Жаратылыстану-математика факультеті деканы



бет43/78
Дата05.02.2022
өлшемі1,14 Mb.
#12728
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   78
Тақырып:Турист гигиенасы.

Дәрістің мазмұны


1.Туристің жеке гигиенасы.Медициналық қаралудың мәні.
2.Алғашқы көмек көрсетудің маңызы.
Мақсаты: Турист гигиенасының маңыздылығымен танысу
Тірек сөздер:жарақат, күю, сыну, созылу, қан кету, массаж

Негізгі сұрақтар: Турист гигиенасы не үшін қажет?

1.Туристің жеке басы гигиенасы - әртүрлі аурулардың алдын алу, сергектікті және көтеріңкі көңіл күйді сақтайтын маңызды нәрсе. Туристік жорықтарда турист міндетті түрде аяқ тазалығын сақтаған жөн, демалған кезде аяқ терісін қарап, терінің зақымданған жері жері болса йодпен немесе зеленкамен сүрту керек. Ертесіне сол жерді қайтадан өңдеп, лейкопластырь жапсырады. Егер мүмкіндігі болса демалған кезде ботинканы, шұлықты шешіп, аяқтың демалуына жағдай жасайды. Қайта киер алдында арнайы аяқты терлетпейтін сұйықтық, мазь және т.б. дәрі дәрмекті пайдаланған жөн. Күндізгі жорық аяқталғаннан кейін аяқты сабынмен жуып, таза шұлық кию керек. Міндетті түрде аяқ және қол тырнақтарын алып тұру керек, тырнақ астында кірдің жинақталуы әртүрлі ауруларға әкелуі мүмкін. Ірінді ауруларды алдын алу үшін кешкі демалыста денені сабынмен жуып, таза іш киім киіледі. Жорықтан кейін сыртқы киімдердің шаңын қағып, аяқ киімнің бүтіндігін тексеру керек, аяқ киімді от жанындакептіруге тиым салынады, себебі аяқ киімөзінің жұмсақтығын жойып, қатайып кетуі мүмкін. Бет, мойын, құлақ терісін күтуде күнге, аязға, желге қарсы қолданатын кремдерді пайдаланады. Жазда киетін бас киімнің жиегі үлкен болуы керек, себебі күннен мойын, құлақтың күюін сақтайды. Туристік жорықтарда көбінесе шаршағанды басатын өзіндік массаж жасалу керек. Оның мынадай түрлері бар: сипау (поглаживание) қан айналымын реттейді, ысу (растирание), сығу (выжимание), босату (разминание), қағу (потряхивание).


2. Жаяу жорық түрінде көбінесе аяқ жарақаттанады, көбіне қажалып немесе буын (тізе, қол, тобық) аурады. Жорық кезінде қолдың жарақаттануы – жырып алу, теріні сыдырып алу, жарық, буынның созылуы т.б. болады. Кейбір жағдайда арқаның терлеуі, арқа бұлшықеттерінің созылуы болады. Суға бату – асфиксия болуы да мүмкін. Қысқы жорықтарда көбінесе құлау кезінде буынның зақымдануы, саусақтардың, құлақ, беттің үсуі болады. Отпен, ыстық тағамммен күю сирек болады. Таулы аудандардағы жорықта алатынжарақаттар: терінің қажалуы, алақанның күюі, арқа бұлшық еттері, бас сүйегінің, ішкі органдарының зақымдануы, сүйектің сынуы, көз аурулары (күнге байланысты) кездеседі. Велосипедті жорықтарда жамбас сүйектері, қол сүйектері, буын созылуы, көздің шаңмен толуы т.б. байқалады. Туристерге күйген кезде, асқазан ішек аурулары, жарақат, тыныс алу жолдары қабынған кезде, қан тоқтату кезіндегі алғашқы көмек көрсету және құтқару жұмыстары жүргізіледі.
10 дәріс


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет