор басшылығымен жүреді. Жорыққа арнайы дайындық топтың құрал жабдықтарымен, киім кешекпен, құжаттармен қамтамасыз етілуі тиіс. Топтың құрал жабдықтарына жорыққа шығатын аудан картасы, компас, аптечка, сіреңке, фотоаппарат, от жағуға қажетті құралдар, қазан, темір ілгіштер, туристік жарысқа қажетті құралдар (жіп, карабин, брезент қолғап, т.б.) кіреді. Топтың киімі жыл мезгіліне және ауа райына байланысты қолайлы болуы тиіс. Жалпы киімдерден: тренивкалық костюм, бас киім, спорттық аяқ киім, жылы шұлық алынады. Мүмкіндік болса синтетикалық киімдер алмау керек. Топтың құжатына жорықты растайтын үлгімен жазылған маршрут қағазы, план-график, маршруттың схемасы кіреді. Жорыққа шығуға рұқсатты мектеп директоры береді. Жорықтан келгенде маршрут құжатына мектепке келгендігі жөнінде белгі қойылады. Жорықтың өтілу туралы жорық жетекшісі қысқаша есеп беріп, ол мектеп ішілік құжатта сақталады. Жиналған материалдар бойынша фотомонтаж жасалады.
№7 дәріс
Достарыңызбен бөлісу: |