2.Мектептік өлкетану мұражайы.
Мақсаты: Өз өлкесін оқыту формасының әдістерімен танысу, мұражай бөлімдерімен танысу
Тірек сөздер: анкеталық, картографиялық, статистикалық, сипаттау
Негізгі сұрақтар: Өз өлкесін оқытудың қандай түрлерін білесің?
1.Г.Ю.Грюнберг жергілікті жердің радиусы 5-7 км аспайтын, орталығында мектеп немесе ауыл орналасқан территорияның шекарасын ұсынды. Ал облыстың әкімшілік территориясы өлкетану негізіне жатады және оған арнайы сағат бөлініп, мектепте оқытылады. Географияны оқытуда өлкетану принципін жүзеге асырылуда, туған жер туралы мәліметтерді жинақтау, территорияны жоспарлы зерттеу, оларды ғылыми өңдеу және жүйелеу арқылы жүргізіледі. Туған өлкені оқытудың 2 негізгі әдісі бар: жалпы оқыту және маңыздылығы бар учаскені оқыту.
2. Мектептегі өлкетану принципіндегі мұражай жергілікті жердің географиялық материалдарын жинақтауынан, оны жүйелеу барысында оқу-тәрбие жұмысында пайдалану негізінде құралады. Мектептегі өлкетану мұражайында өлкенің табиғаты, тарихы, экономика, мәдениеті туралы жинақталады: 1.жинақталған материалдар мазмұны жергілікті жер туралы дәл ақпарат беруі тиіс; 2.мектеп мұражай жәдігері (экспонаты) сабақ өткізуге көмектесуі керек; 3.Мектептегі өлкетану мұражайының қалыптасуы мектеп ішіндегі өлкетану жұмысының өлкетану принципі мен әдісін көрсетіу керек. Өлкетану мұражайының міндеті- жергілікті жердің тіршілігін жан-жақты көрнекті етіп көрсету. Табиғм жәдігер, карта, иллюстрациялық материалдар, құжаттар көшірмесі, кітаптар және т.б. жекелеген бөлімдерге қойылады. Мектептегі өлкетану мұражайы бөлімдері: 1.жергілікті жерді зерттеу 2.Біздің мектеп 3.Туған өлке табиғаты 4.Туған өлкетану тарихы 5.Туған халқы 6. Туған өлке шаруашылығы 7.Туған өлке мәдениеті.