Алғашқы бухгалтерлер ежелгі Үндістанда пайда болған. Олар ауыл шаруашылығындағы есеппен айналысып, «есепші» деп аталады. Ал «бухгалтер» мамандығы ресми түрде 15 ғасырда Максимилиан императордың тұсында пайда болды. Сол уақытта бухгалтерлік есеп бойынша бірінші кітап жарық көрді. «Есеп пен жазбалар» туралы кітабында италиялық Луки Пачоли бухгалтер ұғымына түсінік беріп, оның қызметі туралы сипаттама беруге тырысады. Көрші Ресейде бұл мамандық Бірінші Петрдің бұйрығымен 18 ғасырдың басында пайда болды
Арнайы келісім-шарт бойынша қызметкерлерге жалақы төлейді.
Салық және басқару есебін жүргізеді.
Салық есебін толтырып, арнайы қорға және салық инспекциясына жібереді.
Сондай-ақ ол компания қызметінің бағытына байланысты банктер және кредиттік ұйымдармен жұмыс жүргізеді. Егер компанияда бір ғана бухгалтер болса, оған бірнеше жұмысты әрі бас бухгалтер қызметін алып жүруіне тура келеді.
Штатында бірнеше мамандарға дейін ұстай алатын компанияларда әр бухгалтер тек белгілі бір мамандық бойынша жұмыс істейді. Бірі — касса мен жалақы төлеміне, екіншісі валюта операцияларына, үшіншісі басқа қызмет түрлеріне жауап береді. Ал олардың барлығының жұмысын бас бухгалтер қадағалап отырады. Бухгалтер әдетте, салық және қаржы заңнамасының, бухгалтерлік есеп пен салық саясатының барлық қыр-сырын білетін, компаниядағы беделге ие мамандардың бірі.