Шымкент облысы – бұл біріншіден қазақстандық мақта, қорғасын және фосфор, қаракөл, көкөністер мен жемістер, жүзім. Облыс орталығы – Шымкент – Қазақстанның ең ежелгі қалаларының бірі, ол ХІІ ғасырда Орта Азия мен Қытай арасындағы сауда жолы бойында пайда болды.
Шымкент – Қазақстанның ең оңтүстіктегі облыстық қаласы. Кішкене ауыл ретінде ол ХІҮ ғасырда, бәлкім одан да бұрын өмір сүрді. Сол заманның көптеген қалалары сияқты қала көп қиындықты бастан кешті. Оны Шыңғысханның ауыр қолы да басып алды, жоңғарлар қиратты, қазақ, Қоқанд, Хиуа және Бұхара хандары тонады. Қиратып тонағандары сондай ескі заман ескерткіштері сақталынып қалмады.
1864 жылы Шымкент Ресей империясына қосылып Сырдарияның уездік қаласы болды. Қала сыртындағы биік төбе басында шөп басқан біліктер бар, оны жағалай кең қазылған орлардың іздері жатыр. Бұл орыс әскерлері басып алған қоқандтықтардың қамалының орны. Қаланың өзінде Қамалды аларда қаза болған орыс әскерлеріне арналған ескерткіш тұр.
Қаланың архитектуралық ансамблінен діни культтің ғимараттары – мешіттер мен шіркеулер ерекшеленіп тұрды. Қалада темір жолы болған жоқ сауда көлігі түйе болды. Өмір ұзын балшықтан жасалған дуалдар артында жалғасып жатты. Қоғамдық орталық тек базар болды.
Қазан төңкерісінен соң қала бұрынғы атауын қайтып алды.
Шымкентке жақын жерде ертеректе Исфиджаб аталған ежелгі Сайрам қаласының қирандылары жатыр. Х ғасырдың теңгелерінде Сайрам монет ауласының таңбалары кездеседі, бұл Сайрам ірі экономикалық, діни және саяси орталық болғандығын куәландырады. Сақталған тұстарында мазарлар менмешіттер жетерлік.
Идрис-Қазы-Байзаби мешіті және Абдул-Әзіз-баба мазары сақталынып қалған, оны 1900 – 1910 жылдары қайта жөндеген және Базлак ата мешітінің мұнарасының қирандылары. Мирза Боб-ибн-Падша және Қарашаш Ана мазарлары назар аударуға тұрады.
Түркістанның ерекше сәулет және тарихи ескерткіші Ахмед Яссауи мавзолейі. Қаладан ондаған километр жерде мешіттің көгілдір күмбездері көрінеді. Көптеген ғасырлар бойы, 1868 жылға дейін бұл қала Яссы деп аталды, ал мешіт осы өңірдегі әулие атанған, ХІІ ғасырда өмір сүрген кісінің басына тұрғызылды. Оның толық есімі Қожа Ахмед Яссауи, яғни Яссыдан деген мағына береді. Мешіт Ақсақ Темірдің бұйрығымен, көшпенділерге алланың ұлылығын көрсету үшін салдырылған. Ол орта ғасыр ескерткіші, әлемдік деңгейде белгілі ескерткіш.
Шәуілдер аудан орталығынан 10км жерде бір кездегі атақты қала Отырардың қирандысы бар. Отырар туралы алғашқы жазбалар біздің дәуіріміздің ХІ ғасыры жазбаларында айтылады, бірақ адамдар ол жерді бұрын да мекендеген. Мұнда Х ғасырдың атақты философы Әбу Наср Мұхаммед бин Мұхаммед Тархан әл-Фараби өмір сүрген.Әбу Наср өз мүдделерінің жанжақтылығымен нағыз энциклопедист: философ, ақын, композитор, лингвист, математик, дәрігер, агроном, ботаник, осы айтылған ғылымдардан трактаттардың авторы. Аристотельді бірінші мұғалім деп есептеген замандастары оны Екінші мұғалім деп атаған.
Отрардың тағы бір ғажайыптарының бірі кітапхана, онда 33 мың «сақтау бірлігі», вавилондық балшық табличкаларға жазылған және Мысырдың папирусқа жазылған орамалары және Фарабидің трактаттары болған. Көптеген куәландырушы замандастарының айтуынша Отырар кітапханасы қоложазбаларының байлығымен сол кездегі ең атақты кітапханалар – Александрия және Карфаген кітапханаларынан кем түспеген.
Жамбылдан 18 км жерде Головочаевка ауылында, төмпе басындағы кішкене тоғайшада екі ірі сәулет ескерткіштері – екі әйелдің бейіті: Айша-бибі мен Бабаша қатын мазары бар.
Бабаша қатын мазары өте ежелгі (ХІ ғ.). Екінші мазар – Айша бибінікі (ХІ-ХІІ ғғ). Қазіргі уақытта әйнек футляр ішіне салынған және ЮНЕСКО БҰҰ-ның есебінде тұр. Мазар түрлі терракот плиткалармен қапталған және тек ежелгі сәулет өнерінің әлемдік шедеврлері Бұхарадағы Исмаил Самани мазарымен теңдесе алады.
Бабаша қатын мазары күйдірілген кірпіштен қаланып өте жақсы сақталған. Бұл ертеараханидтер кезеңінің ескерткіші , өзінің сирек құрылысы шатыр тәрізді күмбезді және ол он алты қабырғалы барабан үстіне орнатылған. Мазардың бас қасбеті бар оның ортасында дөңгеленген шошақ арка қабірге кірер есікті әшекейлеп тұр. Арканың екі жағынан жіңішке биік декоративті қуыстар орналасқан, мазар қабырғасы кірпішпен фигуралы түрде қаланған. Парапеттің жоғарғы бөлігінде араб тілінде рельефті орындалған жазу көрінеді.